- Білім беру ұғымы
- Білім беру түрлері моделдері
- Білім беру жүйесінің компоненттері
- «Білім беру— жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі» (Б. М. Бим-Бад, А. В. Петровский).
«Білім беру— қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» (В. С. Безрукова).
«Білім беру— білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі» (И. П. Подласый).
«Білім беру— адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-қзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік).
- Білім беру түрлері
Мазмұнының типі бойынша
- Биологиялық;
- Математикалық;
- Дене тәрбиелік;
- Экономикалық;
- Филологиялық және т.б.
Доминантты мазмұнына байланысты
- Теориялық
— гуманитарлық;
— жаратылыстану ғылымы;
- Қолданбалы
— гуманитарлық;
— жаратылыстану ғылымы;
Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты
- Музыкалық;
- Көркемдік;
- Техникалық;
- Технологиялық;
- Педагогикалық;
- Медициналық және т.б.
- Білім берудің жүйе ретінде 3 өлшемде қарастырылуы
Білім берудің әлеуметтік ауқымы, яғни әлемдегі, белгілі бір елде, қоғамда, аймақта, ұйымда, т.б. бұл жерде сонымен қатар мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық, қоғамның жоғарғы сатысындағы, клерикалдық және т.б. білім беру жүйесі;
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
- Бастауыш білім беру;
- Негізгі орта білім беру;
- Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
- Орта білімнен кейінгі білім беру;
- Жоғары білім беру (бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище);
- Жоғары оқу орнынан кейін білім беру (магистратура, аспирантура, докторантура).
˅ Білім беру бейімі
- Жалпы;
- Арнайы (математикалық, гуманитарлық, жаратылыстану т.б.);
- Қосымша кәсіптік.
- Осы позициялар бойынша білім беру сипаттары
Білім берудің жүйе ретінде ақсүйектік немесе клерикалды, мемлекеттік, жеке меншік, муниципалды немесе федералды екендігі;
Білім беру жүйе ретінде деңгейлігімен, сатылығымен сипатталады. Оның негізіне, басым көпшілік жағдайда, жас ерекшеліктік өлшемдер алынады. Барлық мемлекеттерде жеткілікті деңгейде мектепке дейінгі білім, үш сатылы мектептік (бастауыш, орта, жоғары) жүйе қалыптасқан.
Білім беру жүйесіне деңгейлердің сабақтастығы, басқаруға икемділігі, тиімділігі, бағыттылығы тән.
Білім беру жүйесінің ұсақ жүйелеріне сапалық және сандық сипат тән.
Білім беру жүйе ретінде А. И. Субетто мен Н. А. Селезневалар бойынша дуалистік принципке сәйкес бір мезгілде қызмет ету және дамумен анықталады. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық және жалпы педагогикалық болғанмен психологиялық-педагогикалық аспектілерді де белгілейді.
Психологиялық-педагогикалық аспектілер мынадай сұрақтарға жауап беруден тұрады:
- Адам (бала) немесе оның ата-аналары білім беру жүйесі кезеңдерінің барлық иерархиясын көз алдына келтіре отырып, дұрыс таңдауды қалайша жүзеге асырады;
- Әрбір білім беру құрылымының (кіші, орта, мектептегі жоғары кезең, гимназиялық, лицейлік) оқыту субъектісі- білім алушыға қатынасы қалайша жүзеге асырылады;
- Бір құрылымдағы алдыңғы дайындықтың келесі кезеңде білім алуды жалғастыруға мүмкіндігі, оның әрқайсысындағы әрекеттің тиімділік критерийлері, осы жүйені басқару ерекшелігіндегі жетістіктерді тестілеу көмегімен анықтау.
- Білім беру процесс ретінде:
˅ Оқыту процесінде тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту және білім берудің үздіксіздігі арқылы танылады.
- Білім берудің нәтижесі болып:
˅ Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады.
˅ Белгілі білім беру жүйесінде білім алған адамның өзі. Бұл тұрғыда білім беру нәтижесі білім болып табылады.
- Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А. Вербицкий бойынша)
Бірінші тенденция— білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны, ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);
Екінші тенденция— «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
Үшінші тенденция— басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
Төртінші тенденция— оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.
Бесінші және алтыншы тенденция— оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».
Білім берудің психологиялық принциптері:
- Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатындағы (мектеп пен басқа арнайы институттар) бірлігі;
- Ізгілендіру- қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретінде әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру;
- Жіктеу (дифференциация) және даралау (индивидуализация), әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;
- Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.
- Білім беру моделдері:
- Білім беру моделі мемлекеттік-ведомстволық ұйым ретінде. Білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты өз алдына бөлек бағыт. Оның ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде орталықтандырылған мақсаты болады. Білім беру мазмұны оқу мекемесінің номенклатурасы мен білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан құралады.
- Дамыта оқыту моделі (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов және т.б.). Білім беруді ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс-әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде қарастыруды меңзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін кеңейтуді қамтамасыздандырмақ.
- Дәстүрлі модель (Ж. Мажо, Л. Кро, Ж. Капель, Д. Равич, Ч. Финн т.б.). Жүйелі академиялық білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс.
- Рационалистік модель (П. Блум, Р. Ганьэ, Б. Скиннер т.б.). Білімді іскерлікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау-меңгерту жүзеге асырылады.
- Феноменологиялық модель (А. Маслоу, А. Комбс, К. Роджерс және т.б.). Оқытудың тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады.
- Институционалдық емес модель (П. Гудман, И. Иллич, Ж. Гудлэнд, Ф. Клейн, Дж. Уолт, Л. Бернар және т.б.). Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және ЖОО тыс ұйымдастырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», интернет көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т.б. жүзеге асырылады деген қағиданы ұстайды.
Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И.П. Раченко бойынша):
- Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер;
- Оқыту мен тәрбиенің мазмұны;
- Педагогикалық кадрлар:
- Ғылыми кадрлар;
- Оқушылар;
- Материалдық-техникалық жабдықтау;
- Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері;
- Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік);
- Ұйымдастыру және басқару.
- Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф.Г. Кумбас бойынша):
- Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер;
- Оқушылар;
- Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау;
- Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі;
- Мазмұн;
- Оқытушылар;
- Оқу құралы;
- Оқу процесіне қажет ғимарат;
- Технология;
- Білімді тексеру және бағалау;
- Ғылыми-зерттеу жұмысы;
- Жүйе тиімділігінің көрсеткіші, шығыны.
Негізгі ұғымдар: білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, орта білім беру, жоғары білім беру, білім беру моделдері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Білім беру түрлеріне талдау жасаңыз.
- ҚР білім беру үйесінің өзіндік ерекшеліктері
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Айсмантас Б.Б. Теория обучения: схемы и тесты, москва, ВЛАДОС, 2002
- Крутецкий В.А.Основы педагогической психологии.М.,1972
- Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
- Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
- Выготский Л.С. Педагогическая психология.
- Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008