Берілген пәнді оқытудағы негізгі мақсат студенттердің психиканың қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын меңгеруі болып табылады. Жалпы психологиялық теорияны білу олармен психолгияның нақты қолданбалы салаларын оқуға негіз болуы керек, көбінесе жастық, педагогикалық, әлеуметтік және т.б. Психология ғылымының қазіргі жетістіктерін меңгеру студентке оған себеп болған нәрселердің барлығына, қандай көзқарастар мен теориялардың пайда болғандығына және неліктен пайда болғандығына, олар ғылыми жетілуге қаншалықты әсер еткендігіне саналы түрде кірісуге мүмкіндік береді.
Жалпы психологияны зерттеу психология кезеңінің басқа да оқу курстарын меңгеру үшін әдістемелік мәнге ие, өйткені жалпыны білмей, жекені түсіну мүмкін емес.
Осы жерде, дәріс оқу барысында және өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда студент үшін жаңа әрбір ғылыми заңды өмірде бақыланатын психологиялық құбылыстармен сәйкестендіріп қана қоймай, олардың бұрынырақта қалай түсіндірілгендігімен және қазіргі жалпы психологияда қандай түсінікке ие болғандығын салыстыру керек.
Дәріс тақырыптамасын бірнеше үлкен блоктарға жинақтау керек, пән мазмұнының барлық алуантүрлілігі психологияның негізгі мәселелерінің жиынтығы ретінде, өзара байланысты түсініктер жүйесі ретінде осы блоктарда баяндалуы керек. Сонда дәрістерде тәжірибелік және семинар сабақтарына қалдыруға болатын егжей-тегжейлерді толығырақ айтып керек емес болады. Осылайша, мысалы, дәрісте психикалық танымдық үдерістердің әрқайсысына толығырақ сипаттама беріп керек емес, бірақ студенттердің назарын қызмет ету барысындағы олардың өзара байланысы мен өзара әрекетіне аудара отырып, олардың қызметін көрсету керек. Ары қарайғы тәжірибелік, семинар және зертханалық сабақтарда олар тек теориялық тұрғыдан ғана емес, тәжірибелік тұрғыдан да толығырақ зерттеле алады. Және де студент аудиториясының кәсіби ерекшеліктерін де ескерген жөн. Мысалы, педагогикалық ЖОО математика факультетінде мектеп оқушыларының математикалық қабілет негіздерін толығырақ зерттеуге және болашақ оқытушыларды балалардың математикалық қабілеттерін анықтау және дамыту әдістерімен қаруландыруға болады.
Дәріс курсы бөлінген сағаттар санына байланысты (психологиялық және басқа да психологиялық емес факультеттер үшін-олар айтарлықтай өзгеше) әртүрлі нұсқадағы блоктарға бөліне алады. Жалпы психологияның бүкіл мәселесі сағаттар санына және оқытушының ниетіне байланысты бес, алты немесе жеті дәріс блоктарына бөлінуі мүмкін.
Мынандай нұсқалар кездеседі:
- Психологияға кіріспе. Тұлға және іс-әрекет. Тұлғаның танымдық үдерістері. Тұлғаның эмоциялық және еріктік аясы. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері (бес блок);
- Жалпы психология ғылым ретінде, оның нысандары және пәні. Іс-әрекет психологиясы. Психикалық үдерістер, күй және қасиеттер. Тұлға психологиясы және оның танымдық, эмоциялық, еріктік аясы. Мінез және темперамент. Тұлғаның қабілеттері мен бағыттылығы (алты блок);
- Психология ғылым ретінде және оның негізгі салалары. Іс-әрекет психологиясы. Тұлға психологиясы. Тұлға іс-әрекетіндегі танымдық үдерістер. Эмоция және іс-әрекет еркі. Дамыту, оқыту және тәрбиелеу психологиясы. Қарым-қатынас психологиясы және тұлғааралық қатынас (жеті блок) және т.б.
Оқытушы жобалы блоктар бойынша дәрісті оқи отырып, олардың әрқайсысына өзінің не нәрсеге баса назар аударғысы келетіндігіне байланысты әртүрлі сағат санын бөле алады. Мысалы, болашақ өндіріс ұйымдастырушылары мен ұжым басшылығы үшін іс-әрекет психологиясы мен тұлғааралық қатынастар мәселелерін таныған дұрысырақ, ал болашақ мұғалімдерге-тұлға мәселелерін, даму психологиясын, оқыту мен тәрбиелеуді және т.б.
Семинар, тәжірибелік және зертханалық сабақтарда дәрісші жоспарлаған сұрақтар талқылануы керек. Бірақ теориялық сипатқа ие дәріске қарағанда олар студенттерде теориялық білімін зерттеулер кезінде тәжірибеде пайдалану қабілетін қалыптастыруды және психологиялық фактілерді түрлендіруді және осы арқылы оларды тәжірибелік жағдайларда психологияфлық тұрғыдан сауатты бағдарлануға үйретуді көздейді.
Және, әрине, дәрістерде де, басқа да сабақтарда оқытушы белсенді оқыту әдістерін пайдалануға және мақсат қоюға ұмтылады-студенттерді ғылыми және тәжірибелік мәселелердә сараптай отырып, психологиялық санаттармен ойлауға үйрету. Осы мақсатқа ол дәрістерде де (күрделі баяндауда) және өзіндік жұмыс үшін студенттерге оқу есебі ретінде және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтарда қолдана алатын күрделі сұрақтар мен есептер көмегімен жете алады.
Осы сұрақ-тапсырмалар студенттерді ғылымның негізгі мәселелерін ойлауға бағдарлайтындай етіп құрылуы керек. Біріншіден, психикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын тануға; екіншіден, өмірлік жағдайларда нақты психика көріністеріне қатысты оларды түсінуге; үшіншіден, оларды ғылымда тану үдерісінің тарихи логикасына. Осылайша, студент кітап мәтінінен алшақтап, өмірлік реалияға жақындайды және өзі дәрістен білген немесе кітаптан оқыған теориялық заңдар көзқарасы тұрғысынан оларды түсіндіруге үйренеді.
Төменде негізінен студенттердің ойлау әрекеттерін белсенді етуге есептелген, оқу тапсырмаларына арналған үлгі сұрақтар мен тапсырмалар келтіріледі. Олар педагогикалық тапсырмаларды шешуде оқытушыға көмек ретінде құрастырылған: кейбір сұрақтар студенттерге осы жұмыс нәтижелерін семинар немесе тәжірибелік сабақтарда ары қарай талқылау арқылы өзіндік жұмысқа арналып оқу есептері құрамында беріле алады. Студенттер үшін күрделі болып табылатын сұрақтардың бір бөлігі оқытушымен студент өзі үшін күрделі осы сұрақтарға жауап табатын дәрістерде қолданыла алады. Сондай-ақ оқытушы сұрақтар редакциясын өзгерте немесе нақты оқу қажеттіліктерін ескере отырып, өзінің тапсырмаларын құрастыра алады.
Сонымен, оқу тапсырмалары (сұрақтар мен есептер).
- (Берілген тапсырма сұрағы 1 курс студенті үшін өте күрделі болады. Сондықтан оны дәрісті күрделі баяндауда қолданған дұрыс.) Ғылым ретіндегі «психология пәні» деген нені білдіреді? Осыған байланысты оқулықтар мен сөздіктерде әртүрлі көзқарастардың болуын немен түсіндіреді:
- психология пәні-«психикалық өмірдің нақты фактілері» (Жалпы психология. –М.,1976. -6 б.);
- психология «психиканың өмір сүрудің ерекше түрі ретіндегі даму мен қызмет ету заңдылықтарын» зерттейді (Қысқаша психологиялық сөздік. –М., 1985. -274 б. және Психологиялық сөздік. –М.,1995. -304 б.);
- психология «адаммен және жануарлармен психиканың сезіну, қабылдау, түсіну, сезім және т.б. түріндегі құбылыстарын объективті шынайылықта белсенді көрініс беруін» зерттейді (Психологиялық сөздік. –М., 1983. -291 б.);
- психологияның зерттеу пәні болып «көптеген субъективті құбылыстардан тұратын адам мен жануарлар психикасы» табылады, ал «психика-психологияда зерттелетін бүкіл психикалық құбылыстар жиынтығын білдіретін жалпы түсінік» (Немов Р.С. Психология: 3 кіт. 1кіт. Психологияның жалпы негіздері. –М., 1998. -9, 564 б);
- психология-шынайылықтың психикалық көрінісінің туындауы, қызмет етуі және құрылуы туралы ғылым (Леонтьев А.Н. Іс-әрекет. Сана.Тұлға. –М., -12 б);
- психология пәні болып «тұтас іс-әрекет» табылады (А.Н.Леонтьев және қазіргі заманғы психологтар. –М., 1983. -139 б);
- ЖОО арналған «Адам психологиясы» (М., 1995) оқу құралының авторлары В.И.Слободчиков пен Е.И.Исаев психологияның пәні деп «адамның субъективті шынайылығын, оның тіршілік ету қағидалары мен заңдарын, ұйымдастыру мен дамуды» санайды (371 б);
- «Жалпы психология» дәріс курсының атворлары (Е.И.Рогов. –М., 1995) «психология-психика фактілерін, заңдылықтарын, және механизмдерін зерттейтін ғылым» деп жазады (12 б)?
Неге психология пәнінің осыншама анықтамасы бар? Олар шын мәнінде әртүрлі ме немесе формасы бойынша, сөздік безендіруі бойынша ғана ма? Мүмкін олар шектен тыс жалпы және көлемі бойынша кең және негізінен барлығы бір жалпы мәнге ие-тұтас психика мәніне? Егер олардың арасында «дұрыс еместері» де болса, онла неге олар әртүрлі?
Сұрақтардың осылайша үйірлі құрастырылуы, әрине студентке емес, оқытушыға есептелген, ол өзі таңдап алған дәрісті баяндау әдісіне сүйене отырып, бірнеше алға шығарылатын бірізді сұрақтарды өзі құрастыра алуы үшін. Одан талап етілетін басты нәрсе-психология пәніне қатысты әртүрлі көзқарастармен танысу барысында студентте пайда болуы мүмкін тапсырмада қойылған барлық сұрақтарды шешу.
Студентке зерттелетін ғылым пәні туралы айқын түсінік керек. Ал психологияға келетін болсақ, оның пәні көзқарастардың алуантүрлілігінен көріп отырғанымыздай, айқын анықталған және жалпылама мойындалған емес. Осы мәселе оқытушыға қиындық тудырады: бір жағынан, ол студентте ғылым пәнінің айқын түсінігін қалыптастыруы керек, ал екінші жағынан-бұл ғылыми ортаның өзінде де жоқ.
Берілген мәселе әдетте оқыту тәжірибесінде қалай шешіледі? Психология пәні туралы сұраққа Ю.Б.Гиппенрейтер көрсеткендей екі түрлі жауап беру әдісі бар: «Бірінші әдіс психология пәні туралы көзқарастарды олар ғылым тарихында пайда болғандай қарастыруды болжайды; осы көзқарастар неге бір-бірін алмастырғандығы туралы негіздемелер сараптамасы; олардан ақырында қалған нәрселермен және қазіргі таңда орын алған түсінікпен танысу». Психология пәнін осылайша ашудың берілген әдісін ол бүкіл келесі дәрістерде және семинар сабақтарында пайдалануды мақсатты деп санайды, ал бірінші дәрісте екінші әдіспен шектелуді жөн көреді, яғни қысқаша жауаппен. Осы қысқа жауап ресми болып көрінеді, бірақ та ол толықтай ұйғарынды болып табылады. Жауаптың мәні: психология-бұл «жан» туралы ғылым, ал «жан» және «психика» лингвистикалық көзқарас тұрғысынан бір нәрсені білдіреді, яғни, сәйкесінше орыс және грек тілдерінде бір «жан» құбылыстарын білдіреді; алайда мәдениет пен ғылымның дамуына байланысты осы түсініктердің мәні айырылды, әйткенмен тілде «жан» түбірінен шығатын сөздер көп сақталды (шынайылық, шын көңіл), ал психология жан туралы емес, психика туралы ғылымға айналды.
Екі әдіс те тарихи тәсілдің көрінісі болып табылатын психология пәнін түсіндірудің осындай әдістемесі әбден жарамды болуы мүмкін, өйткені «психология пәні» түсінігінің сыртқы күйін көрсетеді.
Осыған байланысты қазіргі отандық авторлардың психология пәні туралы көзқарастарының немен ажыратылатындығын қарастыру керек. Егер оларды мұқият сараптайтын болсақ, олар тұтастай ұқсас, өйткені пәннің жалпы философиялық анықтамасын қайталайды: «Психология-адамдар мен жануарлардың психикалық өмірінің механизмдері мен фактілері, заңдылықтары туралы ғылым» (Философиялық энциклопедиялық сөздік. –М.,1983.-549 б). Осылайша, барлық авторлар психология-бұл психика туралы ғылым, немесе басқа сөзбен айтқанда психика ғылыми психологияның зерттеу пәні болып табылады деп санайды. Және де психиканың өзі объективті шынайылық көрінісі ретінде қарастырылады.
Алайда басқа да көзқарас тұрғысы бар. Ол психология ғылымының пәні деп бүкіл психиканы санамайтын П.Я.Гальперинге тиесілі, өйткені оны психологиядан басқа өзге де ғылымдар зерттейді.
Психиканы объективті әлемнің көрінісі және сананың тұрмыспен ара қатынасы ретінде философия зерттейді. Патологияда психиканы медицина зерттейді, психиканың биологиялық негіздері-жоғарғы жүйке іс-әрекетінің физиологиясы. Жеке психикалық үдерістерді жан-жақтан бір уақытта бірнеше ғылым зерттейді. Сонымен, мысалы, ойлауды психология, сонымен қатар бірқатар басқа да ғылымдар зерттейді: таным теориясы, логика, кибернетика, ғылым тарихы, педагогика, этика және эстетика, сонымен қатар оқыту әдістемесі (эвристика). Сөйлеуді психологиядан басқа педагогика, филология, лингвистика, жоғарғы жүйке іс-әрекеті физиологиясы және т.б. зерттейді. Және әрбір ғылым психикалық фактілердің белгілі бір жақтарына қызығушылық танытады. Егер бүкіл психиканы болмаса, онда психология психиканың қандай аспектісін зерттейді?
П.Я.Гальперин психология пәні болып субъекттің бағдарлық іс-әрекеті табылады деген идея айтқан. Ол Гальперинмен жасалынған, кең мойындауға ие болған ақыл-ой әрекетініңсатылап қалыптасу теориясына әдістемелік негіз болды.
Гальперин өз тезисін келесідей дәлелдейді.
Біріншіден, психиканың қызметі-қарапайым қызығушылықтан бастап және адамның теориялық зерттеу іс-әрекетінен аяқтай отырып, субъектті әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлау-жануарды тамақ іздеу барысында жағдаймен немесе жеке нысанмен таныстыру (И.П.Павлов бойынша «бұл не?» рефлексі).
Екіншіден, танымдық қызметтің бүкіл диапазонында, қабылдаудан бастап ойлауға дейін қоршаған әлемде бағыттау зияткерлік есептермен ғана шектелмейді-адекватты әрекет ету үшін жағдайды білу және бағалау. Мұқтаждықтар да, сезімдер, ерік те бағыттауды қажет етеді. Ал олардың өздері субъекттің бағдарлы іс-әрекетінің алуантүрлері сияқты басқа нәрсені көрсетеді.
Үшіншіден, егер психикалық өмірдің барлық түрлері бағдарлы іс-әрекеттің алуантүрлерін көрсететін болса, онда психология бүкіл психикалық үдерістерде немесе қызметтерде дәл осы бағдарлы тарапты зерттейді деген сөз. Психология ойлауды, сезімді, қиялды зерттейді деген дұрыс емес, бәрінен бұрын дұрыс емес, өйткені ол ойлаудың, сезімнің, еріктің және басқа да психикалық қызметтің барлық тараптарын зерттемейді. П.Я.Гальпериннің есептеуі бойынша бүкіл психиканы зерттеуге психологияның талаптары ақталмады, өйткені басқа ғылымдардың бұған көбірек құқығы бар. Олар «бағдарлау үдерісі психикалық іс-әрекеттің және тұтастай бүкіл психикалық өмірдің әрбір түрінің негізгі тарабын құрайтындық мағынада ақталды; дәл осы қызмет іс жүзінде осы қызметке бағынышты оның басқа барлық тараптарын ақтайды. Өйткені өмірдегі ең басты нәрсе-әрекетті талап ететін жағдайда дұрыс бағыт табу және оның орындалуын дұрыс бағдарлау. «Тек бағдарлы іс-әрекет қана психология пәнін құрайды» [19;191]. «…Осы күнге дейін ұсынылған және қабылданған психология пәні туралы түсініктер қате болып шықты» [19;94].
Осылайша, П.Я.Гальпериннің психология пәні туралы идея сы жоғарыда келтірілгендердің барлығынан ерекшеленеді. Ары қарай ол және оның оқушылары және ізбасарлары өздерінің ьүкіл зерттеулерінде осы көзқарас тұрғысын ұстанды. Психология пәні туралы берілген теориялық түсінік психологиялық құбылыстардың нақты механизмдерін іздеуге және табуға, олардың нені білдіретіндігін түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістемелік қағида болып табылады. Психология пәні туралы берілген түсінікке негізделген ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасуының гальпериндік теориясын педагогикалық тәжірибеде қолданудың жоғары нәтижелері белгілі.
Психологтардың психология пәні туралы белгілі көзқарастарымен қарама-қайшы келуіне қарамастан, П.Я.Гальпериннің көзқарас тұрғылары күдік турдырмады немесе А.Н.Леонтьевтің өлер алдында жарияланған және ғылыми архивінде сақталған бірнеше ескертулерінен басқа ешқандай сынға ұшырамады. Ол П.Я.Гальпериннің психология пәнін анықтауынан үш «әлсіз тармақты» байқады: а) кесімділік (ойдың пәнді айқындауға қарай қозғалу тарихын бағаламау); б) анықтаманы табуға күш салудың соңы идеясы («анықтама болған жоқ-анықтама табылды»); в)анықтама біреу болуы керектігі туралы түсінік. Алайда осы үш ескертуді сын деп санауға болмайды. Олар П.Я.Гальпериннің өзіндік көзқарас тұрғысы өзінің пайда болуымен мұның ойдың психология пәнін толығырақ айқындауға қарай қозғалу сәті екендігін, анықтаманың сол кезде табылғандығын және әзірге оның біреу екендігін куәландырды. Ал мұның психология пәнінің соңғы анықтамасы екендігін-ешкім, соның ішінде П.Я.Гальпериннің өзі де растай алмады және арстай алмайды. Қазір екі пікірді әділетті және шындыққа жақын деп санауға болады. Біріншісі-психология пәні туралы берілген теориялық түсініктеме «жұмыс істейді», яғни, теориялық және эмпирикалық зерттеулер бұрынғыдай психологиядан тыс (логика, физиология және т.б.) емес, психологияның өзінің аясында психикалық құбылыстар мәнін іздеуге және табуға мүмкіндік береді. Екіншісі-психологияны бағдарлы іс-әрекет туралы ғылым ретінде қарастыру тәжірибелік мәнге ие, өйткені психологтарды адамдарды іс-әрекетте дұрыс бағдарлау жолдарын іздестіруге бағыттайды, бұл оқытуды білімді, қабілет пен дағдыны қалыптастырудың іс үзінде қателіксіз үдерісіне айналдырады.
Психология пәнін бағдарлы іс-әрекет ретінде анықтаудың қисыны бар деп айтуға болады және оны жоққа шығару немесе тіпті сынау қиынға түседі, өйткені ол отандық психологиядағы анықтамаларға қарама-қайшы келіп қана қоймайды, оларды осы мәнде нақтылай түседі. Оқытушыға дәрісті оқу барысында және ғылыми психология пәнінің қалыптасу тарихын ашу барысында қазіргі уақытта «психология пәні» ретінде нақтыланған түсінік болып П.Я.Гальперин бойынша бағдарлы іс-әрекет табылатындығын айтуға тура келеді.
Психология пәні-жай ғана қатардағы оқу үдерісі емес, ол расымен де бар және ғылымның өзі үшін де, оны оқыту әдістемесі үшін де күрделі мәселе.
Жоғарыда айтылып кеткендей, психология пәні туралы сұраққа жауап берудің екі әдісі бар: біріншісі-дұрысырақ, бірақ күрделі және екіншісі-ресми, бірақ қысқа. Бірінші әдісте бірінші дәрістің өзінде ойдың психология пәнінің қазіргі күнгі түсінігіне дейін қозғалу тарихын толығырақ ашу керек, ал екіншісінде-психологияның қандай сұрақтарды зерттейтіндігін өте қысқаша түрде сала отырып, сұрақтарды толығырақ қарастыруды келесі сабақтарға қалдыру. Осы екінші әдіс, қысқа болғандығына қарамастан, әдістеме үшін қарапайым емес. Егер кез-келген тақырыпты зерттеуге байланысты қандай да бір жолмен психология пәні туралы пікірдің қозғалу тарихын шолып өтуге тура келетіндігін үнемі есте сақтайтын болсақ, онда бұл ниетті жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл психология пәнін өзіндік оқу пәні ретінде зерттеген кезде ғана мүмкін болады және де жалпы психология пәні түсінігіне қатысты. Ал егер жастық немесе педагогикалық, медициналық немесе заңдық психология зерттелетін болса, бұл жағдайда да берілген нақты ғылымның пәнін ашу талап етіледі. Бұл жерде де сол екі әдіс болуы мүмкін және дәл сол әдістемелік қиындық кездеседі.
Сондықтан әдістемелік тұрғыдан студенттерді жүзжылдық барысында әртүрлі кезеңдерде болған психология пәні туралы барлық негізгі көзқарастармен бәрден таныстыру үшін бірінші әдіс ақталған. Ал сол немесе басқа да тарихи сәтте қандай көзқарастардың басым болғандығын оқытушы дәрісте айтады. Бұл психология пәні туралы келесі түсініктер болуы мүмкін: 1) жан (Демокрит және т.б.) ; 2) ақыл-ой құбылыстары (Локк); 3) жүріс-тұрыс (бихевиористтер); 4) санасыздық және оның санаға қатысы (Фрейд); 5) рефлекстер (Н.М.Бехтеревтің рефлексологиясы); 6) реакциялар (К.Н.Корниловтың реактологиясы); 7) адамдар мен жануарлардың психикалық өмірі фактілері мен механизмдерінің заңдылықтары (материалистік, марксистік психология жақтаушылары); 8) тұтас іс-әрекет (А.Н.Леонтьев); 9) бағдарлы іс-әрекет (П.Я.Гальперин).
Сонымен біз күрделі әдіспен шешілетін бір оқу сұрағын немесе бір оқу есебін дәрісте қарастыру және беру әдістемесін талқыладық. Психология пәні туралы сұрақ- бұл қағидалық маңызы бар сұрақ және оның шешіміне соңғы нүсте қойылмаған, оны оқыту әдістемесі ерекше назарды талап етеді. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды соңғы инстанция шындығы ретінде қабылдап керек емес, оны осы маңызды сұрақтың дәрісте баяндалуы шығармашылық болуға шақырту деп есептеу керек.
Төменде оқытушы таңдамалы түрде өз қалауынша (дәрістерде, студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларында, семинарларда, тәжірибелік сабақтарда) пайдалана алатын жалпы психология бойынша басқа да оқу тапсырмалары (күрделі сұрақтар мен есептер) келтіріледі.
- Зерттелетін ғылымды кәсіби деңгейде меңгеру үшін оның пәнін нақты көрсету неліктен маңызды (маңызды ма)? Төменде ұсынылатын жауап нұсқалары 1-курстың психолог студенттерін сауалнамалық сұрастыру барысында алынған және олар дәрістерде немесе семинарда сараптауды талап етеді. Олардың қайсысы қате және неліктен, қайсысы дұрыс және қандай мөлшерде?
а) Ғылым пәнін біле отырып, емтиханда жақсырақ жауап беруге немесе бақылау жұмыстарында психология бойынша кез-келген жеке сұрақты сараптауға болады;
б) ғылым пәнін білу нақты сұрақтарды білуде және жалпы курсты меңгеруде ерекше мәнге ие емес;
в) ғылым пәнін біле отырып, адам педагогикалық немесе әлеуметтік жағдайларды психологиялықтан айыра алмай, бақыланатын фактілерде шатаспайтын болады;
г) ғылым пәнін білу психологияның өзінің ғылым ретінде дамуында әдістемелік мәнге ие, яғни, ғылымды бірінші рет оқып жатқан студенттер үшін емес, ғалымдар үшін маңызды;
д) егер психологтардың өздері (ғалымдар мен тәжірибешілер) өз ғылымының пәніне әлі күнге дейін анықтама таппаған болса, онда сол немесе басқа белгілі көзқарас тұрғысын ұстану керек;
е) кітапта аталып өткен көзқарас тұрғыларының кел-келгені дәлелді болып табылмайды, сондықтан, олардың бір де біреуін білместен, психологияның нақты мәселелерін зерттеуге және кәсіби психолог болуға болады;
ж) студент психологияны зерттеудің басында-ақ оның пәнін ғынуы керек (келтірілген көзқарас тұрғыларының біреуін қабылдау немесе өзінің меншікті көзқарасын алға тарту және негіздеу), әйтпесе оқуда догматизм болады және болашақ тәжірибе шығармашылықтан айырылады.
- Студенттерге тапсырма:
Психология жөніндегі оқулықтар мен сөздіктерде танымдық үдерістер туралы сұрақ әртүрлі берілген. Мысалы, «Жалпы психология» оқулығы (А.В.Петровскийдің ред. –М., 1976) және Р.С.Немовтың (Психология: 3кіт. 1кіт.психологияның жалпы негіздері. –М.,1998), сонымен қатар «Қысқаша психологиялық сөздікті» (М., 1998) және «Психологиялық сөздікті» (М.,1983) салыстырыңдар. Бір оқулықтар мен сөздіктерде бұл үрдістер аталған, басқаларында-жоқ. Алайла олардың қатарына келесі психикалық құбылыстарды енгізуді жалпы қабылданған деп санауға болады: түйсіну, қабылдау, есте сақтау, елестету, ойлау, қиылдау және сөйлеу.
Тапсырма: Психикалық танымдық үдерістерді олардың танымдық іс-әрекетте қызмет етуінің өзара тәуелділігі мен бірізділігі түсінікті болатындай сызбаша түрде орналастырыңдар. Көрнекі сызбамен орналастыру түрі ретінде кез-келгенін таңдауға болаы (мысалы, метрополитен сызбасы немесе ғимаратты тұрғызудағы технологиялық үдерісте жұмысты бірізділікпен және қатар жүргізу сызбасы ретінде кескін түрін, немесе өзара байланыстарды көрсететін тілдермен қарапайым тізімдеме түрін, немесе қандай да бір басқалай көрнекілік түрін), бастысы-бұл көрнекілік және түсініктілік. Жауап-сызбаны дәптерге көшіріңдер.
- Психологиялық әдебиетте «назар» түсінігінің бірнеше әртүрлі анықтамалары мен түсініктемелерін кездестіруге болады: а) психикалық үрдістердің бірі; б) ерекше, дербес үдеріс емес, кез-келген басқа психикалық үдерістің тарабы немесе кезеңі (қабылдау, ойлау және т.б.); в) нысанға іс-әрекеттің нысанға топталуы, бағытталуын қамтамасыз ететін психиканың қасиеті; г) ақыл-ой әрекетінің оларды жүзеге асыру бағдарламасына сәйкес келуін іштей қадағалау, яғни, бағдарлық-зерттеу іс-әрекеті кезеңдерінің бірі; д) Д.Н.Узнадзе орнатқан теория бойынша, назар «адам назарының ішкі күйі» боылп табылатын нұсқамамен байланысты (яғни, назар сыртқы бір нәрсе ретінде түсіндіріледі, ішкі күй болып нұсқама табылады); е) Т.Рибоның пікірі бойынша («назардың моторлы теориясы») назар қозғалыстан шығады және қозғалысты реттейді, эмоциялардан туындайды және олармен қатар жүреді (яғни, нақты бір нәрсені жайбарақат ойлау немесе бір нәрсені бақылау, мысалы, өзеннің бірқалыпты ағысынт және онда жүзіп жүрген жаңқаны, қозғалысқа да, эмоцияға да жатқызуға болмайды, яғни бұл жерде назар да жоқ).
Студенттерге тапсырма: осы көзқарастарды сараптаңдар және өз көзқарастарыңды анықтаңдар-көзқарас тұрғыларының қайсысы сендерге ұнайды және неліктен.
- Ми психиканың басты мүшесі ретінде және ми жүйке жүйесінің орталық бөлімі ретінде. Сыртқы заттардың сигналдары (жарық, дыбыс, иіс және т.б.) жүйке ұштарын тітіркендіреді (рецепторларды), жүйке талшықтары арқылы миға түседі (бас миына немесе жұлын), оны қоздырадығ бұл ағзаның сыртқы тітіркендіргішке жауап реакциясы және жүйке импульсі ретінде қаңқа бұлшықеттеріне тасымалданады, нәтижесінде қозғалыс жүзеге асады (импульсивті, рефлекторлық, еріксіз немесе саналы реттелетін, ерікті). Психикалық және физиологиялық (жүйкелік) өзара байланыстың сызбасы осындай, ми іс-әрекетіндегі және психикадағы байланыстар сызбасы. Енді психологияның, психофизиологияның, нейропсихологияның физиологиялық негізі бойынша ұсынылатын әдебиеттерді оқыңдар. Неге И.М.Сеченов психикалық үдерістер санада басталады және санада аяқталады деген пікірді үлкен адасу деп есептеген? Негізінен қалай болады: психикалық үдерістер қайда басталады және аяқталады? Сеченовқа дейін бұл туралы қалай ойлаған?
- Психиканы зерттеу кезінде әртүрлі тарихи уақытта және әртүрлі елдерде жұмыс істеген (және істейтін) әртүрлі мектептер мен бағыттар ғалымдары сол тұрғыдан өздеріне психикалық өмір түсіндірілетін әртүрлі тәсілдерді ұстанған (ұстанады). Осылайша, ғылым тарихынан белгілі: психикаға функционалдық тұрғыдан қарау, тұлғалық тұрғыдан және іс-әрекеттік тұрғыдан қарау. Олардың әрқайсысының мәнін тұлғалық және отандық психологтардың көпшілігі ұстанатын іс-әрекеттік тұрғылардың арасында қандай айырмашылық бар екендігін көрсете отырып, дәрісте ашуға болады; функционалдық және тұлғалық тұрғылардың арасында қандай айырмашылық бар. Сосын студенттерге осы немесе басқа, үшінші тұрғыны көрсететін оқулық мысалдарын іріктеуге тапсырма беруге болады.
- Қабылдау, елестету, есте сақтау, қиялдау, ойлау-міне бес психикалық танымдық үдерістер. Олардың барлығы оның ажырамас бөлігі ретінде кездесетін тәжірибелік іс-әрекетке (бір жалғыз) мысал таңдап алыңдар және онда осы үдерістердің қызмет етуі көзқарасы тұрғысынан осы іс-әрекетті қысқаша сипаттаңдар.
Бұл сұрақты студентке дәріс соңында өзіндік жұмысқа тапсырма ретінде қойған мақсатты, ал олардың жауаптарын тәжірибелік сабақта талдау керек.
- Репродуктивті және өнімді (шығармашылық) ойлау-олардың айырмашылығы неде?Елестетіңдер, алдарыңа бірнеше тапсырма қойылған (немесе сұрақтар), олардың кейбіреуіне сендер бірден жауап бере аласыңдар (өйткені жауабын білесіңдер, естеріңде), басқаларына-біраз ойланып (бір нәрсені еске түсіріп, бір нәрсені сәйкестендіріп, салыстырып, бір нәрсені есептеп, бәр нәрсені шығарып), ал үшіншісіне бірінші жағдайдағыдай естеріңде дайын жауап жоқ, екінші жағдайдағыдай оны іздестіру әдісі де жоқ. Үшінші жағдайда не істейсіңдер? Үш нұсқаның барлығында да ойлау қызмет етеді ме немесе барлығында емес? Қай жерде шығармашылық, ал қай жерде репродуктивті ойлау көрінеді?
Егер берілген сұрақты алдын-ала (мысалы, дәрісте) студенттерге өмірден нақты мысалдарды таңдап алып, қағаз бетіне түсіріп, оқытушыға өткізуді ұсыну арқылы қоятын болса, ол семинар сабақтарында белсенді талқылау тудырады.
Мұндай тапсырма, біріншіден, студенттердің жауапкершілік сезімдерін арттырады, ал екіншіден, оқытушыға семинарда талқылау үшін кейбір мысалдарды пайдалануға мүмкіндік береді, бұл оқушылардың ойлау қабілетін белсенді етеді. Мысалдардың қайсысы талқылауды талап етеді немесе барлығына қызықты, мұны жазбалармен жылдам танысу барысында анықтау оңай.
- Затты (нәрсені, материалдық нысанды) қабылдау және оны білдіретін сөзді қабылдау. Айырмашылығын көресіңдер ме? Егер көрсеңдер, онда айырмашылығы неде? Осы айырмашылықты сөздік, ауызша қарым-қатынаста ескерудің маңыздылығына мысал келтіре аласыңдар ма ( басқару немесе оқыту іс-әрекетінде, адамның адаммен қарым-қатынасында және т.б.)?
- Елестету және қиялдау. «Қиялды елестеті» тақырыбына мысал құрастырыңдар (өмірден табыңдар, әдебиеттен алыңдар). Елестету және есте сақтау. Олардың өзара байланысына мысал келтіріңдер.
- Сөйлеу-ойдың сыртқы көрінісі. Жаңа материалды баяндау кезіндегі мұғалімнің сөзі оның ойының көрінісі болмауы мүмкін бе (болады ма)?
- Студенттің сөзі (семинарда сөйлеуі) оның ойының көрінісі болмауы мүмкін бе?
- Адам өмірі барысында барлық психикалық танымдық үдерістер дамуға ие болады, бірақ түрліше: кейбір адамдарда түйсіну (мысалы, көру немесе есту) жақсырақ және тезірек дамиды, кейбірінде-ойлау мен есте сақтау және т.б. Әртүрлі адамдардағы психикалық үрдістердің даму деңгейіндегі айырмашылық қалай түсіндіріледі?
Осы бес сұрақ (№9-13) танымдық үдерістерге арналған семинар (тәжірибелік) сабақтарға дайындық кезінде өзіндік жұмыс ретінде берілетін тапсырмаларда қолданыла алады.
- Тұлға психологиясы және психологиядағы тұлға түсінігі. Дәрісте тұлғаның келесі анықтамаларын салыстыруға болады:
а) «Тұлға-жеке адамды құрайтын тұрақты психологиялық қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік» [53, 557].
б) «Тұлға деп, яғни қоғамдық қатынастарға қосылған және қоғамдық даму қайраткері болып табылатын әлеуметтік жаратылыс деп» «ересек, қалыпты адамды (жаңа туған, ақылынан адасқан адамды емес)» атай аламыз-А.В.Петровскийдің ред. (М., 1976. -97 б) «Жалпы психология» оқулығында солай айтылған.
в) «Тұлға-келесідей мағына беретін термин: 1) қарым-қатынас немесе әлеуметтік іс-әрекет субъекті ретінде адамның жеке тұлғасын немесе 2) жеке тұлғаны осы немесе басқа қоғам немесе қауым адамы ретінде сипаттайтын әлеуметтік маңызды сипаттардың тұрақты жүйесін. Тұлғ таным мен өзін-өзі тану пайда болған кезде ғана пайда болады» (Психологиялық сөздік. –М., 1983. – 178 б.).
г) «Тұлға-жеке тұлғамен заттық іс-әрекетте және қарым-қатынас барысында иеленетін, оны қоғамдық қатынасқа қосылуы жағынан сипаттайтын жүйелік қасиет» (Қысқаша психологиялық сөздік. –М.,1985. -165 б.).
д) «Тұлға- 1) әлеуметтік қарым-қатынас және танымдық іс-әрекет субъектісі ретіндегі адам; 2) әлеуметтік байланыстарға қосылуымен анықталатын және біріккен іс-әрекетте және қарым-қатынаста қалыптасатын жеке тұлғаның жүйелік қасиеттері» [38, 187].
Дәріс соңында студенттерге тапсырма беруге болады:
«Тұлға түсінігіне анықтама берілетін басқа да әдебиеттерді оқыңдар. Оларды дәрісте келтірілген анықтамамен салыстыра отырып және оған берілген ғылыми мәнді сараптай отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
- Тұлға анықтамасының «а» және «г» нұсқаларына кез-келген жеке тұлғаны жатқызуға болады ма?
- Анықтамалардың қайсысы сендер үшін отандық психологияда қабылданған түсінікке көбірек сәйкес келетін сияқты көрінеді?
- Өз анықтамаларыңды барынша қысқа және барынша нақты (әдебиеттегіге сүйене отырып) түрде құрастыруға тырысыңдар».
- «Тұлға» түсінігінің «адам» және «жеке тұлға» түсініктерінен айырмашылығы қандай? Немесе, сендердің ойларыңша олар ұқсас па? (Бұл сұрақ оқу тобының алдына оқытушы жауаптар дәлелінің айқындылығын, студенттер пікірінің дәлелділігін және иланарлық болуын талап ететін семинар сабақтарында тікелей қойылуы мүмкін).
- «Тұлға психологиясы» бөлімінде әртүрлі авторлар тұлғаның «бет-әлпеті» немесе қасиеттері «жиынтығын» қарастырады: мысалы, Р.С.Немов оларды алтау деп санайды (қабілеттер, темперамент, мінез, ерік, эмоция, уәждеме), сол уақытта А.В.Петровскийдің редакциясындағы «Жалпы психология» оқулығы –үшеу ғана санайды (темперамент, мінез, қабілет), әйткенмен уәждеме де тұлғаның мінезіне жатқызылған, бірақ оның іс-әрекетіне байланысты, ал ерік пен эмоция (сезім) іс-әрекет сипаттамасына жатқызылған. Осы екі нұсқаның қайсысымен келісетін едіңдер және неге? Немесе сендерде осылардың негізінде қандай да бір жаңа құрылым құру мүмкіндігі туралы пікір бар ма (үшінші нұсқа)?
Бұл сұрақ әдетте дереккөздерді мұқият оқитын студенттерде пайда болады, алайда көпшілігі бұл айырмашылықтарды байқамайды. Сондықтан студенттер назарын осы сұраққа дәріс барысында аудару және жауабын табуды сұрау мақсатты болуы мүмкін.
- Қабілеттер дегеніміз не? Олар тұлғаның туа біткен ерекшеліктері ме немесе өмір барысында қалыптасады ма? Немесе туа біткен болып іс-әрекетте көрініс беретін және дамитын қандай да бір мүмкіндіктер(алғышарттар) табылады ма? Содан кейін қабілеттерге айналмайтын алғышарттар болуы мүмкін бе немесе бір нәрсеге қабілет көрініс бермесе, алғышарттар да болмас па еді? Басқаша айтқанда, бастапқыда ешқандай алғышарт болмаса, адамда мысалы, математикаға немесе музыкаға, техникаға немесе басқарушылық іс-әрекетке деген қабілет дамуы мүмкін бе?
- «Қабілет» және «бейімділік» түсініктері арасынан айырмашылық көресіңдер ме, сондай-ақ осы немесе басқа адамдар жұрты бөлетін сапалық мінездемелер арасындағы : «дарынды», «дана», «ақылды», «мағлұматты», «оқыған», «білімді», «қабілетті»?
- Мінез дегеніміз не? Әртүрлі психологиялық еңбектерде аталған мінездерді адамдардың адамгершілік (моральды) қасиеттерімен салыстырыңдар (қар.:Этика жөніндегі сөздік. –М., 1983. 443 б) және қорытынды жасаңдар: неге дәл бір түсініктер (мысалы, талапшылдық, еңбексүйгіштік, атаққұмарлық, өзін-өзі сүюшілік, ар, қарапайымдылық және т.б.) тұлғаның мінез қасиеттерін және моральдық қасиеттерін белгілеу үшін қолданылады? Адамдар мінезбен туылады ма немесе ол өмір барысында тәрбиеленеді ме?
Осы үш сұрақты (№17-19) алдын-ала олардың құрамына өзіндік жұмыстың оқу тапсырмаларын қоса отырып, семинарда талқылаған жақсырақ. Семинардағы пікірталас белсенділігіне кепілдік беріледі, өйткені студенттермен көптеген тұрмыстық белгілі түсініктерді әртүрлі түсіндіру көрінеді, сондай-ақ олар тарапынан осы түсініктер мазмұнын психологияның ғылыми позициясы тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстар болады.
- Темперамент деген не? Қазіргі уақыттағы психологияда темпераменттің қандай түрлері қарастырылады және олар адамның жүйке жүйесімен қалай байланысты?
Бұл сұрақты семинарда (тәжірибелік сабақта) темперамент түрлерінің жүйке жүйесі түрінің сипаттамасымен өзара байланысының төменде келтірілген сызбасын қолдану арқылы жауап беру үшін студенттерге қалдыруға болады: күш (әлсіздік) бойынша, біркелкілік (біркелкі еместік) бойынша, қозғалмалылық (бейқамдық) бойынша.
|
Жүйке жүйесінің түрі |