АЛГОЛЬ

АЛГОЛЬ, Персейдегі ẞ (араб. малғүн, шайтан) — көгілдір ақ түсті тұтылмалы айнымалы жұлдыз. Жалтырауы 2 тәул. 20 сағ 49 мин аралығында 2,1-дан 3,4 жұлдыздық шамаға дейін өзгереді. А-дің диам. 5 млн. 800 мың км, беткі темп-расы 15000 К, массасы Күннен 4,6 есе артық. Оған алғаш рет 1667 ж. Италия астрономы және математигі Монтанари назар аударған. 1889 ж. А-дің спектрлі-қосарлы жұлдыз екені анықталды. Оның тұтынуы мен жарқырауының айнымалылығы А-ді 10 млн. 400 мың км қашықтықта айналатын диам. 4 млн. км, беткі темп-расы 7000 К серігінің көлегейлеуінен болады. Екінші серігі А-ді тұтылдырмайтын орбита жазықтығында айналғанымен үштік қозғалысқа ұйтқу туғызып, айнымалылық периодының ауытқуына әсер етеді. А. — адам баласы бақылап зерттеген бірінші тұтылмалы айнымалы жұлдыз. Қазір ғылымға 4()00- нан аса А. типтес, 2500-ге жуық спектрлі-қосарлы жұлдыз белгілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *