1 Психологиялық зерттеу әдістері
2 Анкеталық әдіс
3 Журналистік зерттеуде псиологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы
Психологияда адамды ғылыми зерттеудің барлық циклін қамтитын әдістер жүйесі қалыптасқан, оған ұйымдастырушылық, эмпирикалық, сандық сапалық, интерпритациялық әдістер енеді (Ананьев).
Ұйымдастырушы әдістер
Салыстырмалы Логгитюдті Кешенді
Эволюцияның әр даму сатысындағы психика дамуы (зоопсихология)
Жалпы психология — топтарды салыстыру
Әлеуметтік психология- демографиялық, этнографиялық, әлеуметтік, мәдени топтарды зерттеу
Патопсихологияда
Жас ерекшелік психологиясында қолданылады. Бір топты бірнеше рет зерттеу
Индивидуалданған
Психикалық дамудың төменгі деңгейін болжай алады. Тұтас құрылымның негізгі компоненттерін зерттеу
Эмпирикалық тәсілдер
- бақылау;
- өзін өзі бақылау;
- эксперименталды әдістер (лобараториялық, табиғи);
- психодиагностикалық әдістер (тест, әңгімелесу, анкета, іс әрекет өнімін зерттеу, өмірбаян, интерпритациялық);
- анкета;
- социометрия;
- сұхбат;
- әңгімелесу;
- іс әрекет нәтижелерін талдау;
- модельдеу;
- өмірбаян.
Әдіс — психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Топ психологиясының әдістерін сипаттау. Оларға қойылатын талаптар. Топ психологиясындағы сараптау, (эксперимент) оның түрлері. Психологиялық эксперименттің құрылымы.
Салыстыру әдісі — әртүрлі құбылыстар мен объектілерді салыстыруға мүмкіндік береді.
Лонгитюдты әдіс — белгілі бір уақыт аралығындағы құбылыстар мен объектілерді неше қайтара зерттеуге мүмкіндік береді.
Комплексті (кешенді) әдіс — әр ғылым салаларының әдістер жиынтығын қолдану.
Эмпирикалық әдіс — бақылау; әңгімелесу; эксперимент; тестілеу жатады.
Бақылау – срез (аралық) оның мерзімі; таңдаулылығы; тұтастылығын қарастырады.
Әңгімелесу – анкеттеу; интервью; сұрақнама; сұхбат.
Эксперимент — лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
Анкеталық әдіс — қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык әдісінін бірі. Журналисттердің де жиі қолданатын әдісі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.
Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).
Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден «ия», «солай», «жоқ», «олай емес» т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) — неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.
Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.
Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.
Анкеталық әдіс қолданылғанда, синтетик, (жинақтау), демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.
Анкеталық әдіс -психологияда адамның психикалык ерекшеліктерін зерттеуде пайдаланылатын әдістердің бірі. Мұнда кісі бұрын жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша, кейде ауызекі жауап қайырады. Осы әдіспен әртүрлі таптың, ұжымның психикалық өзгешеліктері (талап, тілегі, қызығуы, талғамы т.б.) зерттеледі. Мысалы студенттердің қандай кітаптарды құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кім екендігін т.б. осы тәріздес мәселелерді Анкеталық әдіспен анықтауға болады. Ондағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, қысқа, түсінікті тұжырымдалып жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс.
Алынған материалдың нәтижесі статистикалық талдаудан өткізіледі де, ондағы үлкен цифрларға қарай қорытынды жасалады. Мәселен, бес жүз адамнын төрт жүзі «Абай» романын оқыдық деп жазса, бұдан оқырмандардың 80%-нын осы кітаппен таныс екендігін, бұл шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапға айналғанын аңғаруға болады.
Анкеталық әдіс 19 ғ- дың 80-ші жылдарынан бастап педагокикалық және әлеуметтік психологиялық зерттеулерінде қолданылып келеді. Негізгі кемшілігі — адам кейде шын көңілдегісін жазып бере бермейді, не оны қағаз жүзінде дұрыс көрсете алмайды. Адамның жан дүниесінің сырын жете білу үшін байқау, әңгімелесу, эксперимент әдістерін қосарластыра пайдаланған жөн.
Журналистік зерттеуде псиологиялық зерттеу әдістерінің қолданылуы. Журналистік зерттеуде ең алғашқы қадам – айғақтаманың гипотезасын жасақтау. Гипотезаны жасақтау айғақтаманың ең маңызды сәттерінің бірі. Айғақтама гипотезасы деген ұғымның астарында келеңсіз оқиғаның не себепті орын алғанын, оған не және кім түрті болғанын, оған кімнің мүдделі екенін ойша болжалдау міндеті жатыр. Журналистикада гипотеза кейде болжам, бағам, версия деп те айтылады. Олардың айырмашылығы қандай? Версия да, гипотеза да болжалдау. Ал болжам версия мен гипотезаға қарағанда тек болашаққа қатысты ғана айтылатын болжалдау. Гипотеза мен версия болашаққа қатысты да, өткен шаққа қатысты да айтыла береді. Версия ұғымы гипотеза көп болған жағдайда айтылады. Ал гипотеза деген бір ғана тоқтамға тірелгенде қолданылатын ұғым. Журналист гипотезаны алға тарта отырып журналистік айғақтаманың қандай бағытта жүретінін бағдарлайды. Гипотезаны құрастырудың классикалық әдісі «Бұл жағдайды жасау кімге тиімді болуы мүмкін» сұраққа жауап іздеуден басталады. Мысалы, журналист ақпарат көздерінен белгілі бір зауыт улы қалдықтарды жергілікті жердегі ашық қоқыс тастау орнына төгуге рұқсат алды деген мәлімет естіді. Бұл әрекет қоршаған ортаны қорғау туралы заңға қайшы болса да компания белгілі бір жергілікті басқарушы шенеуніктен рұқсат алған. Басқаша айтқанда, шенеунік өз қызметін асыра пайдаланып заңды аяққа таптап, заңға қайшы әрекетті жасауға рұқсат берген. Осыдан келіп, журналист төмендегідей гипотезаларды алға тартады:
1) Кәсіпорын заңға қайшы келетін болса да өз қажетілігін қанағаттандыра алды, себебі сол кәсіпорынның басшыларының бірі жергілікті атқарушы биліктегі шенеуніктердің бірімен туыс, таныс немесе бір партияда тіркелген, т.б.;
2) Жергілікті атқарушы биліктегі шенеуніктердің бірінің компания акциясынан немесе оның пайдасынан үлесі бар;
3) Шенеунік белгілі бір ортақ таныстары арқылы компания иелерінен пара алған.
