АЛБАСТЫ

АЛБАСТЫ — 1) түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан, жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі. А. ұғымы қазақтар, түріктер, татарлар, башқұрттар, өзбектер, тувалар, алтайлықтар (албасты), түрікмендер (ал.албассы), қырғыздар (а л б а р с т ы), ноғайлар мен қарақалпақтар (а л б а с л ы), әзербайжандар (хал,халан а с ы), құмықтар (а л б а с лы қатын), балқар мен қарачайларда (а л м а с т ы ) бар. А. әдетте ұзын жалбыраған шашы бар құбыжық бейнелі әйел кейпінде бейнеленеді. А. жануар кейпіне немесе затқа айналып кете алады деген наным-сенім де бар. Түркі халықтарының фольклорында А-ның ортақ типологиялық бейнесі бар дегенімізбен, кейде әр халықтың мифтеріне сәйкес өзгеше бейне, зат, жануар кейпінде қабылдайтын кездері де жоқ емес. Көптеген халықтардың ұғымында, А. өзеннің жағасында, көлшіктің маңайында өмір сүріп, шашын тарап отырады. Түркі халықтарының мифол.,аңыздарында А. жаңа туған баланың жүрегін, бауырын ұрлап, суға жетуге ұмтылады. А. суға жетіп үлгерсе, оның иесі өледі деген ұғым бар. А-нын жылқы малына көңілі ерекше, түнде оны мініп жүреді, жалын өріп тастайды деген аңыз әңгіме халық арасында көп тараған. А. бейнесі бастауын, көне мифтен алады. А. түркі халықтарынан басқа, әлем халықтарында, монғол, тәжік, грузин, т.б. халықтардың көне мифтерінде кездеседі. А. образының шығу тегі туралы пікірлер әр текті. Дегенмен, ортақ пікір де жоқ емес. Ғалымдар, негізінен, А. бейнесі түркі халықтары мифінде пайда болып, басқа халықтарға тараған деген тұжырымға жиірек ойысады. Казақтар А-ны көбіне “қара” ұғымымен де береді. “Албасты басқыр”, “Қара бассын, сені қара басқыр” деген тіркестер осыны айғақтайды; 2) кісі тектес, бүкіл денесін түк басқан мақұлық (гоминид). Кездейсоқ болмаса кез келген адамға көріне бермейді. А., негізінен, Терістік Кавказ, Гималай таулары, Орталық Азия далалары және Америка құрлығының таулы, жынысты ормандарында кездеседі. А. көптеген зерттеушілердің назарын өзіне аударған.

Тіпті, американ этнографы Р. Пэтерсон А-ны іздеуге 5 жыл уақытын арнап, 6-жыл дегенде оны кездестіріп, суретін түсіріп алады. Сурет 1965 ж. жарық көрген. Осы жұмбақ мақұлық, туралы біраз деректер Б.Ф. Поршнев, М. Дүйсенов еңбектерінде кездеседі. А. қос аяқты, тік басып жүреді. Бойы орта есеппен 160 — 180 см. Шашының ұзындығы иығына түсіп, кейбірінікі жауырынын жауып тұрады. Басының үлкендігі адам басымен шамалас. Мойны жуан әрі қысқа, маңдайы тар. Шөпті, етті талғамай жейді. Көзі көргіш, барынша сақ Жүргенде жымын білдірмейді. А-лар қазақ жеріндегі таулы, орманды алқаптарда кездеседі. Қазақтар оны кісі киік деп те атайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *