АЛГОРИТМДІК ТІЛ

АЛГОРИТМДІК ТІЛ — ЭЕМ-мен шығарылатын есептердің алгоритмін бірмәнді түрде жазуға арналған жасанды тіл. Ол белгілер (символдар) жиынтығынан (А. т. ал- фавитінен), синтаксистік ережелер мен семантикалық анықтамалардан құралған. А. т-дің негізгі белгілері латын не орыс алфавитінің әріптері, қандай да бір таңбалар мен шартты белгілер болуы мүмкін. Сөздер, сөз тіркестері (фразалар, сөйлемдер) , кестелер мен кестелер жүйесі А. т-дің құрылымы болып табылады. Түсіндіру ережелері ЭЕМ-де аппараттармен жүзеге асырылатын А. т. машиналық тіл деп аталады. А. т. табиғи тілден бірмәнділігі мен айқындылығы жағынан ерекшеленеді. Есептеу машинасына А. т-ді пайдаланғанда бағдарламалау мен машина жұмысын үйлестіретін арнайы бағдарламалаушы — процессор қолданылады. Ол бағдарламаны енгізу, машиналық, синтаксистік, семантикалық талдаулар, формальды қателерді анықтау, бағдарламаны орындау т.б. жұмыстарды атқарады. А. т-дің бірнеше түрі бар. Олардың кейбіреулері ғана (мыс., алголкобол, лиспПл/1, Фортран, Паскаль, т.б.) кең тараған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *