АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУ — екі алгебр. өрнекті теңестіруден шығатын теңдеу. Оны ƒп = 0 түрінде жазуға болады, мұндағы ƒп — п дәрежелі бір немесе бірнеше айнымалыға тәуелді көпмүше (п > 0). Бір белгісізі бар А. т-ді былай өрнектеуге болады: а0 х п + + а1хп-1 +… + ап = 0, мұндағы п — бүтін оң сан, а0, а1,,…, ап теңдеудің коэффициенттері және олар берілген шамалар, х — ізделінетін шама. Дәрежесі 4-тен аспайтын кез келген А. т. радикалда шешіледі.