АЛҒАШҚЫ АУЫЗДЫЛАР (Protostomia)

АЛҒАШҚЫ АУЫЗДЫЛАР (Protostomia) — көп клеткалы қос жақтаулы симметриялы жәндіктердің бір тобы. Олардың бұлай аталуы алғашқы ауыз жасуының дами келе ауыз қуысына айналуына байланысты. А. а-дың көпшілігі теңізде, аздаған түрі тұщы суда, топырақ арасында тіршілік етеді. Бұларға жалпақ құрт, жұмыр құрт, буылтық құрт, буынаяқтылар, ұлулар жатады. Қазақстанда А. а-дан кірпікшелі құрттар, сүліктер, тоспасу ұлулары, су шаяндары, өрмекшілер, т.б. ұсақ жәндіктер тіршілік етеді. Дене тұрқы 2 — 3 мм-ден 50 — 60 см-ге дейін, өте ірі түрлері 30 м-ге дейін болады. А. а. — жұмыртқасының спираль бойынша бөлшектенуімен, денесінің ауыз қуысына қарама- қарсы ұшынан анус сандауының ашылуымен, мезодерманың телобластық (ұрықтың 2 немесе бірнеше клеткасы) құрылуымен, денесін қатайтатын хитинкутикула, бақалшақ түріндегі сыртқы қаңқасының болуымен ерекшеленеді. Осыған орай А. а-дың табиғатта өз орны бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *