Эмоция және сезім

 

  1. Эмоция және сезімдер туралы түсініктер.
  2. Олардың түрлері мен адам өміріндегі ролі.
  3. Негізгі функциялары.

Адам қоршаған ортаны танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын білдіреді, адам баласы бір нәрсені ұнатуы немесе ұнатпауы мүмкін. Адам өз қажетіне қарай айналасына әр түрлі көңіл күй білдіреді.

Көңіл-күйдің қатты әсерленуі психологияда эмоция ұғымымен түсіндіріледі. “Эмоция” – тітіркену, толқыу деген мағынаны білдіреді.  Эмоция – адамдар мен жануарлар дүниесінде бірдей көрніс береді.

Эмоция психологиялық кейіптің ерекше к-рнісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді. Эмоциялар класына сезім, көңіл-күй, аффектілер, стресс және құмарлықтар жатады. Және бұлар адамның барлық психикалық поцестері мен кейіпімен жалғасады. Бұлардың кез-келген белсенділігі эмоционалдық әсерленумен жүзеге асырылады.  Эмоция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, оның жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Біз адамның көңіл-күйін, оның қуаныш, ыза, қайғы, қорқыныш, таңдану, жиіркену немесе сүйсіну сияқты психикалық кейіпін сөзсіз түсіне аламыз, эмоцияның көмегімен бірлескен нақты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыра аламыз.  Бұндай фактілер негізгі эмоциялардың тіршілік иелерінің бір-бірін түсіну қабілеттерімен генотиптік тұрғыдан шарттас екендігін дәлелдейді. Психикалық жоғары дамыған жануарлар мен адамдар арасындағы бет әлпетінің көрінісі арқылы өзара бірін-бірі қабылдап, бір-бірінің эмоциолналдық кейіптерін бағалауға қабілетті екендігі белгілі. Сонымен, эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері:

  • Бейнелеу қызметі;
  • Ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі;
  • Қолдаушы Қызметі;
  • Бейімделу Қызметі (Ч. Дарвин теориясы б/ша.;
  • Коммуникативтік қызметі;
  • Ықпал жасау қызметі.

Эмоционалды сферада адамдар арасында индивидуалды айырмашылықтар анық көрінеді. Тұлғаның барлық ерекшеліктері: оның мінезі және интеллект дамуы, қызығушылығы мен басқаларға қарым – қатынасы эмоция және сезім шеңберінде көрініс табады.

Тұлғаның эмоционалды ерекшеліктері: 1. жылдам немесе баяу қозғыш, 2. қысқа немесе ұзақ мерзімді эмоционалды тұрақты, 3. сезімнің тереңділігін, 4. күштілігін қарастыруға балады. Мұның барлығы темпераментке де байланысты болып келеді.

Адам практикалық және теориялық іс — әеректтің субъектісі, яғни сезімсіз автоматтар немесе машиналар сияқты емес, мақсаттар бойынша дүниені өзгерте алады, ол және әрекет ету арқылы тек қажеттіліктерді қанағаттандырып қоймайды, өзгерістер тудырады, ең негізгісі болып ол адамдармен  қарым – қатынасқа түседі, түсе отырып олардың жауаптарын сезеді, көреді, осыған қобалжу туады. Адам сезімі – қоршаған ортаға деген қарым – қатынас, осының барлығы қобалжуға әкеледі.

Қобалжу – объект мазмұнын немесе сыртқы көрінісін түсіну болып келеді.

Эмоция – психологиялық кейіптің ерекше көрнісі, ол адамның қоршаған ортаға қатынасы  жағымды – жағымсыз түйсіктер арқылы белгілі жағдайларға белгілі формада көріну. Егер индивиттік тек биологиялық ағза деп алсақ, онда оның эмоция көрсеткіші органикалық қажеттіліктердің орындалу және орындалмауына байланысты болушы еді. Эмоциясыз өмір түйсіксіз өмір. Әр адам жеке тұлға ретінде әртүрлі эмоциялардың параметрлері бар: эмоционалдық қозғыш ұзақ немесе қысқа үстем болуына байланысты.

 

Негізгі ұғымдар: эмоция, сезім, аффект, қобалжу, көңіл-күй, әрекет-қылықты реттеу қызметі, қозу, тежелу, бейнелеу қызметі, ниеттендіру немесе ынталандыру қызметі, қолдаушы қызметі, бейімделу қызметі, коммуникативтік қызметі, ықпал жасау қызметі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Эмоция деген не, оның адам өміріндегі маңызы?
  2. Эмоцияның қызметтері?
  3. Сезімнің эмоциямен байланысы?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.   
  3. Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
  5. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
  6. Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000      
  7. Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
  8. Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *