АЛҒАШҚЫ КӨМЕК — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апатқа әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, қүю, үсу, электр тогы соғу, т.б. жатады. А. к-тің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды қауіп әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел мед. көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.