Психологиялық және педагогикалық қарым-қатынас

 

Мақсаты. Магистранттарға психологиялық және педагогикалық қарым-қатынас оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Педагогикалық қарым-қатынас — білім беру үдерісі субьектілерінің өзара әрекет жасау формасы ретінде. Қарым-қатынастың қызметтері және қүрылымы. Қарым-қатынас кезіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі. Эмпатия жэне рефлекция. Қарым-қатынас барысындағы кері байланыс. Қарым- қатынас үдерісіндегі адамдарды тыңдай алу қабілеті. Тыңдай алу техникалары жэне түрлері.

2.Педагогикалық қарым-қатынас қызметтері жэне сипаты. Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас кедергілері.

3.Педагогикалық қарым-қатынастағы конфликтология негізі. Конфликт туралы түсінік жэне оның негізгі қызметтері. Конфликт теориясы. Конфликт қүрылымы. Конструктивті жэне деструктивті конфликтілер. Конфликтінің субъективті жэне объективті себептері. Конфликтінің дамуы. Конфликтіні жеңу жолдары. Конфликтіні болдырмаудың тікелей жэне жанама әдістері. Конфликт адекваттылығы мэселесі. Конфликтілі жағдайлардағы оқыту үдерісін басқару.

 

Қарым-қатынас ұғымы пәнаралық ғылыми категория. Бұл ұғымды философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар қарастырады. ХХ ғасырдың 60-жылдардың соңында әлеуметтік және педагогикалық психология ғылымдарының тоғысында “педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды.

ХХ ғасырдың 70-жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В.В. Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.

ХХ ғасырдың 80-жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті. Педагогикалық қарым-қатынас “педагогикалық шеберлік” пәнінің аясында оқытылды.

Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.

Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.

Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің әлеуметттік нормативті формасы.

Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру құралы қызметін атқарады.

Қарым-қатынастың құрылым үш бөліктен құралады: қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті жағы. Коммуникативті жағы қарым-қатынасқа түсушілер арасында ақпарат алмасу қызметін атқарады. Ал интерактивті жағы қарым-қатынасқа түсішлер арасында бірлескен өзара әрекетесу тән. Перцепциялық жағы қарым-қатынасқа түсушілердің өзара қабылдауын, түсінуін, бағалауын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынастың барлық құрамадас бөліктері өзара байланысты, біртұтасықта жүзеге асады. Тиімді ақпарат алмасу бұл сәттілікке жетейтін бастау. Дұрыс әрі нақты өз ойын жеткізе білу, тыңдай білу – бұл қарым-қатынастың коммуникативті жағының құрамдас бөліктерінен тұрады.

Қарым қатынас барысында педагогтың оқушыны тыңдай білуі де маңызды роль атқарады. Тыңдау әдістері екіге бөлінеді: рефлексивті және рефлексивті емес. Рефлексивті емес тыңдау әріптестің сөзіне аз араласуды, оны зейін қойып тыңдауды қажет етеді.

Рефлексивті тыңдау бірнеше тәсілдерден құралады: анықтау, сезімді білдіру, резюмелеу (түйіндеу), қайта өзгертіп айту.

Мұғалімнің қарым-қатынасының кәсібилігі қарым-қатынас кезінде кездесетін қиындықтарды жеңіп, оқушыларға сенімділік ұялатып, тең қарым-қатынас орната алуымен сипатталады. Мұғалім үшін қарым-қатынастың тиімділігі – тәртіпті сақтап тұру емес, олардың ойлауын ынталандыру, ізденімпаздығын арттыру болып табыалды.  

Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:

—   Ақпаратты беру іскерлігі;

—   Оқушы жағдайын түсіну;

—   Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;

—   Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі;

—   Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.

Қарым-қатынастың кезеңдері:

  1. Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау кезеңі);
  2.  Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) – “коммуникативті шабуыл”
  3. Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
  4. Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.
  5. 1.Қарым-қатынасты модельдеу кезеңі  барысында жүзеге асады:

— тақырыпқа қатысты материал сұрыпталып, сабақтығ мақсаты мен міндеттерді анықтайды;

— Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады;

—  Педагогикалық міндеттер коммуникативті міндеттерге ауыстырылады.

  1. Қарым-қатынасты ұйымдастыру — «коммуникативті шабуыл» кезеңінде жүзеге асады:

— сыныппен бастапқа байланысты ұйымдастыру;

— сыныптағы әлеуемттік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, «біз» деген ортақ сезімді қалыптастыру;

— сыныппен тұтастай байланыс жасауды ұйымдастыру;

— өзара әрекеттің сөздік және жазбаша құралдарын жүзеге асыру, мимиканы, көзқарас байланысын барынша енгізу;

  1. Педагогикалық қарым-қатынасты басқару кезеңінде:

— коммуникативті міндеттер шешіледі;

— оқушылардың зейіндерін шоғырландырады;

— қарым-қатынас жасап отырған оқушылардың мінездеріндегі жеке типологиялық ерекшеліктерді ескеру;

 Педагогикалық тәжірибені талдай отыра тәрбие және оқыту міндеттерін шешуде туындайтын қиындықтар қарым-қатынасты дұрыс орната алмаудан туындайтынын көрсетеді.

  1. Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді шешу үшін оны модельдеу

— қарым-қатынастың басым және осал жақтарын айқындау, кеткен кемшіліктердің себептерін анықтау;

— өз іс-әрекетін талдау, оқушылардың әрекетіне қаншалықты қанағаттанғандығына талдау жасау;

— болашақтағы қарым-қатынасты модельдеу және т.б.

Педагогикалық қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтар:

—   Байланыс орната алмау:

—   Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;

—   Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;

—   Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;

—   Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас коммуникативті міндеттер түрінде жүзеге асады. Коммуникатвті міндеттер дегеніміз бұл коммуникация тіліне аударылған педагогикалық міндеттер. А.А.Леонтьев коммуникативті міндетті проблемалық ситуацияларды бағыттау нәижесі деп анықтап, оның мақсаты серіктеске әсер ету дейді.

Коммуникативті міндеттерді атқару төмендегі мақсаттарды көздейді:

—         Оқушыларға ақпарат беру;

—         Оқушыларға әсер ету; әрекетке ынталандыру.

Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері:

1) қарым-қатынас жағдайына бағытталу;

2) зейінді аудару;

3) объектінің “жанын жаулау”;

4) вербальды қарым-қатынас орнату;

5) эмоциональды және мазмұнды кері байланысты ұйымдастыру

Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері де сана алуан. Педагогикалық қарым-қатынастың мынадай түрлері болады  

Қарым-қатынас тиімді орнауы үшін оның құрылымына талдау жасаған дұрыс. Сызба 10. педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы көрсетілген. Қарым-қатынас коммуникативті, интерактивті, перцептивті құрылымдардан тұрады. Коммуникативті жағы бұл қарым-қатынасқа түсушілермен байланыс орнату іс-әрекеті, яғни оқушылармен алғашқы байланыс орнап, олармен қарым-қатынас жасалады. Интерактивті жағы  қарым-қатынасқа түсушілермен кері байланыстың орнауы, олардың өзара әрекеттестік жасауымен сипатталады. Перцептивті жағы бұл қарым-қатынасқа түсушілерді қабылдауы, оларды түсіну, олардың орнына өзін қоя білу іс-әрекетімен сипатталады. мұғалім қарым-қатынаста тиімді болуы үшін осы аталған құрылымдардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

  Педагогикалық қарым-қатынас бірнеше функция атқарады: білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Әдебиеттерде әлеуемттік, психологиялық және инструментальды функциялары да көрсетілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *