Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері «даналыққа құштарлық» деп анықталып келді. Платон «….геометрия ж\е басқа философиялар » деген сөздерінде философия ұғымын «ғылым» сөзінің мағынасына жақын қолданды. «Даналыққы құштарлық» деп аталатын философияда: « Құштарлық» белгілі нәрсеге таңдануды , өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңнен мойындауды ж\е басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар ,»өзге» үшін «өзіңді ұмыту» , өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Философия дегеніміз адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуге көмек беретін ғылым. Дүнитаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады,қоғамның тарихи тәжірибесіне ,оның мәдениетіне сүйенеді,әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді.Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі-ф/ны қажет етеді.Дүниедегі өзінің орны туралы,жеке ж/е қоғамдық өмірдің мақсат мүдделері туралы,өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана отырып адам белгілі бір ф/қ көзқарастар қалыптастырады.Өзінің мәдени деңгейіне байланысты,арнаулы ж/е жалпы білім дәрежесіне орай,әр түрлі өзара әнгімелесудің әсерімен ж/е бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарды жинақтай отырып,ол өзінің жеке өмірлік ф-н,жүйелі ж/е ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын қалыптастырады.Философиянық білімді жіктеуде көптеген әдіс тәсілдердің бар екендігін ескерткеніміз жөн. Мысалы, философиядағы ең кең танымалы – теориялық фил\сы ж\е практикалық фил\сы. 1 шісіне болмыс теориясы (онтология) мен таным , білім теориясы (гносеология) жатады.2-ң өзегін , ең алдымен , этика құрайды, оған құқық фил\сы, тарих фил\сы ж\е т.б жатқызылуы мүмкін. Табиғат болмысына қатысты, ондағы «заттар» мен үрдістерге қатысты білімнің ерекше саласы – натурфилософия.Ал табиғаттағы адам болмысы,оның іс-әрекетіне қатысты ф/қ білім шеңберңнде натурфил\мен қатар ф/қ антропология,яғни техника ф/ясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты ж/е өмір сүруде. Өз кезегінде бірнеше «әлемдерге» бөлінетін адамзат рухының болмысына қатысты философия мынадай салаларға бөлінеді: мысалы, дін ф, этика ,эстетика ,рух феноменологиясы , фил\лық герменевтика, жаратылысы жағынан фил\лық болып табылатын психология ж\е риторика, ғылым ф\сы ж\е де фил\лық антропология , онтология ,гносеология. Философия болмыстың мәнін осылай игерумен адамның әлемге қатынасының мәнін ж\е ондағы адамдық мәнділік орнын танымен айналысады.
Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды деген ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай бағыттарын ажыратамыз:
1 Ежелгі ойшылдардың материализімі (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).
2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро т.б.)
3 Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).
Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.
1 Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)
2 Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).
Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метофизика диалектиканың негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс принципі философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және методолоиялық.
Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген. Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден туындағандығы.
Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.
Философия пәнінің қайнар көзі – жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның Дүние мен адам және олардың ара-қатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда, homo sapіens (саналы адам) Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.
Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көп қырлылығын көреміз.
Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр-сырын атап өтуіміз керек (ontos – грек сөзі, барлық, болу; logos – ілім, болмыс жөніндегі ілім). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Дүниенің негізінде не жатыр? Ол шектелген бе, я болмаса шексіз бе? Мәңгілік, я уақытша ма? Дүниенің өмір сүруінің ішкі мақсат-мұраты бар ма, ол не үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды? Адам болмысының мәні неде? Қоғам болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с.
Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері – ол оның гносеологиялық жақтары (gnosіs – грек сөзі, -тану, білу). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Біз кімбіз және Дүниедегі алатын орнымыз қандай? Адамның ақыл-ойы мен зердесінің табиғаты неде және ол Дүниенің ішкі сырын аша ала ма? Ақиқат, шындық дегеніміз не? Сезімдік пен ақыл-ойдың ара қатынасы қандай? т.с.с.
Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі — ол оның аксиологиялық, яғни, құндылық жақтары. құндылық әлемін сараптау. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, философияда мына сұрақтар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам өміріндегі еріктік, әділеттілік, теңдік, жақсылық, өлшем, парасаттылық т.с.с. құндылықтар қандай орын алады? т.с.с.
Философия пәнінің келесі жағы – ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері (praktіcos – грек сөзі – белсенді, іс-әрекетшіл; pragmatos – грек сөзі, -іс-қимыл). Өйткені, адам Дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрынғы-соңғы болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады. Кең түрде алғанда, философияның праксеологиялық мәселелеріне бүкіл адамзат тарихындағы материялық және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжрибесі, соларға жеткізген сан-алуан адамдардың табиғатпен және өз-өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Адам, әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниесезімі мен оның іс-әрекет белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі болатын оның қажеттіліктерінің табиғаты неде? Мақсатқа лайықты іс-әрекет деп нені айтамыз? Адамның іс-әрекетінде мақсат-мұрат пен соған жеткізетін құралдардың ара-қатынасы қандай? Адам өзінің іс-әрекеттерінен шығатын Дүниеге тигізетін барлық салдарды ескере ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты өзгертуі керек және де сол өзгертуде қоғам мен басқа тіршіліктің ара-қатынасы қандай болмақ?, — т.с.с. сұрақтар философияның праксеологиялық мәселелеріне жатады.
Ең соңында біз философия пәнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, телегей-теңіз сезімдер, рухани толғау тудыратын жағын атап өтуіміз қажет. Ол Дүниенің өзін-өзі танып білу дәрежесіне көтерген ең әсем күш – адам.
Адам мәселесі әсіресе ХХ ғасырдағы ойшылардың философиясында аса үлкен орын алды. Адам – кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді? Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы неде? Ол өлімнен аттап өтіп өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа рухани пәнделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің антропологиялық жағын көрсетеді.
Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын. Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген ертедегі грек ойшылардың ойында үлкен сыр жатса керек.
Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен өте тығыз байланысты болып белгілі біртұтас жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарын толыққанды суреттей аламыз.
Алайда, әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе, оны зерттеудегі ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы мүмкін. Әдетте солай болады да. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері көбінесе болмыс философиясына (онтология), тәрбие мәселелерімен айналысатындар адам және құндылық философиясына (философиялық антропология мен аксиология), логика және математика салаларының өкілдері — таным философиясына (гносеология), өндіріске жақын әр-түрлі техникалық мамандар иесі – іс-қимыл философиясына (праксиологиялық философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін. Өйткені, атап өткен философия салалары олардың мамандығына, білім ерекшелігіне сай келеді. Бірақ, мұның өзі философияның басқа салаларын да ешқашанда естен шығармай, әрқашанда олардың өзара бір-бірімен байланысын мен біртұтастығын ескеріп отыруды талап етеді. Сонда ғана біз философиялық ой-өрістің шеңберінде боламыз. Егерде біз философияның белгілі бір саласын толығынан бөліп алып қарасақ, онда ол бірте-бірте жеке ғылымдар саласына қарай жылжып, өзінің философиялық қасиеттерінен айырылып, жеке ғылымдар саласымен сіңісіп кетуі мүмкін. Философия өз-өзін сақтап қалу үшін “Адам мен Дүниенің² шегіне жеткен ең жалпы қарым-қатынастарының шеңберінде әрқашанда болуы керек. Бұл философияның ерекшелігі оның негізгі мәселесін шешу арқылы анықталады.
Бүгінгі таңда жаңарудағы қоғамның философиялық-әлеуметтік мәселелерін қою және шешу жолында бұрынғы кеңестік қоғамның идеологиялық негізі болған марксизмді сырттату жолында философияның негізгі мәселесін де жоққа шығарғысы келетін пікірлер аз емес. Әрине, маркстік философияның шеңберінде “негізгі мәселе² тек қана диалектикалық материализмді дәріптеуге, қалған философиялық бағыттарға “бейғылымдылық² баға беру жолында пайдаланылды.
Бірақ, соған қарамастан, біз философияның негізгі мәселесі марксизмнің ойлап шығарған “жалған мәселесі² деген ойдан алшақ болуымыз керек. Өйткені, философия дүниеге келісімен-ақ оның шеңберінде әр-түрлі бір-біріне қарсы бағытталған ағымдар пайда болды.
Философиядағы әрбір дүниеге деген көзқарастың негізінде осы пәннің негізгі мәселесінің шешімі жатыр.
Философияның негізгі мәселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. Дүниенің біртұтастығын, бірлігін ой-өрісімен қамту үшін біз бірнеше сұраққа жауап беруіміз керек. Ол – Дүниенің алғашқы негізгі субстанциясы неде? (substantіa – латын сөзі, -негізінде, астында жатқан).
Екінші жағынан, бұл Дүниені ең шегіне жеткен жалпылық тұрғысынан алып қарағанда, онда біз екі-ақ құбылысты табамыз — оның бірі материя (materіa – латын сөзі, -зат) – табиғат заты, екіншісі – сана – адамның ішкі жан-дүниесі, рухы.
Жалпы айтқанда, жоғарыда көрсетілген үш ұғымда Дүниені зерттеудегі негізгі үш идея берілген. Ол – Дүниенің бірлігі, екіншіден – оның заттық субстраты (substratum — негіз), үшіншіден – адамның өз ішінен табатын материалдық емес рухани тебіреністері.
Келесі ерекшеліктері – бұл ұғымдардың метафизикалық табиғаты, — яғни оларды жеке ғылымдардағы ұғымдар сияқты тәжірибе арқылы тексеру мүмкін емес, өйткені, олар бүкіл әлемді өз мазмұнында қамтуға бағытталып, бүкіл адамзат тәжірибесінің сыртына шығып, тек болжамдық мағнаға ғана ие болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Мырзалы Серік.Философия.-Алматы: «Бастау»,2008.-644б.
- http://mylektsii.ru/9-79739.html
3.http://euko.kz/publ/referaty_na_kazakhskom_jazyke/filosofija/filosofijany_negizgi_m_selesi_birinshi_zha_y/34-1-0-870
- http://aesa.kz:8073/books/%7BCA61E70F-4E30-4478-B417-282FB0AB1A2C%7D/kon-lek.htm