АЛҒА АУДАНЫ

АЛҒА АУДАНЫ — Ақтөбе обл-ның солт-ндегі әкімш. аудан. Жері 7,1 мың км2, тұрғыны 36,4 мың адам (1996). Орталығы — Алға к. Ауданда 30 елді мекен бар. Олардың ішінде ірілері — СарықобдаБестамақ, Тамды а-дары. А. а- ның жері, негізінен, қыратты жазық (биікт. 200 — 400 м). Солт.-батысында Тасқоралы тауы (биікт. 386,7 м), оңт.-батысында Бесоба тауы орналасқан (биікт. 324 м). Кен байлықтарынан тас көмір, фосфорит, құрылыс материалдары, т.б. кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардың орташа темп-расы -15 — 16°С, шілденің орташа темп-расы 22 — 23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 200 — 250 мм шамасында. Аудан жерінен оңт-ке қарай Елек, СарықобдаҚарақобда өзендері ағып өтеді. Топырағы, негізінен, фосфоритті қара, қара қызғылт, қоңыр, қызғылт коңыр, сортаң қызғылт қоңыр болып келеді. Өсімдіктерден: жусан, бетеге, боз шөптері өседі. Аңдардан: қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық; тұяқтылардан: бөкен, елік; құстан: дуадақ, тырна, бүркіт, қаз, үйрек мекендейді. А. а-ның жері далалы белдемге жатады. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 4,8 адамнан келеді. Негізінен, а.ш. (астық) және мал ш. (ірі қара, қой, жылқы, шошқа) дамыған. Ауданда минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе хим. комбинаты, нан, май з-ттары бар. Орынбор — Ташкент т. ж., респ. маңызы бар Ақтөбе— Атырау автомоб. жолы аудан аумағынан өтеді. Ауданда клуб, кітапхана, мәдениет үйі, мұражай жұмыс істейді. Орта, музыка және спорт мектептері, кәсіптік-техуч-щесі, емхана, дәрігерлік пункт, Ақтөбе мед. уч-щесінің бөлімшесі, дәріханалар, сан.-эпидемиолст. бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *