АЛДАБЕРГЕНОВ Нұрмолда 

АЛДАБЕРГЕНОВ Нұрмолда (20.12.1906, қазіргі Алматы обл. Кербұлақ ауд. Қарағаш а. Желдіқора қыстауы — 17.11. 1967, қазіргі Алматы обл. Көксу ауд. Мұқыры а.) — ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы, қоғам қайраткері, 2 мәрте Соц. Еңбек Ері (1948, 1958). Түркістан — Сібір т.ж— н салуға қатысқан (1927 — 30), “Жаңа талап” ұжымшарында колхозшы (1930 — 33), бригадир (1934), осы ұжымшардың төрағасы (1935 — 42, 1945 — 49) болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1942 — 45). 1950 — 1961 ж. Сталин атынд. (кейін Н. Алдабергенов атынд.) іріленген ұжымшардың, ал 1965 — 67 ж. Карл Маркс атынд. ұжымшардың төрағасы болып істеді. 1942 ж. ол басқарған ұжымшар еңбеккерлері қант қызылшасының әр га-нан 365 ц, астықтың әр га-нан 13,7 ц өнім жинады. Ал қант қызылшасы егілген жеке тәжірибе учаскесінің (10 га) әр га-нан 834 ц түсім алды. 1947 ж. А-тің бас қаруымен Жетісу өңірінде тұңғыш су электр ст. салынды. Мұқыры ауылында тұрғын үйлер, орталық мәдениет үйі, тұрмыс қажетін өтейтін орта- лық, сауда орталығы, балалар бақшасы, орта мектеп, аурухана құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Ол а. ш-нда егіншілік мәдениетін арттыру және мал тұқымын асылдандыру ісінде ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибені өндіріске батыл енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізді, сөйтіп ұжым экономикасын күрт жоғары көтерді. Ұжымшарда озат тәжірибе мектебі тұрақты жұмыс істеді, асыл тұқымды мал фермалары құрылды, ауылда қала үлгісінде құрылыс салу тұңғыш жүзеге асырылды. Талдықорған қ, мен Қарабұлақ а-ның орталық көшелерінің біріне, “Шұбар” мектебіне А. есімі берілген. А. екі рет Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, 6 рет Халық ш. жетістіктері көрмесінің Үлкен Алтын медалімен марапатталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *