1 Ақпарат көзі, талдау мен өңдеу кезеңдері
2 Ақпарат — маркетинг зерттеулер
3 Социологиялық сұрау және Сауалнама әдісі
Ақпарат талдау мен өңдеу кезеңдері. Журналистикадағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдалану мүмкіндігі. Құжаттарды талдау, дәстүрлі әдісте.Түрлі құжаттарды талдаудың ерекшелігі. Ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету. Контент талдаудың журналисткадағы қолданылу ерекшеліктері. Сұрақ. Әдістің жалпы сипаттамасы. Сауалнамаға қойылатын талаптар. Бақылу, мақсаты, міндеті, түрлері, жоспары, нұсқаулар. Ғылми және табиғи бақылау.
Әлеуметтік ақпаратты жинаудың әдістері. «Таңдау, құжаттарды талдау, бақылау, сүрау салу: сауалнама және сұхбат». Қоғамдағы тұлғалардың эмперикалық социологиялық зерттеулерге қатысуы зерттеу кезеңдері. Журналистикадағы ақпарт пен әлеуметттану саласындағы эмперикалық зерттеулердің өзара байланысы, ұқсастықтары.
Ақпарат көзі – адам, ұжым және деректер. Деректерді жинау кезінде журналист ақпараттарды түрлі көздерден алады. Кейіпкер журналиске өзі немесе жолдастары жайында мәлімет беруге міндетті емес. Олардың экран алдында ашылулары үшін оған себеп, дәлел, сылтау керек. Егер олар жауап беруден бас тартқан жағдайда, қысым жасаудың қажеттігі жоқ. Мүмкін, сіз таңдаған кейіпкер туралы көпшілік пікірі басқаша болуы немесе сіз істейтін редакция жайындағы көзқарастың тым теріс бағытта да болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Ақпарат алудың ұжымдық түріне формалды және формалды емес қатынас, жиналыс, мәжіліс, конференция, дөңгелек үстел, баспасөз конференциясы т.б. жатады. Мұның бағалылығы: онда шыншыл көзқарастардың үстемдік алып, журналистің проблема, оқиға туралы дәл, айқын ой түйіндеуіне жол ашатындығы. Ал айда, кей сәттерде шындықтан алып жататын деректердің де хабарланатынын ескеру керек. Журналист көпшілігінде деректерге жүгінеді. Деректермен танысуға автордың рұқсатымен кірісу қажет. Автордың рұқсаты бар екенін ескеру де қажеттілік және онда дәлдіктің кейде сәйкессіздіктің болатынын да аудиторияға қоса хабарлау шарттылық.
Ақпарат — маркетинг зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Жақсы ақпарат мына мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді:
- бәсекеде басымдылықты алу,
- шығын қаражатының қауіп-қатерін төмендету,
- тұтынушылардың тауарға деген ынтасын анықтау,
- сыртқы ортаны терең бақылау,
- стратегияны дұрыстау,
- фирманың өз жұмысын дұрыс бағалау,
- түтынушылардың жарнамаға деген сенімін арттыру,
- тиімділікті көбейту.
Ақпаратты жіктеу
Ақпарат әртүрлі сипатталады. Сондықтан шығу мерзіміне, оған жүктелген міндетіне, оны өңдеуге қарай жіктеуге болады.,
Шығу мерзіміне қарай мынадай акпарат түрлерін айыруға болады:
- түрақты ақпарат — маркетингтік ортаның үзақ уақыт өзгермейтін көрсеткіштерін бейнелейді;
- айнымалы ақпарат — маркетинг обьектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетін ағынды сандык. және сапалық сипаттамасымен көрсетеді;
- ауық-ауық ақпарат — керек кезде ғана анда-санда ғана жиналатын мәліметтер (мысалы, тауардың бағасын өзгерту мүмкіндіктерін анықтау үшін жаңа бәсекелес фирма туралы мэліметтер жинау).
Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:
- анықтамалық ақпарат — танымды сипат алады және маркетинг обьектілерінің біршама түрақты белгілерін анықтап, анықтама жүйесі ретінде шығады;
- кепілдемелік ақпарат — арнайы жүргізген маркетинг зерттеулері қорытындысының немесе мәліметтерді талдаудың негізінде пайда болады. Оған өнім өткізуді болжау, нысаналы рынокты, делдалдарды, жабдықтау фирмаларды талдау приоритеттері жүктеледі;
- нормативтік ақпарат — негізінде өндіріс саласында қалыптасады, өндірістің әртүрлі құрылым ережелері, нормативтері баяндалады;
Социологиялық сұрау әдісі — белгілі бір адамдар тобына сұрақтар қою арқылы жүргізілетін алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Сауалнама мақсаты — жеке және қоғамдық сана кұбылыстары туралы немесе жай фактілер, окиғалар, үрдістер жайлы ақпарат алу.
Сауалнама әдісі
Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер жөнінде ақпараттар өте жиі қажет болады.Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдана отарып алуға болады.Бұл әдіс ғылымда кеңінен тараған және барынша жиі қолданылатын әдістердің бірі.Бақылау барысында зерттеуші обьектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемде мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс – тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде ақпарат алады.Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті жай-күиі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі.Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды.Сұраулардың көмегімен ақпарат алып жиналады.Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-анкетерлар(Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респоденттер деп аталады.Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.
Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью).Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды.Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу , бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.
Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді:
- Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;
- Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;
- Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» — деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.
Анкеталық сұрақтардың түрлері түсінікті болу үшін мысалдар келтірейік:
- Ашық сұрақ: «Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауатырақ жазады?». Мұнда алдын ала сұрақ – жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады;
- Жабық сұрақ : «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» — ата – анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым;
- Аралас сұрақ : «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» — материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік проблемма қатты толғандырады?». Қалған жауаптарды өзінің жазыңыз.
Анкета (сауал хат) құрастыру мен дайындаудың ережесін әдістемесі.
Бақылау сұрақтары:
- Деректерді жинаудың қандай түрлері бар?
- Шығу мерзіміне қарай ақпарат түрлері нешеге бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы.,1990.
- Буданцев Ю.Г. Социология массовой коммунации. М.,1995.
- Габдуллина К.Г. Социология и социальная жизнь. Алматы., 1996.
- Баркер А. Как еще лучше… управлять людми. М.,2002