Осы сияқты гипотезалардың біріне сүйене отырып, журналист өзінің бар күш-жігерін ақпарат алудың белгілі бір арнасына бағыттай отырып жұмсайды. Бұл журналистің еңбегін зая кетірмейді, журналист өзінің нақты белгіленген бағытына қарай нық сеніммен қадам басады. Мұндай жағдайда журналист аз уақыт жұмсап үлкен нәтижеге қол жеткізеді.
Гипотезаны тексеру сәті журналистік айғақтаманың ең көп еңбекті талап ететін кезеңі және осы сәт журналистік айғақтаманың әрі қарайғы тағдырын шешетін шешуші кезең. Өйткені гипотезаның өзі тексеруден тыс жеке тұрып журналистік айғақтаманың аяғына дейін жүргізілуін қамтамасыз ете алмайды. Гипотеза бар болғаны болжал ғана. Осы гипотезаны тексеру мақсатында ақпарат, керекті фактілер мен дәйектемелер жиналады. Осы дәйектердің негізінде журналист бұл айғақтаманы әрі қарай жалғастыруға болатыны немесе тоқтатылатыны жөнінде шешім қабылдайды. Гипотезаны дәлелдеу үшін журналист ақпарат көздерімен жұмыс істеуді бастайды. Алдымен ақпарат көздерінің тобын жасақтайды да, сосын оларға шығудың амалын қарастырады. Ақпарат көздерінің қайсысымен бірінші жұмыс істейтінін журналист гипотезаның қайсысына көбірек сенсе содан бастайды. Журналистер көбінесе гипотезалардың бәрін бір уақытта қатар тексереді. Олардың біреуінің салмағы басып кеткенге дейін, яғни оның бірінің рас екендігін айғақтайтын бұлтартпас дәйек табылғанша бәрін қатар зерттеуді тоқтатпайды.
Телевизиядағы журналистік айғақтамалар жүргізудің құрылымын былай жіктеуге болады:
— Ақпаратты жинау және сұрыптау кезеңі;
— бейнеқатарды түсіру кезеңі;
— мәтін жазу кезеңі;
— монтаждау кезеңі.
Алдымен ақпарат жинау кезеңі жөнінде. Ақпарат дегеніміз – факт. Факт (латын тілінен аударғанда faktum -жасалған, болған деген ұғымдарды білдіреді) дегеніміз – шын мәнінде бар, ойдан шығарылмаған, шынымен орын алған, теориялық жалпылауға негізделген құбылыс.
Ақпарат жинау әдісін орыс ғалымы В.В.Ворошилов екіге бөледі: эмпирикалық және теориялық. Эмпирикалыққа бақылау, құжаттарды саралау, сұхбат, әңгімелесу, сауалнама, анкета тарату жатады. Ал теориялық ақпарат жинауға индукция, дедукция, ұқсату, салыстыру, анализ, синтез, гипотезалар мен версияларды алға тарту жатады. Эмпирикалық ақпаратты үш түрлі ақпарат көзінен алады: индивидтік (жеке адамнан), ұжымдық және құжаттық (ресми, жеке құжаттар, БАҚ материалдары). Ақпарат тек әдіс-тәсілдермен ғана емес дайын ақпарат тарату науқаны кезінде де жиналады. Мысалы, ұжымдық ақпарат көздері деген ұғым бар. Оған ресми немесе бейресми байланыс кезіндегі жиналыстар, конференциялар, отырыстар, дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер, пресс – конференциялар жатады. Адаммен оның жолдастарының көзінше сөйлескенде алынған мәлімет құнды болуы мүмкін. Өйткені сол мәлімет қасында тұрған жолдастарына да ортақ болғандықтан, оны бұрмалай алмай қалуы ықтимал. Керісінше, жолдастарының көзінше шындықты айтудан қымсынуы да мүмкін.
Ал ұжымдық ақпарат алу кезінде ресми не бейресми лидерлердің ықпал етуімен ақпаратты бұрмалауы да ықтимал. Сондықтан ұжымдық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолданбас бұрын оның растығына көз жеткізіп алған жөн.
Журналистік айғақтамада ақпарат жинаудың классикалық төрт әдісі қолданылады:
— құжаттарды сараптау;
— сұхбат алу;
— бақылау;
— тәжірибе жасау (эксперимент).
Бақылау сұрақтары:
- Эмпирикалық әдістерді атаңыз.
- Эмпирикалық және теориялық әдістердің айырмашылықтарын айтыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Кропотов Л.А. Журналистика на путях социологии. Методы социологических исслеований в журналистической практике. Свердловск., 1986.
- Свитич Л.Г. Эффективность журналистической дятельности. М., 1986.
- Свитич Л.г. Журналист и его работа. М.,1979.
4.“Журналист: социологические и социопсихологические исслеования”. Под ред. Л.Г. Свитич и В.В Ширяевой. М., 1994.