ТЕОРИЯЛЫҚЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ

 

Студенттердің кез-келген ғылымды зерттеуі бір мақсатқа бағынған-өмірлік құбылыстарға, тәжірибелік тапсырмаларға ғылыми көзқарас тұрғысынан жүгінуге үйрену, яғни жан-жақсы зерттелген істі білу арқылы. Психологияға қатысты қарастыратын болсақ,  бұл студент оны шынайы адамдардың әрекетіндегі, қылықтарындағы, мінез-құлқындағы оның көрініс ерекшеліктерін түсіну үшін адам психологиясында ғылыми бағдар алу мақсатында зерттеуі керек  және соның негізінде күнделікті тәжірибеде олармен дұрыс өзара әрекет етуге үйренуі керек дегенді білдіреді.

Бұл мақсат жалпы және кез-келген пәнді оқытумен байланысты, бірақ ол тек студенттің іс-әрекетіне ғана қатысты:  студент оған жетуге тырысуы тиіс. Ал оқытушыға келетін болсақ, онда оның іс-әрекеті арнайы, студенттің мақсатынан ерекшеленетін мақсатқа ие. Студенттің мақсаты-ғылымды зерттеу, ал оқытушынікі-оны енгізу. Бұл мақсаттар  ақыр соңында бірігеді. Бірақ олар қойылған кезде әртүрлі көрінеді: студент оқытушыдан «білім алуды» көздейді, ал соңғысы оған осы қажетті білімдерді «беруді» және оны пайдалануды үйретуді көздейді.

Психологияны зерттей отырып, әр студент оның болашақ кәсібіне қарамастан, адамдардың әрекеті мен қылықтарын сараптау мен бағалау барысында, тұлғаның мінез ерекшеліктері мен қабілетін, темпераментін және басқа да қасиеттерін, қоғамдағы, ұжымдағы, басқа адамдармен жеке қарым-қатынасындағы  әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды анықтау барысында психологиялық тұрғыдан ойлануды үйрену керек.

Осылайша, студенттердің психологияны зерттеудегі мақсаты мен психологиядан сабақ беру мақсаты студенттің білім алуының соңында оның нәтижесінде бірігеді: студентте басқа адамдармен нақты өзара әрекет ету барысында ғылыми психологиялық білімдерін іс жүзінде басшылыққа алу қабілетінің қалыптасуында, бұл өз кезегінде психологиялық тұрғыдан ойлау қабілетінің қалыптасқандығын көрсетеді.

Алдына осы немесе басқа тақырыптарды және бөлімдерді оқытуды мақсат етіп қоя отырып, ғылымның әртүрлі салаларының ерекшеліктерін ескеру қажет.

Сонымен, теориялық (жалпы) психологияны түсіндірмелі деп атау қабылданған, ал қолданбалы психологияны-осы теорияның ақиқат болмысының әртүрлі тараптарына іс жүзіндегі қосымша ретінде: психика фактілеріне, оқиғалары мен құбылыстарына. Алайда,қолданбалы психология да түсіндіреді, бірақ шынайы психикалық өмірдің нақты фактілерін; әлеуметтік психология-қоғамдық өмір құбылыстарын, топтық мінез-құлық фактілерін; инженерлік психология-адамның техникамен өзара әрекетінің ерекшеліктерін; педагогикалық психология-оқыту мен тәрбиелеу нәтижелілігінің шарттарымен байланысты фактілерді; медициналық психология-денсаулықтың жақсаруы мен нашарлауының психологиялық себептерін; әскери психология-шайқастың қауіпті жағдайларындағы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б. Сонымен, қолданбалы психологияның да тапсырмалы жалпы, теориялық психологиядағы сияқты  түсіндірмелік болып табылады, бірақ психологияның әрбір қолданбалы саласының құзыретіне жататын өз мүдделері аясы фактілеріне қатысты түсіндірмелік.

Ал психологиялық білімнің іс жүзінде қолданылуына келетін болсақ, теориялық психология үшін де, қолданбалы психология үшін де олар фактілерді түсіндіруде саяды, бір жағдайда-психологияның жалпырақ теориясы көзқарасы тұрғысынан, ал екіншісінде-білімнің тар аясы тұрғысынан-қолданбалы психологияның нақты теориясы тұрғысынан. Сонымен, мысалы адамның мінез-құлық уәждері жалпы, яғни, кез-келген адамды уәждердің қажеттілік салдарынан туындағандығы туралы жалпы психологиялық теория негізінде түсіндіруге болады, ал сынаушы ұшқыштың тұрақты қатерлі әрекеттер уәждерін авиациялық психология көзқарасы тұрғысынан түсіндіру қажет, өйткені бұл жерде қажеттіліктердің өздері нақты және ерекше. Барлық нәрседе осылай.

Енді сұрақ: психологиялық теория психологияның қолданбалы саласына қызмет ететін болса, оны іс жүзіндегі қолданысқа жатқызуға болады ма? Осы қолданбалы ғылымды оқыту мақсаты осы сұрақтың жауабына байланысты.

Оның жауабы оң болуы керек: иә, оны теорияны іс жүзінде қолдануға жатқызуға болады, бірақ тәжірибелік емес, теориялық мәселелерді  шешуге. Мысалы, іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын даму мен білім алу психологиясын тануға (яғни, педагогикалық психология саласына) немесе ойнау іс-әрекетінде баланың жеке тұлғасының қалыптасу заңдылықтарын анықтауға(яғни, жастық психология саласына) тарата отырып, біз медицинамен және зоологиямен зерттелетін құбылыстарды түсіндіруге билология заңдарының, қатты зат физикасы аясындағы зерттеулерде математика заңдарының қолданылғандығы сияқты әрекет етеміз. Психологияның жалпы теориясы қолданбалы психологиялық ғылымдарда ғана емес, басқа да («бөтен») ғылымдарда фактілерді теориялық түсіндіруге қолданылуы мүмкін, мысалы, педагогикада немесе социологияда.

Психологиялық теорияны басқа, байланысты немесе байланысты емес ғылымдарда теориялық зерттеу тапсырмаларына  іс жүзінде пайдалану психология теориясын тәжірибеде қолданудың екі түрінің бірі болып табылады. Біреуін атап өтуге болады-психикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдану. Екіншісі-психологиялық фактілерді түрлендіруге, оларды өзгертуге, түзетуге қолдану, бұл ғылыми тұрғыдан психотехника атауына ие болған тәжірибелік психология құзыретіне жатады.

Жаңа ғана айқындап алғанымыздай, қолданбалы психология заңдары теориялық психологиямен бірдей деңгейде  психикалық құбылыстарды түсіндіруге қолданылады. Бірақ түсініктеме сәйкес түрлендіруден кейінгі емес, қазіргі уақытта бар фактілер мен құбылыстарға қатысты: оқыту, тәрбиелеу, психикалық түзету, психикалық терапия және т.б. Қолданбалы психология фактілерді жағымды өзгертуге немесе қажетті жаңа түрленімдерді қалыптастыруға қолданылатын болса, онда оның осылай пайдаланылуы түсініктеме ғана болып табылмайды, қолданысқа айналады.

Осылайша, қолданбалы психология іс жүзінде екі түрдегі қолданысқа ие болады: нақты психологиялық құбылыстарды түсіндіруге (қолданбалы психологияның теориялық бөлігі) және психиканың осы немесе басқа тараптарын түрлендіруге (қолданбалы психологияның тәжірибелік бөлігі немесе психотехника).

         Егер ЖОО психология оқытушысы студенттерде шығармашылық ойлауды дамытуға қам жесе және осыған арнайы зияткерлік жаттығулармен әсер ететін болса, бұл оның теориялық психологиямен ғана емес-теорияның шынайылығын негіздеумен, оның постулаттарын түсіндірумен, сонымен қатар тәжірибелік психологиямен, психотехникамен де жұмыс істейтіндігін көрсетеді, өйткені ойлау дағдыларын нақты қалыптастыруға, ойлау тапсырмаларын (талдау-жинақтау) теориялық психология материалдарына сүйене отырып шешу қабілетін дамытуға күш жұмсайды.

         Осылайша, психологияны зерттеудің жалпы мақсаты оқушыларда (студенттерде) психика фактілері мен құбылыстарын ғылыми түсіндіруге, сондай-ақ адамның жеке тұлғасын(оқыту және тәрбиелеу, ұжымды қалыптастыру, ауытқыған мінез-құлықты психологиялық түзету немесе жүйке-психикалық бұзылыстарды психотерапиялық емдеу)  дамыту мақсатында адам психикасын түрлендіру үшін  өзінің психологиялық білімін қолдана отырып, психологиялық ойлау қабілетін қалыптастыру табылады.

         Берілген жалпы мақсат, жоғарыда атап өткеніміздей, бірқатар нақты мақсаттарға бөлінуі керек.

         Психологияны зерттеудің нақты мақсаттарын ерекшелеу қағидаларының бірі болып болашақ мамандар ретінде студенттерді кәсіби бағдарлау қағидасы табылады. Осы көзқарас тұрғысынан барлық студенттерді екі үлкен топқа бөлуге болады: 1)  көпшілігі-бұл психологиялық емес мамандық студенттері және 2) аздаған тобы-психология студенттері. Бірінші және екінші топ студенттері үшін де психологияны зерттеудің жалпы мақсаты бірдей, ал нақты мақсаттарға келетін болсақ, олар әртүрлі.

         Психолог маман болмайтын көпшілік студенттердің психологияны зерттеу мақсаттарын қарастыруды бастаймыз.

         Егер жалпы мақсат біреу болса, яғни тәжірибелік мақсаттарды шешуде теориялық білімді қолдана отырып, психологиялық ойлау дағдысын қалыптастыру болса, онда клесідей сұрақ туындайды: психолог емес мамандардың кәсіби іс-әрекетіне кіретін қандай әрекеттерде осы білімдер мен оларды пайдалану дағдылары қажет болады? Атақты психолог Е.А.Климовтың пікір бойынша, психологиялық білім кез-келген психолог емес маманға «психологиялық сауаттылық» үшін қажет, өйткені оған «идеяларын, ниетін, көңіл-күйін басқалардың санасына жеткізуге тура келеді (өзара түсіністік іздеуге, оқытуға, басқаруға)». Ол «өзінің ішкі әлемін жақсырақ реттеу мен ғылыми негізде өздігінен жетілу» де маңызды деп санайды. Соңғысын психолог еместерге ғана емес, бірдей мөлшерде психолог мамандарға да қатысты айтуға болатын болғандықтан, психолог емес студенттердің психологияны зерттеудегі мақсатын «өзара түсіністік, оқыту, басқаруға арналған психологиялық сауаттылық» деп мойындауға тура келеді, мұнымен кез-келген маман айналыса алады.

         Мұнымен келісуге болады, бәрақ нақтылап алу керек, адамды қандай белгілері бойынша психологиялық тұрғыдан сауаттылар санатына немесе жеткілікті сауатты емес адамдар қатарына жатқызуға болады.

         Психология мәселелерінде жеткілікті сауаттылық шекарасы кәсіби іс-әрекеттің әрбір саласы үшін арнайы  болуы мүмкін. Мысалы, шахта директорының психологиялық сауаттылығы шахтерлер бригадирінің психологиялық сауаттылығынан сөзсіз ерекшеленеді. Және де олар осыған байланысты қызмет баспалдағының әртүрлі сатыларында тұрған жоқ, олардың іс-әрекет сипатының айырмашылығына байланысты: олар әртүрлі мәселелерді шешеді, осыған байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасын сараптайды және бағалайды, оқытады және оларды басқарады. Шындығында, шахта директорына шаруашылық шешімдерін шешу барысында экономистпен және кеңесші заңгермен өзара тіл табысу керек болса, онда бригадир үшін мұндай қажеттілік туындай бермейді, және осы мәселелерде оған психологиялық білікті болудың қажеті шамалы. Әр түрлі бағыт пен әр түрлі іс-әрекет саласындағы басқа кез-келген басқарушы мамандар үшін психологиялық сауаттылық шекарасы туралы мәселенің жағдайы осындай.

         Енді психологиялық мамандық студенттерінің психологияны зерттеудегі мақсаттарын қарастырайық. Жалпы мақсат-психологиялық ойлауға үйрену, әлбетте, оған психолог емес мамандарға қарағанда жоғарырақ деңгейде қарау. Психологиялық ойлау қабілетінсіз психолог маман ретінде қалыптаспайды, маркшейдер маман үшін немесе биолог-орнитолог үшін осындай кемшілік олар өз саласында үздік маман болатын болса, залалды емес, дегенмен, психологиялық білім мен психологиялық ойлау қабілеті сөзсіз оларға абырой әкелер еді.

         Алайда психологияны зерттеудің жалпы мақсаттарымен қатар, әртүрлі бағыттағы болашақ психолог маманда (теориялық, қолданбалы, тәжірибелік) да өзіндік нақты мақсаттар бар.

