- Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі тенденциялары
- Оқытуда танымдық процестердің дамуы
Бірінші тенденция – еріксіздіктен, бірбеттіліктен,албырттықтан, импульсивтіліктен, ситуациялықтан еріктілікке қарай «қозғалыста» байқалады; бұл тенденция өз мінез-құлқын басқару,саналы түрде мақсат қою, қиындық пен кедергілерді жене отырып, мақсатқа жету жолдарын алдын – ала іздеу мен табу іскерліктерінен көрінеді.
Екінші тенденция – интеллектінің анализдік-синтездік функцияларын дамытуда,тұрақтандыруда,қалыптастыруда байқалады.
Үшінші тенденция – ақиқатты бейнелеудің көрнекі-қозғалыстық,көрнекі – бейнелі формаларының абстрактілі-логикалық(теориялық ойлау) формасына біртіндеп ауысуынан тұрады.
Төртінші тенденция – әрбір танымдық процестің өзіне тән функцияларды атқаруы интеллектінің тұтастай дамуына әкелетіндіктен танымдық процестерді біртіндеп «интеллектуалдандырудан» тұрады. Мұнда даму психикалық функциялардың салыстырмалы автономдылығынан оларды біртұтас құрылымға шоғырландыру бағытында жүзеге асады.
Бесінші тенденция – сыртқы реттеудің (регуляция) біртіндеп өзін-өзі реттеуге ауысуында көрінеді,әсіресе бұл тенденция зейінді өзі реттеуге ауысуында көрінеді, әсіресе бұл тенденция зейінді дамытуда, бақылауда, өзін-өзі бақылауда ерекше байқалады.
- Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары
- Танымдық сфераның (интелект, сана механизмдердің)дамуы;
- Жеке тұлғаның дамуы (бағыттылық, эмоция,құндылық);
- Іс-әрекеттің психологиялық құрылымының (мақсаттар, мотивтер,олардың өзара байланысы,әдіс-тәсілдер,құралдар) дамуы.
- Психикалық дамудың қозғаушы күштері
- Қажеттілік және сыртқы жағдайлар арасындағы қарама-қайшылық;
- Жаңа қажеттілік пен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық;
- Дене қабілеті, рухани мүмкіндіктер мен іс-әрекеттің ескі формалары арасындағы қарама-қайшылық;
- Іс-әрекеттің жаңа талаптары мен қалыптаспаған іскерлік пен дағдылар арасындағы қарама-қайшылық;
- Психикалық дамудың факторлары. Индивидтің тіршілік әрекетін анықтаушы:
- Сыртқы факторлар (орта);
- Ішкі факторлар (адамның биогенетикасы);
- Индивидтің психикалық дамуына белгілі мөлшерде әсер етуші сыртқы және ішкі жағдайлар
- Сыртқы жағдайлар
- сыртқы (оқыту және тәрбие)
- ішкі жағдайлар
- адамның белсенділігі,мүддесі, мотиві, еркі, мақсатқа ұмтылушылығы
- Психикалық ( ақыл-ой) дамуының деңгейлері
- Белсенді даму деңгейі- оқушының қандай да бір тапсырманы өз бетінше орындауымен сипатталады;
Білімділігі (оқушының білімі, іскерлігі,дағдының қалыптасуы);
Тәрбиелілігі (оқушының адамгершілік туралы білімі, адамгершілік сенімі, мотиві, мақсаты, эмоциясы);
Дағдығандығы (оқытудың міндетін өз бетінше қоя алуы, өзін-өзі бағалау);
- Дамудың жақын арадағы аймағы — оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады.
Үйрету,оқыту (білімді меңгерудегі қабілеттілік, басқалардың көмегімен қабылдау, жаңа жағдайларға белсенді бейімделу, оқу жұмысының бірінен келесісіне ауысу, жаңа түсініктердің және әрекеттердің пайда болу жылдамдығы, темп, жұмысқа қабілеттілік, шыдамдылық);
Тәрбиелеу (жек тұлғаның дамуы,жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу белсенділігі, жаңа жағдайлардағы мінез- құлық тәсілдерінің тасымалдануы және икемділігі);
Даму (кейінгі ақыл-ой дамуының пайда болуына үлесі, ойлау формаларының біреуінен екіншісіне ауысуы);
- Оқыту процесінде ойлаудың дамуы
Ойлауды дамыту дегеніміз – ол: ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту және олардың біреуінің екіншісіне ұласу процесін ынталандыру болып табылады.
Ойлау түрлері мен формалары:
-практикалық – әрекеттік;
-көрнекі – образдық;
-эмпирикалық;
-теориялық;
-репродуктивтік;
-продуктивтік;
-дискурсивті;
- Іскерлікті дамыту. Іскерлік түрлері:
- Заттың негізгісін қосымшасынан бөліп алу іскерлігі;
- Зат мен қоршаған ортадағы құбылыстардың қатынастарындағы басты байланысты табу іскерлілігі;
- Өз пікірінің ақиқаттығын дәлелдей алу және жалған ой қорытындысын жоққа шығару іскерлігі;
Өзінің ойын мағыналы және дәлелді жеткізу іскерлігі;
- Іскерлікті тудыру:
- Ойлау операциясы мен тәсілдерін бір алаптан екіншісіне тасымалдауын жүзеге асыру;
- Құбылыстың дамуын алдын-ала көре білу;
- Дәлелді тұжырымдар жасау.
- Ойлау операциясын қалыптастыру және толықтай жетілдіру
- Анализ;
- Синтез;
- Салыстыру;
- Жалпылау;
- Жүйелеу және т.б.
- Формальды логикаға негізделген ойлаудың диалектикалық логикаға негізделген ойлауға ауысу процесін ынталандыру.
- Ойлауды дамыту критерийлері
Оқушылардың белгілі ойлау деңгейіне жетудегі жетістіктерін айғақтайтын көрсеткіштер:
- Ойлау әрекетінің операциялары мен тәсілдерін игеру дәрежесі, оларды оқу және оқудан тыс танымдық процестерде қолдана алу іскерлілігінің деңгейі ;
- Ойлау әрекетінің операциялары мен тәсілдерін саналы түрде сезіну деңгейі;
- Ойлау операциялары мен тәсілдерін , сондай-ақ оларды қолдану дағдыларын басқа ситуациялларға және басқа заттарға тасымалдауды жүзеге асыру іскерлілігі деңгейі;
- Ойлаудың әр түрлерінің, сондай-ақ ойлаудың бір түрінің екіншісіне ұласу процесінің қалыптасу деңгейі;
- Міндетті шығармашылықпен шешу, жаңа жағдайға бейімделу әрекетіндегі жинақылық дәрежесі;
- Тезаурус көлемі, яғни білім қоры, оның жүйелілігі, сондай-ақ білімді меңгерудің жаңа тәсілдерінің пайда болуы;
- Әртүрлі ойлау сапаларының жағдайы мен өсу бағытындағы динамикасы: дербестік, тереңдік, сыншылдық, орамдылық, ұшқырлық, логикалық, жүйелілікті, жылдамдық және т.б.
- Ақыл-ой міндетін шешу кезеңдері:
- Проблемалық ситуацияны сезіну;
- Міндет қоя білу;
- Іздену аймағын іздеу;
- Болжам (гипотеза) жасау;
- Болжамды тексеру;
- Әрекет пен нәтижелерді рефлексиялау.
- Оқу процесіндегі есте сақтаудың нәтижелілігіне әсер етуші себептер
- Субъективті:
- Есте сақтау типі;
- Бұрынғы жинақталған тәжірибе;
- Бағыт-бағдар;
- Қызығушылық;
- Организмнің жағдайы.
Объективті:
- Материалдарың сипаттамасы;
- Мағынасын сезіну;
- Байланыстылығы;
- Түсініктілігі;
- Көрнекілігі;
- Бір қалыптылығы;
- Материалдардың көлемі;
- Материалдық жағдай.
Логикалық есте сақтаудың кезеңдері:
- Есте сақтаудың мақсатын сезіні;
- Есте сақтайын материалдардың мағынасын түсіну;
- Материалдарды саралау;
- Мәнді-мағыналы ойларды бөліп алу, жинақтап қорыту;
- Осы жинақтап қорытуды есте сақтау.
Сабақ барысында оқушылардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктерін зерттеу. Ойлау
- Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқушыларды ақыл-ой әрекеттерінің жүзеге асырылуы деңгейі.
- Педагогтың оқушыларды сабақтың мақсатын анықтауға үйретуі.
- Белгілі тапсырманы орындауда оқушылардың оқу міндеттерін ажырата алу деңгейері.
- Мұғалімнің басқару әрекетінің оқушылардың ақыл-ой әрекетінің заңдылықтарына сәйкестігі.
- Ойлау мотивтерінің сабақ барысында қалыптасуы. Танымдық мотивтердің қалыптасуының рөлі.
- Мұғалімнің меңгерілетін материалға және ойлау процесіне қызығушылықты қалыптастыруда қолданған құралдары.
- Сабақ барысында ақыл-ой әрекетінің рефлексивті компоненттерінің қалыптасуы.
- Сабақ барысында оқушыларды ақыл-ой әрекеті тәсілдерінің қалыптасу деңгейі.
- Сабақ барысында оқушылардың материалды логикалық және мағыналық өңдеуге үйретілуі.
- Оқушылардың жолдастарының жұмыстарын, өзінің ақыл-ой әрекетін бағалауға, талдауға, үйретілуі.
- Оқу процесінің барысының дұрыстығы туралы мұғалімнің ақпарат алуы (кері байланыс). Алынған мәліметтің педагогтың бақылауы мен басқаруына әсері.
- Түсіндіру (әңгімелесу ) кезінде (және оқушы жауабында) негізгі мәселені бөліп алудың жүзеге асырылуы.
- Сабақ материалы мен оқушының жекелей іс-тәжірибесі арасындағы байланысты орнату.
- Оқушының материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін меңгеру критерийлерін мұғалімнің қолдануы.
- Сабақ материалына оқушылардың эмоционалдық қатынастарын туындату, сабақ мазмұнының оқушылардың мотивтерімен байланысы.
- Мұғалімнің оқушыларды ойлануға дайындауы. Оқушыларды өздерінің ақыл-ой әрекетін басқаруға деген ниетін туындату жолдары.
- Сабақта ұжымдық ақыл-ой әрекетінің қолданылуы.
- Сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруды оқушылардың жақын аралық даму аймағына бағыттауы. Мұғалімнің оқушылардың әр түрлі деңгейдегі топтарына көмек формаларын қолдануы.
- Оқушыларға қойылатын талап деңгейлері мен олардың нақты мүмкіндіктері арасындағы сәйкестік.
- Оқу тапсырмасын орындауда мұғалімнің білім деңгейлері әр түрлі оқушыларға көмек көрсету түрлері.
- Оқушылардың ойлауының дербес ерекшеліктері мен білім деңгейлері туралы мұғалімнің нақты түсінігі.
- Оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар ойлауының жекелей көрсеткіштерінің ескерілуі.
- Оқушылардың ойлау сапалары (ақылдың тереңдігі, икемділігі, тұрақтылығы, өзбеттілігі, сапалылығы) арасындағы айырмашылықтарды ескеруі.
- Педагогтың оқушылардың ойлау жылдамдығын, қарқынын қалыптасуы
- Оқушыларда шығармашылық ойлау элементтерін қалыптастыру деңгейі.
- Оқушыларда өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуы.
- Мұғалімнің оқушылардың ақыл-ой әрекеттерін бақылау формаларын қолдануы.
- Проблемалық мазмұндау, проблемалық тапсырма элементтерінің қолданылуы.
- Педагогтың оқушылар білімін бағалауда ақыл-ой қабілетін ескеруі.
- Мұғалімнің оқушылармен сабақты жекелеп өткізу формасын қолдануы.
- Оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін құралдарды қолдану арқылы ынталандыру.
- Оқушылардың және жекелей оқушы ойлауының деңгейін бағалау.
- Оқушылармен әңгімелесе отырып сабақтың білім беру (ұғымды меңгеру, дағдыны қалыптастыру және т.б.) және дамыту мақсаттарына жету тиімділігін бағалауға тырысуы. Оқушылармен әңгімелесе отырып олардың нені және қандай деңгейде меңгергендңгін анықтау.
- Жеке оқушының ойлау қабілетін бөліп алып, оның ақыл-ой әрекеті тәсілін және оның басқалармен ұқсастығын бағалау. Сыныптың және оқушылардың ойлау белсенділігі деңгейін бағалау.
Зейін
- Мұғалімінің оқушылардың сабақтың мазмұнына деген қызығушылықтарын ынталандыруы.
- Сабақ үстінде зейінді болудың қажеттілігі туралы нұсқаудың берілуі.
- Берілген материалдарын практикалық мәнінің ашылуы.
- Оқушылардың зейінін аудару үшін көрнекіліктердің безендірілуі (ашықтығы, жаңалығы, құрылымы және т.б.).
- Материалды түсіндіру ерекшелігі (баяндаудың түсініктілігі, бейнелігі, сөздің эмоционалдығы, интонацияның ауысуы, сөйлеу формасындағы жаңалық).
- Әрекет түрлерінің бір- біріне ауысуының ұйымдастырылуы.
- Оқушылардың белсенділігінің ұйымдастырылуы.
- Сабақта іс-әрекет мақсатының қалыптасуы.
- Оқугылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зейінді ескеру.
- Сабақ өткізу темпінің таңдап алынуы.
- Зейінді дамытуду дербес ерекшеліктердің ескерілуі.
- Зейіннің жеткіліксіздігі байқалған балалардың іс-әрекетінің ұйымдастырылуы.
- Оқушылар зейінін ұйымдастырудағы мұғалімнің дербес ерекшеліктері.
Қабылдау
1.Сабақта қабылдауға еген нұсқаның берілуі;
2.Сабақ барысында қалыптасатын бейненің нақтылығы мен толықтығының ескерілуі мен бағалануы;
3.Қабылдау объектісіне оқушы зейінін аударту үшін қолданылатын құралдар;
4.Сабақтағы материалдарды түсінуде қабылдау фонының ескерілуі;
5.Оқушының бұрыннан жинақтаған тәжірибесінің қабылдауды ұйымдастыруда қолданылуы;
6.Перцептивті міндеттерді шешуде оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің ұйымдастырылуы;
7.Қабылдауға үйретудің ұйымдастырылуы;
8.Перцептивті әрекет құрылымы мен деңгейін қалыптастыруда дербес ерекшеліктердің ескерілуі;
9.Қабылдауды дамыту заңдылықтарының ескерілуі;
10.Қабылдаудың әр түрінің қолданылуы;
11.Қабылдаудың процессуалды сипатының ескерілуі;
Елес және қиял
1.Сабақта қолданылатын мысалдардың, сөздік және көрнекі құралдардың елестетуге әсері.
2.Елесті жинақтауға мұғалімнің қолданған тәсілдері.
3.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда жекелей оқушылар елестерінің ескерілуі.
4.Елестер мен бейнелердің түрлері мен олардың даму деңгеәлерінің сәйкессіздігінің ескерілуі;
5.Оқу әрекетін ұйымдастыруда елес мен бейнелердің жыныстық және жас ерекшеліктерінің ескерілуі;
6.Кеңісті қабылдау ерекшеліктері;
7.Оқушылардың ғылыми елестерін қалыптастыру үшін аналогияның (ұқсастық) қолданылуы.
8.Қосымша бейнелерді толықтыруға жеткізуде оқушылардың тәжірибесі мен білімі арасындағы өзгешеліктердің қолданылуы.
9.Сабақта елесті нақтылау үшін оқушылардың қолданған тәсілдері.
10Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда елестерді тұрақтандырудағы дербес ерекшеліктердің ескерілуі.
11.Әрбір оқушыда қосымша бейнелердің қалыптасу жылдамдығын ескеру.
12.Бейнелер мазмұнындағы өзгешеліктерің ескерілуі.
13.Сабақтағы шығармашылық атмосфера.
Мнемикалық қабілеттілік
Адамның мнемикалық қабілеттері- адам есінің түрлері мен үрдістерінің көрініс беретін қабілеттері , материалды сақтау мен қайта бейнелеудің жылдамдығы, нәтижелілігі ,нақтылығы т.б.
- Сабақта есте сақтауға деген бағдардың сақталуы.
- Есте сақталуға тиіс материалдарға оқушылар зейінінің қандай да бір тәсілдер арқылы аударылуы.
- Жекелей оқушылардың мнемикалық қабілетінің дамуы жөнінде мұғалімдегі түсінік.
- Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің орташа көрсеткішінің ескерілуі.
- Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің дербес көрсеткіштерінің ескерілуі.
- Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің жыныстық және жастық ерекшеліктерінің ескерілуі.
- Естің бірнеше түрлері ( бейнелік, сөздік – логикалық, қимыл-қозғалыстық, эмоционалдық) өзгешеліктердің ескерілуі.
- Проактивті және ретроактивті тежелу эффектісінің ескерілуі.
- Есте сақтаудың ұйымдастырылуы : материалдың көлемі, уақыт бойынша бөлу, материалды құру, тілдік көркемделуі.
- Пысықтаудың ұйымдастырылуы.
Негізгі ұғымдар: психикалық даму, танымдық процестер, белсенді даму деңгейі, дамудың жақын арадағы аймағы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Психикалық дамудың оқыту процесіндегі ролі қандай?
- Дамудың жақын арадағы аймағы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС,2002