АЛҒЫС — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. А-ты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім А. алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп А. алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. А-қа қарсы мағына — қарғыс.