         Сонымен, теорияшыл психолог, мысалы ММУ психология факультетінің оқушысы психологияның академиялық білімімен ғана қаруланбауы керек, сонымен қатар ғылымның өзінің аясын кеңейте отырып, психологияның негізгі мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге іс жүзінде дайын болуы керек. Және де ол психологияның қолданбалы саласында маман болмауы және тәжірибелік психология саласында еш нәрсені жоғары шеберлікпен орындай алмауы мүмкін. Мұндай болжам ақырғы шек болсын (расында теорияшыл психолог іс жүзінде көп нәрсе жасай алады), бірақ ол теорияшыл психологтың білім алуының арнайы мақсатын айқынырақ көрсетеді. Оның тапсырмасы-ғылымды ары қарай дамыту, ғылыми зерттеулердің әдістемелері мен әдістерін меңгеру, отандық және шетелдік теориялық психологияның заманауи жағдайында сенімді бағдарлану, ғылымның ары қарайғы даму мүдделерін талап ететін зерттеу мәселелерін білу.

         Осындай маманды оқытудағы нақты мақсат қандай? Ол шын мәнінде, психологияны ғылым ретінде зерттеудің жалпы мақсатымен сәйкес келеді-ғылыми білімді іс жүзінде пайдаланып үйрену, тәжірибелік қана емес, теориялық тапсырмаларды да шешу үшін психологиялық ойлай алу. Оған психологиялық теорияны бұрынырақ түсіндірілмеген психологиялық құбылыстарды түрлендіру үшін емес, түсіндіру үшін қолданып үйрену керек.

         Қолданбалы психологияда –зерттеудің нақты, тар салаларында психика құбылыстарын түсіндіру үшін , ал өзінің тәжірибелік бөлігінде (психотехникада) –психиканы түрлендіруге қолданылатын педагогикалық, жастық, құқықтық (заңды), инженерлік, медициналық (клиникалық) және т.б. психологияларда мамандандырылатын психологтарды дайындаудың нақты мақсаты басқалай көрініс береді. Қолданбалы психологияның осындай екі жақты рөлі алдымызға оқыту  мақсатын да, оны студенттердің зерттеу мақсатында басқаша қоюға мәжбүрлейді.

         Оңтайлы мақсат қою көрсетіледі: психологияның таңдаулы саласында психикалық құбылыстарды сараптау, бағалау және түсіндіру үшін, сондай-ақ олардың психологияның берілген саласының ғылыми заңдарын адамды психикалық тұрғыдан жағымды өзгертуге қолдану әдістері мен психотехникалық тәсілдерді меңгеруі үшін  оқушыларда ойлаудың психологиялық қоймасын қалыптастыру. Сонымен, дәрігер студент, дәрігер болуға дайындала отырып, науқасты сауықтыру мақсатында оған психотерапевтік, психологиялық түзету, психопрофилактикалық әсер ету әдістерін меңгеру үшін клиникалық психологияны зерттейді; заңгер студент (болашақ тергеуші, сот, прокурор және т.б.) психология заңдарын түзету-профилактикалық шараларын дұрыс таңдау мақсатында айыпталушының қылмыс жасау немесе қылмыстық әрекеті уәждерін анықтау үшін қолданады; кез-келген мектеп пәнінің болашақ мұғалімі оқушының артта қалуының немесе, керісінше, өз пәні бойынша үздік оқуының психологиялық себебін әрқайсысын жеке зерттей отырып, сараптау қабілетіне ие болады.

         Және де психология оқытушысы  өз жұмысын оқытудың жалпы мақсатына-психологиялық ойлауды қалыптастыруға негізінен дәріс және семинар сабақтарында қол жеткізетіндей етіп құрастыра алады; тәжірибелік дағдыларға-зертханалық және тәжірибелік сабақтарда, сондай-ақ мектептердегі, балабақшалардағы, кәсіпорындар мен фирмалардағы, заңгерлік кеңестерде, сотта және прокуратураларда, медициналық клиникаларда өтетін оқу тәжірибесі кезінде.

         Сонымен, оқыту әдістемесінің ықпалдылығы бірінші кезекте оқытудың мақсатын айқын түсінуге және оған әдістемелік тәсілдердің бүкіл жиынтығының бағынуына байланысты.

 

  1. Теориялық психологияны оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

         Теориялық(жалпы)  психологияны және оның қолданбалы салаларын оқыту мазмұны жағынан ғана емес, әдістемесі бойынша да өзіндік ерекшеліктерге ие. Оқыту әдістері үнемі түсініктірек әдістер мен тәсілдерді іздестіретіндіктен, қазірдің өзінде оның кейбір әдістемелік ерекшеліктерін көрсетуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *