АЛҒАШҚЫ АДАМДАР ТОБЫРЫ

АЛҒАШҚЫ АДАМДАР ТОБЫРЫ — адамдардың тас дәуіріндегі тіршілік үшін бірлесіп күресу қажеттілігінен туған алғашқы тобы. Археол— да төменгі және орта палеолит дәуірін, антропол-да архантроптар — питекантропсинантропатлантроп, Гейдельберг адамдарының өмір сүрген кезеңін камтидыБ.з.б. 1,9 млн. — 36 мың жыл аралығында үңгірлерде өмір сүрген, отты пайдалана білген. Тастан, ағаштан, сүйектен құралдар, қарулар жасаған. Табиғатқа толық тәуелді болған А. а. т-на ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеум. құрылымның өзгешелігі — қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән. А. а. т-ның мекендері Қазақстанда Сарыарқадан, Батыс және Оңт. Қазақстаннан, Жетісудан, Балқаштың солт. өңірінен табылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *