АЛҒЫ СӨЗ

АЛҒЫ СӨЗ — белгілі бір шығармаға арналып жазылған түсініктеме. Негізгі мәтіннің алдынан беріледі. Автордың өмірі, шығарманың мақсаты, түрі, жазылу себебі, құрылысы, маңызы, т.б. жөнінде мәлімет келтіріледі. Кімнің жазғанына байланысты А. с- ді түрлендіріп беруге болады (“Редактордан”, “Автордан”, “Құрастырушыдан”, “Аудармашыдан”, “Баспадан”, т.б.). А. Жұбановтың “Құрманғазы” монографиясына (1960), С. Мұқановтың “Мөлдір махаббат” романына (1959), М. Мақатаевтың “Қош бол, махаббат” кітабына (1988) жазылған А. с. таңдаулы үлгіге жатады. Кейде А. с-дің міндетін соңғы сөз атқарады. Әдеби шығарманың беташары секілді берілетін алғы сөзді а ң д а т у деп атайды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *