- Психика туралы түсінік.
- Психиканың даму сатылары.
- Жануарлар психикасының ерекшеліктері.
Психика – ғылым ретінде психолгоияның зерттейтін көптеген субъективті құбылыстарын біріктіретін жалпы түсінік. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша , психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі жоғары дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Ал идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуіне бір емес екі бастама. Материалдық және идеалистік. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін жеке бастамалар. Дамуда байланыс жасай отырып, олар өз заңдары бойынша дамиды.
Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде п.б. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.
Қазіргі зерттееулер б-ша бір клеткалы қарапайымдардың психикалық құбылыстарына тән ерекшелік,: биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік,ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік.Материалистердің айтуынша, психикалық құбылыстар жерде тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін ғана пайда болған. Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды.Ол қоршаған ортаменбайланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді, ұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге деген қабілеттілік қосылды.
Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық, органикалық қосылулардан, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері п.б. Олар биологиялық эволюцияға жол салып, көбею, генетикалық жүре п.б. ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды.
Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіруі арқылы организмдерде ерекше органдар п.б. Бұл – жүйке жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия қалыптаса бастады. Ж:Ж құрылысының күрделенуі психика дамуының қайнар көзі болды.
Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрлысын өзгертуге әкеледі. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі п.б. Психиканың жетілуіне шындық өмір әсерін тигізеді: ол тіршілік иелерінде Ж.Ж.Ж. мен психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті.
Психика дамуы мен жан-жанкарларда тәртіп дамуы қалай жүзеге асты?
Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты божамдарды А.Н.Леонтьев өзінің “Писихиканың даму проблемасы”еңбегінде ұсынды. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. ОЛ жануарлар психологиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелер келтірді.
Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары.
(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша.)
Кесте 2
Псикалық бейнелеу деңгейі мен стадиясы |
Ерекшеліктері |
Бұл даму деңгейіне жеткен тіршілік иелері |
І.Элементарлы сенсорлы психика стадиясы |
|
|
І.І. Төменгі деңгей – сезгіштік элементінің примитивтілігі, тітіркенушіліктің дамуы
|
Ортаның биологиялық мәнді ерекшелігіне байланысты нақты, анық реакцияларды қозғалыс бағыты мен жылдамдықты өзгертуге бағыттау. Қозғалыстың қарапайым формалары. Мәнерлі тәртіптің әлсіздігі, биологиялық бейтарап. Ортаның өмірлік маңызы бар әсерлеріне қалыыптаспаған, қабілеттілік әлсіз, бағытталмаған қимыл-қозғалыс белсенділігі. |
Арапайым төменгі, көпклеткалы организмдер.
|
І.ІІ. жоғары деңгей – түйсіктің болуы, манипуляцияның негізгі органы – жақтың пайда болуы. Қарапайым шартты рефлекстерді қалыптастыруға қабілеттілігі. |
Биолог. Бейтарап тітіркендіргіштерге анық реакция, дамыған қимыл-қозғалыс, жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу. Индивидуалды тәжірибе үйрену ролі мөлшерінің аздығы. Тәртіпте негізгі мән – қатал туа біткен бағдарламалар. |
Сақиналы құрттар, бауырымен жорғалаушы молюскалар және т.б. |
ІІ. Перцептивті психика стадиясы. |
|
|
ІІ.І. Төменгі деңгей – сыртқы әрекетті заттардың формасы, образына қарай бейнелеу. Интеграция зат образын жүйелеуде әсеретуші факторлерді біріктіру. |
Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Ригидті, генетикалық бағдарланған компоненттер басымдылық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс қабілеттілігі күрделі және әртүрлі (сүңгу, жүгіру, секіру, өрмелеу,ұшу және т.б.., жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу.Жағымсыздардан бас тарту, дамыған қорғаныс тәртібі. |
Балықтар және т.б. омырқасыз жәндіктер. |
ІІ.ІІ. Жоғары деңгей – ойлаудың элементарлы формалары. |
Әрект-қылықтың жоғары дамыған инстинктивті формалары. Үйренуге деген қабілеттілік. |
Жоғары омыртқалылар |
ІІ.ІІІ. Ең жоғары деңгей – практикалық әрекеттерде ерекше бағдарлама –зерттеушілік, дайындық формаларын анықтау. Бір міндетті түрлі жолдармен шешу қабілеттілігі. Бір рет табылған шешімді жаңа жағдайға тасымалдау. Қарапайым құралдарды әзірлеу, оны іс-әректте қолдану. Биологиялық қажеттіліке байланыссыз қоршаған ортаны танып білу қабілеттілігі. |
Арнайы маманданған органдар манипуляциясын анықтау: табан, қол. Әрекет-қылықтың зерттеушілік формаларының дамуы. Олардың бұрын қабылданған іскерлік, білім дағдыларын кеңінен пайдалану. |
Маймылдар және кейбір жоғары омыртқалылар. |
Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума (инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады.
Адам психикасы дамудың өнімі б.т.
Даму дегеніміз – кез-келген құбылыстың сандық және сапалық өзгеруін көрсететін объективті процесс. Адамға қатысты дамудың келесі түрлерін көрсетуге болады: физикалық даму, физиологиялық даму, әлеуметтік даму, рухани даму, психикалық даму.
Психиканың даму мен қалыптасуын генетикалық психология, зоопсихология,және жас ерекшелі психологиясы зерттейді және бұл мәселеге елеулі жаңалықтардыХХ-ғасырдың ортасында көптеп енгізілді.Бұл мәселені зерттеуге байланысты екі үлкен ағым қалыптасты: эволюцианистік және диалектикалық материалистік.Бірінші ағым – психиканы үздіксіз немесе бірізділікпен байланыстырады. Ал екінші ағым – психикалық дамуды зерттеудің бір аймағы деп қана емес, психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі және жалпы принципі ретінде қарастырды. Өйткені психиканың және барлық құбылыстардың заңдылықтары тек дамуда деп түсіндірді.
Адамның психикалық даму процесін дұрыс тсіну үшін, оның негізгі мазмұнын түсініп алу қажет. Яғни, психикалық даму дегеніміз, шындықты бейнелеудің танымдық және әрекеттік формаларының күрделенуі.
Негізгі ұғымдар: психика, психиканың формалары, психиканың элементарлы сенсорлы деңгейі, психиканың перцептивті деңгейі, психика даму деңгейлерінің өкілдері, жануар психикасы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Психика деген не?
- Психиканың қарапайым формадан күрделенуіне қандай факторлар әсер етті?
- Психиканың даму стадияларына салыстырмалы талдау жасаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
- Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
- Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
- Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
- Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000
- Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
- Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998