Білім  берудегі  психологиялық  қызметтің  міндеттері

 

     Баланың  дамуына  бағыттылық  білім  берудегі  психологиялық   қызметтің  негізгі  міндеттерін   анықтайды:  1) балалармен  жұмыс   істедегі  реализациясы  әр  жастағы   дамудың  мүмкіншіліктері,  резервтері;  2) баланың  жеке  дара  ерекшеліктерінің  дамуы  —  қызығушылығы,  қабілеттілігі,  бейімділігі,  сезімі,  қатынасы,  құмарлығы,  өмірлік  жоспар  және  т.б.;  3) баланың  дамуына  қолайлы  психологиялық  климатты  құру (бала  бақшада,  интернатта,  мектепте  және  т.б.),  бір  жағынан,  балалардың  ересектермен  және  құрбыларымен  продуктивті  қарым-қатынас  ұйымдастыруымен,  екінші  жағынан,  оған  тұлғалық  маңызды  болып  келетін  іс-әрекетте  әр  балаға  онтогенездің  барлық  кезеңдерінде  табыстылық  жағдайын  құрумен  анықталады;  4) балаларға,  сонымен  қатар  олардың  ата-аналарына,  тәрбиелеушілеріне, мұғалімдерге  өз  уақытында   психологиялық  көмек  көрсету.Білім  берудегі  психологиялық  қызметтің негізгі  мақсатына жетудің  ең  басты  құралы  әр  баланың толыққанды  психикалық  және  тұлғалық  дамуын  қамтамасыз  етуші психологиялық шарттарды құру  және  сақтау  болып табылады.  Бұл шарттарды бұзу  баланың өз  уақытындағы жастық  және  жеке  дара  мүмкіншіліктерінің  реализациялануына  кедергі  жасайды,  бұл  олардың  психологиялық  денсаулығының  нашарлауына  әкеледі  және  олармен  коррекциялық  немесе  арнайы  дамытушы  жұмыстардың  қажеттілігін  шақырады.

     Айтқанды  қорытындыласақ.

     Білім  берудегі  психологиялық  қызмет  —  елдег  білім  беру  жүйесінің  толыққанды  компоненттерінің  бірі.  Оның  мақсаты  мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  балалардың  психологиялық  десаулығы  болып  табылады;  негізгі  міндеті  —  мектепке  дейінгі  және  мектептегі  балалық  шақтың  барлық  жастық  баспалдақтарындағы  баланың  психикалық,  психофизиологиялық,  және  тұлғалық  дамуына  көмектесу;  ең  басты  құралы  —  жеке  даралықта  дамудың  мүмкін  болғанға  сәйкес  келетін  онтогенез  кезеңіндегі      кепілдікті  реализациялау  үшін,  баланың  әр  жастық  периодты  дұрыс  өтуге  қолайлы  психолого-педагогикалық  шарттарды  құру. 

 

Қолданылған  әдебиет:

  1. Овчарова Р.В.

     Практичесғкая  психология  образования:  Учеб. Пособие для  студ. Психол. Фак. Университетов.-М.:Издательский  центр «Академия», 2003. – 448 с.

  1. Практическая  психолог

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *