- Педагогикалық психологияның категориялары
- Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері
- Категория ( грек Kategoria- пікір айту; белгі) – белгілі ақиқаттың құбылыстары туралы қатынас пен мәнді қасиеттерін беретін ғылыми ұғым. Ғылым әдебиеттерде категориялар термин, ұғым деп те беріледі.
Педагогикалық терминология – білім, тәрбие, оқыту теориясы мен практикасында қолданылатын кәсіптік сөздер жүйесі. Педагогикалық терминология белгілі ұғымды анықтауда мұғалімдерге жеңілдік туғызып, уақыт пен ой әрекетін үнемдеуге септігін тигізеді. Тәлім аппараты түсініктерін қалыптастыру педагогикалық құбылыстар мен мәнін ұғынуға себепші болады.
Ғылым тілін түсіну үшін категорияларды білу міндетті.
Педагогикалық психологияда қолданылатын категориялар (ұғымдар)
Философиялық:
- Жалпы және жеке;
- Мән және құбылыс;
- Қарама – қайшылық;
- Байланыс;
- Себеп және салдар;
- Форма;
- Мазмұн.
Жалпы ғылыми:
- Жүйе;
- Құрылым;
- Функция (қызмет);
- Элемент;
- Мақсат;
- Іс-әрекет;
- Жеке тұлға.
Жеке ғылыми:
Педагогикалық психологиямен тікелей байланыстағы ғылыми ұғымдар:
- Білім беру;
- Білім беру мазмұны;
- Оқыту;
- Тәрбиелеу;
- Әлеуметтендіру;
- Жеке даралық;
- Бейімделу(адаптация);
- Әлеуметтік тәжірибе.
Арнайы педагогикалық психология категориялары:
- Оқу;
- Оқу іс-әрекеті;
- Тәжірибе жинақтау;
- Әлеуметтік тәжірибені меңгеру;
- Дағды;
- Білім;
- Іскерлік;
- Педагогикалық қабілеттер.
2.Әдіс (грек metodos – зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы) – таным жолы; ғылыми білімді құру тәсілі және негіздеу; ғылым пәнін анықтауға ықпал етуші тәсіл.
Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективті заңдылықтарын танып білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық психология зерттейтін мәселелер туралы мәліметтер 3 негізгі мәлімет көздері арқылы алынады: олар – L-,Q – және Т — деректер.Мәлімет алудың бірінші көзі L – деректер – бақылау нәтижесінде адам өмірін тіркеп отыру арқылы алынған деректер, мұнда сараптамалық бағалау да кіреді. Мәлімет алудың екінші көзі Q – деректер – сауалнамалар мен өзін – өзі бағалаудың басқа әдістері негізінде алынады. Аталған мәлімет көзіне ММР – Минесоттық көпсалалы тұлғалық тізбе, Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық тұлғалық сауалнамасы, т.б. жатады.
Мәліметтің үшінші көзі – Т – деректер – бұл объективті тестердің мәліметтерді, олардың ішіндегі негізгі 12 топ Р.Б.Кэттел мен В.Ф.Варбуртондар бойынша педагогикалық психологияда тестілеу әдісін қарастырғанда келтіріледі.
Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері бойынша туындайтын мәселелер:
- Психологиялық – педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізгі мәселесі;
- Педагогикалық психологияда жалпы ғылыми және жалпы психологиялық зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау мәселесі;
- Педагогикалық психологияға ғана тән зерттеу әдістерін құру мәселесі;
- Педагогикалық психологияда экспрерименттік әдісті қолдану ерекшелігі мәселесі;
- Жеке тұлғаның дамуын психологиялық – педагогикалық зерттеу мақсатында диагномстикалық (анықтау) әдістемелерін құру мәселесі.
Психологиялық зерттеу әдістерінің жүйесі
(Б.Г.Ананьев бойынша):
- Ұйымдастырушылық
- Салыстырмалы;
- Лонгитюдті;
- Кешенді;
- Эмпирикалық
- Обсервациялық (бақылау),
- Бақылау;
- Өзін – өзі бақылау;
- Эксперимент;
- Қалыптастырушы;
- Даладағы;
- Табиғи.
- Психодиагностикалық
- Қызмет нәтижесін талдау;
- Модельдеу;
- Биографиялық.
- Мәліметті өңдеу тәсілдері
- Мәліметті математикалық – статистикалық саралау әдістері;
- Мәліметтің сапасын саралау әдістері.
- Интерпретациялық
- Генетикалық әдіс;
- Филогенетикалық әдіс;
- Онтогенетикалық әдіс;
- Құрылымдық әдістер
- Жүйелеу;
- Типтеу.
Педагогикалық психологияны зерттеу әдістері
(И.А.Зимняя бойынша):
- Ғылыми танымдық деңгейге қарай:
- Теориялық немесе эмпирикалық теориялық зерттеу әдістері
- Аппроксимация;
- Аксиоматизация;
- Экстраполяция;
- Мольдеу және т.б.
- Эмпирикалық зерттеу әдістері:
- Бақылау;
- Әңгімелесу;
- Эксперимент;
- Тест.
- Объектімен әрекеттесу сипатына қарай:
- Объектіні зерттеу ( аталған теориялық және эмпирикалық әдістердің барлығы жатады);
- Алынған деректерді өңдеу
- Сапалық және сандық өңдеу;
- Коррекиялық талдау;
- Факторлық талдау;
- Кластерлік талдау;
- Зерттеудің мақсаты мен ұзақтығына байланысты
- Көлденең кесінді әдіс;
- Лонгиюдті әдіс (ұзақ уақыттық);
- Зерттеу объектісінің ерекшелігіне байланысты:
- Бақылау (күнделік жазу);
- Әңгімелесу (анкета, сұхбат);
- Тест;
- Іс-әрекет нәтижесін саралау;
- Референтометрия;
- Социометрия.
Педагогикалық психологияның арнайы әдістері:
- Психологиялық – педгогикалық эксперимент;
- Арнайы психологиялық – педагогикалық тестілеу;
- Бақылау;
- Әңгімелесу;
- Сұхбат;
- Сауалнама;
- Іс – әрекет (шығармашылық) өнімін талдау.
Бақылау мен экспериментті салыстыру:
- Сұрақтар (сауалдар) табиғатына орай бақылауда ашық күйінде қалдырылады. Бақылаушы сауалдың жауабын білмейді немесе жартылай ғана меңгерген (түсініксіз).
Эксперименте – сауал гипотеза ( болжам) түрінде беріледі. Эксперименттің мақсаты болжамды тексеру.
- Жағдаятты бақылау бойынша:
Жағдаятты бақылау экспериментке қарағанда қатаң емес.
Экспериментте жағдаят нақты анықталған.
- Зерттелушінің әрекетін тіркеу нақтылығы бақылауда экспериментке қарағанда қатаңдығы әлдеқайда төмен, экспериментте бақылаушы әрекеті нақты тіркелген.
Педагогикалық – психологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері
- Проблеманың (мәселенің) жағдайын зерттеу. Проблеманы қоя білу, зерттеу объектісі мен пәнін анықтау.
- Кеңінен таралған зерттеу концепциясын нақтылау немесе құру.Гипотеза (болжам) жасау.
- Зерттеу жоспарын құру.
- Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау;
- Эксперимент жоспарын анықтау;
- Зерттеу әдістері мен әдістемелерін тадау;
- Мәліметті өңдеуде қолданылатын математикалық әдістерді жіне т.б. анықтау.
- Мәліметті жинақтау және фактілер бойынша жазу.
5.Нәтижені (мәліметті) өңдеу.
- Гипотезаның дәлдігін нәтиже бойынша бағалау,зерттеу концепциясы шеңберінде нәтижені интерпретациялау (талдау беру, түсіндіру).
- Алынған нәтижені ғылымдағы концепция және теориялармен байланыстыру.Жалпы қорытынды жасау.Проблеманың перспективасын бағалау.
Негізгі ұғымдар: категория, мән, құбылыс, педагогикалық жүйе, құрылым, педагогикалық қызмет, педагогикалық іс-әрекет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Педагогикалық психологияның философиялық, жалпы ғылыми, жеке ғылыми, арнайы педагогикалық категорияларын атаңыз.
- Педагогикалық зерттеу әдістерінің өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
- Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
- Крутецкий В.А.Основы педагогической психологии.М.,1972
- Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
- Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
- Выготский Л.С. Педагогическая психология.
- Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008