Жоспар:
- Кәсіби білім беру психологиясы пәні, міндеттері
- Мамандықтардың жіктелуі
- Кәсіптену жолдары
Кәсіби білім беру психологиясы педагогикалық психологияның саласы ретіндегі кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмін,мамандықты меңгеру механизмдерін зерттейді.
«Кәсіби білім беру «ұғымы арнайы білім берумен теңестіріледі және ол кәсіби техникалық,арнайы және жоғары білім беру мекемелерінде алынады. Кәсіби білім алу нақты мамандық бойынша белгілі білім алу және қалыптастырумен байланысты.
*Кәсіби білім беруді ұйымдастыру бірнеше принциптерден тұрады:
-Кәсіби білім берудің қазіргі әлемдік тенденциядағы арнайы білім берумен сәйкестігі принципі.
-Кәсіби білім берудің беріктігі принципі әлем туралы түсініктерді қалыптастырудағы психологиялық прцестерді жүйелі білім алу мәселесімен байланыстыруды талап етеді.
-Кәсіби білім берудің жекелену принципі сол кәсіпке сәйкес кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыру проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осы аталғандардан кәсіби білім беру психологиясының пәндік аймағы туындайды.
-Кәсіби білім беру жүйесінде жеке тұлғаның жас және дербес ерекшеліктерін зерттеу.
-Кәсіби іс- әрекеттің субъектісі ретінде адамның өмірлік және кәсіби жолын зерттеу.
-Кәсіби оқыту және кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу.
-Кәсіби іс әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу
*Кәсіби білім беру психологиясы әдістері
-Бақылау
-Эксперимент
-Анкета
-Қызмет нәтижесін зерттеу
-Профессиография
Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады,немесе нақты еңбек процесі,оны ұйымдастыру жөнінде мәлімет құрастырылады(техникалық, санитарлық-гигиеналық,технологиялық,психологиялық,психофизиологиялық сондай-ақ мамандық психограммасы) құрылады Психограмма психологиялық және психофизиологиялық іс-әректті белсендіретін және оны орындауды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек әрекетін психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық «портреті».
*Кәсіби білім беру психологиясының зерттеу бағыттары:
-мамандықты психологиялық апектіде зерттеу және профессиограма құру;
-кәсіби іскерлік пен кәсіби білім беру процесінде дағдының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу;
-кәсіби іскерлікті жетілдіру мен қабілеттілікті дамыту проблемаларының кәсіби іскерлікті жетілдіру мен кәсіби қабілеттілікті дамытуға(сенсорлық,интеллектуалдық,моторлық)әсері проблемалары;
-кәсіби оқытудың психологиялық проблемаларын теориялық өңдеу.
*Кәсіби білім берудің психологиялық мәселелерінің даму тарихы 3кезеңнен тұрады:
1кезең. «Психотехникалық» — ХХғасырдағы 20-30 жылдар. Алғаш рет кәсіби білім беру психологиясы туралы мәселелер20-жылдары психотехника шеңберінде еңбек туралы ғылым ретінде туындаған.
2кезең.ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50жылдардың ортасына дейін.
Еңбек психологиясының алдында жоғары маманданған мамандарды даярлау да әлеуметтік тапсырмаға жауап беру міндеті тұрды. Ондағы басты проблемаларлың бірі еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру заңдылығын анықтау мен одан әрі жетілдіру,оларды жаңа жағдайда қайта құру,кәсіби-қабілеттілік процесін қалыптастыру,кәсіби білім беруде психологиялық сұрақтарды анықтау.
3кезең. ХХ ғасырдағы 50-жылдардың ортасынан 70-жылдарға дейін. Отандық психологиясы іс-әрекет пирамидасының одан әрі дамуда білім мен іскерлікті қалыптастыру идеяларының дамуымен байланысты педагогикалық психологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін құруға әкеледі.
80-90 жылдардағы психологиялық зерттеулерде кәсіби білім беру проблемалары жеке тұлғаны зерттеу контектісінде талданды. Кәсіби маңызды сапа ретінде жеке тұлғаның ерекшелігі кәсіби іс-әрекеттің жетістігінің және сенімділігінің факторы бола алады.
- 2. Мамандық-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі,тіршілік көзі болып табылады.
Мамандық-белгілі адамға тиесілі білім,іскерлік және дағды жүйесі ретінде де сипатталады.
Мамандықты суреттеудің жалпы схемасы 4аспектіні қамтиды:
- әлеуметтік-эканомикалық(мамандықтың қысқаша тарихы,оның халық шаруашылық жүйесіндегі орны,мамандарды даярлау туралы мәлімет,перспективасы,еңбек жалақысы,мамандықтың мәртебесі).
- өндірістік-техникалық(технологиялық прцесс,объект,еңбек құралы,жұмыс орны,еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер).
- санитарлық-гигиеналық(климат жағдайлары туралы мәлімет,жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар,еңбек режимі мен ритмі,медицинаға кері көрсеткіштер).
- психофизикалық(мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне қоятын талабы).
*Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі(А.Н.Леонтьев бойынша):
-биономикалық(табиғат);
-техномикалық(техника);
-сигномикалық(белгіліер);
-артономикалық(көркемдік бейнелер);
-социономикалық(адамдардың бірлесіп әрекет етуі немесе өзара қатынасы).
*Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы:
1.»Адам -Табиғат»(аграном,зоотехник,ветеринар,микробиолог,биолог…);
2.»Адам-Техника» (слесарь,техник-механик,техник-технолог,инженер-электрик,электрослесарь);
3.»Адам-Белгі»(программист,математик,картограф);
4.»Адам-Көркемдік бейне»(суретші,балет әртісі, актер, архитектор);
- «Адам-Адам»(дәрігер, мұғалім,әлеуметтік қызметкер,сатушы,шаштараз).
-«Адам-Табиғат» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: дамыған қиял,көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі,байқағыштық,өзгермелі табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті,маман шыдамы,табанды болуы керек; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзір,кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да,т.б.
— «Адам-Техника»мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:қозғалыстың жақсы координациясы,нақты көру,есту,вибрациялық және кинестезиялық қабылдау,дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял,зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы,байқағыштық.
-«Адам-Белгі жүйесі» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: жақсы опперативті және механикалық ес,зейінді ұзақ уақыт бойы шоғырландыру қабілеті,зейінді бөлу және ауыстыру,қабылдаудың нақтылығы,шартты белгі астарын көре білу іскерлігі,ынталылық,шыдамдылық,логикалық ойлау.
-«Адам-Көркемдік бейне»мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:көркемдік қабілеттер,көру есі,көре отырып қабылдау,көрнекі образдық ойлау,шығармашылық ойлау,шығармашылық қиял,адамға эмоционалды әсер етудің эмоционалдық заңдары туралы білім.
-«Адам-Адам»мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:қарым-қатынасқа ұмтылыс,танымайтын адамдармен қарым-қатынасқа жеңіл түсу іскерлігі,адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жаұсы сезіну,жақсылық тілеуші,елгезектік,шыдамдылық,эмоциясын тежей алу шеберлігі,адамдардың және өзінің мінез-құлқын саралау қабілеттілігі,басқа адамдардың ой -ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну,кикілжіңді шеше біліу іскерлігі,ойша өзінің басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі,басқа адамды тыңдай білу,оның ой-пікірімен санасу іскерлігі,сөз,мимика, жесті орынды қолдану,әр түрлі адамдардың тілін табу,адамдарды сендіре білу,жинақылық, тиянақтылық,дәлдік,нақтылық,адамдар психологиясы туралы білім.
* Адам-Адам»мамандығы топтарына сипаттама
1.Басқару,оқыту,тәрбиелеу іскерлігі»адамдардың әр түрлі қажеттілігін қанағаттандырудағы пайдалы іс-әрекеттермен шұғылдану».
2.Тыңдай алу іскерлігі.
3.Кең ауқымыд білім.
4.Сөйлеу мәдениеті
5.Ақылдың бағыттылығы, басқалардың орнына өзін қоя білу,оның ішкі әлемін сезіну,өзінің ойын біреудікі ретінде қабылдамау іскерлігі.
6.Адамның деңгейі бұдан да жоғары болады деген сенімге негізделген бағыт.
7.Байқағыштық.
8.Халыққа қызмет етудің дұрыстығы жөніндегі терең де оптимистік сенімі.
9.Стандарт емес жағдаяттарды шешу.
10.Өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғарылығы.
11.Төзімділік іскерлігі.
* Кәсіпті(мамандықты) таңдауға ықпал ететін 8 негізгі факторлар(Е.А.Климов бойынша):
1)ересектер,отбасы көзқарасы;
2)құрбылардың көзқарастары;
3)мектептегі педагогикалық ұйым көзқарастары;
4)жеке кәсіби және өмірлік жоспарлар;
5)қабілеттіліктер мен олардың көрінісі;
6)қоғамдық мойындауға талаптану;
7)кәсіби әрекет туралы мағлұматтану;
8)бейімділік.
* Психологтар бойынша мамандықты таңдауға негізгі факторлар субъективті факторлар:
-қызығушылықтар(танымдық,кәсіби,мамандыққа қызығушылық,бейімділік);
-қабілеттіліктер(белгілі іс-әрекетте жетістікке жетуге қажет психологиялық механизмдер);
-темперамент;
-мінез.
Объективті факторлар:
-даярлық деңгейі(үлгерімі);
-денсаулық жағдайы;
-мамандық әлемі туралы ақпарат алу.
Әлеуметтік мінездеме:
-әлеуметтік орта;
-үй-тұрмыс жағдайы;
-ата-анасының білім деңгейі.
3.Д.Сюпери бойынша кәсіби жол кезеңдері:
Зерттеушіні индивидтің бейімділігі мен қабілетін анықтау,кәсіби «Мен» концепциясын белсендіретін өзіне тиесілі мамандықты іздеу қызықтырған.
I-даму кезеңі(туғаннан 14жасқа дейін). Балалық шақта «Мен»концепциясы дами бастайды. Балалар ойын кезінде өздеріне не ұнайды ,неменеге икемді екендіктерін әр түрлі ролдерді ойнай отырып анықтайды. Оларда болашақ кәсіби карьераға әсер ететін қызығушылықтар байқалады.
II-зерттеу кезеңі(15жастан 24 жасқа дейін).Қыздар мен бозбалалар өз қажеттіліктерін,қызығушылықтарын,қабілетін,құндылықтары мен мүмкіндіктерін анықтап,түсінуге ұмтылады. Осындай өзіндік саралауды негізге ала отырып олар кәсіби карьераның мүмкін вариантттарын қарастырады.
III-карьераны жеңілдету кезеңі(25 жастан 44 жасқа дейін).Қызметкерлер таңдап алған іс-әрекеттерінде берік орын алуға тырысады.Еңбек етудің алғашқы кезеңдерінде жұмыс орнын немесе мамандықты өзгертуі мүмкін,бірақ осы кезеңнің екінші жартысында таңдап алған мамандығын сақтап қалу тенденциясы байқалады. Адамның еңбек ету биографиясында осы жылдар шығармашыл жылдар болып табылады.
IV-жеткен жетістікті сақтау кезеңі(45 жастан 65 жасқа дейін). Қызметкерлер алдыңғы кезеңде жеткен дәрежені сақтап қалуға тырысады.
V-құлдырау кезеңі(65 жастан кейін). Дене және ақыл-ой күші төмендей бастайды. Еңбек әрекеті тоқтайды.
* Хейверхерст бойынша кәсіби жол кезеңдері:
Адамдарға толыққанды қызмет етуге мүмкіндік беретін әрекетті құру мен еңбек дағдысын игеру кәсіби жол кезеңдерін анықтау критерийлері болып табылады.
1.Жұмысшылармен (қызметкерлермен)теңестіру (5 жастан 10 жасқа дейін) кезеңі.Балалар өздерінің жұмыс істейтін әке-шешелерімен теңестіріледі және болашақта жұмыс істеуге деген ниет «Мен»-концепциясының бір бөлігіне айналады.
2.Негізгі еңбек дағдысын игеру мен еңбек сүйгіштікті қалыптастыру(10 жастан 15 жасқа дейінгі )кезеңі.Оқушылар әр түрлі міндеттерді шешуде өз уақыттары мен күш қуатын дұрыс ұйымдастыруды үйренеді. Мысалы, үй тапсырмасын орындау немесе үйдегі жұмыс. Олар:алдымен -жұмыс,одан кейін-ойын принципі бойынша жүре бастайды.
3.Нақты кәсіби бірегейлікке ие болу (15 жастан 25 жасқа дейін)кезеңі. Адам мамандық таңдап сол мамандыққа өзін даярлай бастайды.Ол таңдау мен карьераны бастауға көмектесетін белгілі еңбек тәжірибесін жинақтайды.
4.Кәсіби маманның қалыптасу (25жастан 45 жасқа дейін)кезеңі.Ересектер өзінің кәсіби қабілеттілігі мен мүмкіндік шеңберіндегі шеберлікті жетілдіре отырып қызмет баспалдағында жоғары өрлей бастайды.
5.Қоғам игілігі үшін жұмыс жасау (40 жастан 70 жасқа дейін)кезеңі. Жұмысшы -қызметкерлер өз кәсіби карьерасының шыңына жетеді.Олар өзінің азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойлана бастайды және күштерін қоғам алдындағы міндеттерін орындауға жұмсайды.
6.Кәсіби әрекеттің жемісті кезеңі туралы толғану(70 жастан кейін).Зейеткерлікке шыққаннан кейін адамдар кәсіби жүріп өткен жолын ой елегінен өткізіп,ондағы жеткен жетістіктерін қанағаттана отырып есіе алады.
* Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары(Е.А.Климов бойынша)
-Оптант фазасы. Адам мамандық таңдауға қам жеген кейіп танытады. Бұл фазаның нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты жоқ,өйткені олар тіршілік жағдайы мен мәдениеттің дамуымен байланыстырылады.
-Адепт фазасы-мамандықты меңгеру үстіндегі адам.
-Адаптант фазасы. Жас маман өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді,шығармашылық міндеттерді шешуге үйренеді.
-Интернал(немесе интервал)фазасы. Өз ісін тұрақты,жақсы көретін,негізігі кәсіби функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.
-Шебер-жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен кәсіби аймақта кең де терең біліммен ерекшеленеді. Оған қайталанбайтын,ерекше іс-әрекет стилі тән,оның жұмыс нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына негіз бар.Өз біліктілігінде формальды көрсеткіштерге ие.
-Авторитет-өз ісінің шебері,көпке танымал(белгілі салада,салааралық деңгейде,мемлекетте).Кәсіби міндетін мол тәжірибесі,іскерлігі,жұмысын ұйымдастыру шеберлігі арқасында шешеді.
-Үйретуші-беделді,өз ісінің шебері,шәкірттерін,ізбасарларын үйретуге әзір.
Негізгі ұғымдар: кәсіби білім беру, оптант, мамандық, профессионал, қабілет, шеберлік.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Кәсіби білім беру психологиясы пәні, міндеттері қандай?
- Мамандықтардың жіктелуі (Е.А.Климов, Д.Сьпери)
- Кәсіптену этаптары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Климов Е.А. Психология проффессионального самоопределения: учеб. Пособие для студентов вуз. – М., 2007
- Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004