- Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік.
- Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы.
- Қызметі және қасиетіне сипаттама.
- Бас миы қабығының қызметі.
- Писхикалық құбылыстарды ми жұмысымен салыстыру.
Адам әрекет-қылығы сәтті болуы үшін оның ішкі кейіпі мен ол өмір сүріп отырған сытрқы ортаның шарттары және қолданылатын практикалық әрекеттері бір-біріне сәйкес келіп отыруы қажет. Физиологиялық деңгейде бұлардың барлығының фукцияларын біріктіруді қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесі.
Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым тіршілік иелерінен адамға дейін — әрекет-қылықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы қарапайым жәндіктер түйсік, қозғалыс, ас қорыту сияқты қарапайым қызметті орындай алады. Олардың мүмкіндіктері шектеулі. Ал жоғары дамыған жануарларда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері даралана бастады. Қарапайымдар сигналдарды қабылдау қызметін (рецептор. атқарса, екіншілері – бұлшық еттер мен әртүрлі без секрецияларын (эффектор. іске қосады.
Сонымен, қажеттілікке орай жеке мүшелер мен олардың қызметі жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын орталық жүйке жүйесі (центральная нервная система. қамтамасыз етеді.
Ж.Ж. жалпы түзілімі барша омыртқалылада бірдей. Бұл жүйенің негізгі элементі – жүйке жасушалар немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен (дендрит – қозу қабылдау. және өсінділерден (аксон – қозуды жеткізу. құралады. Аксонның дендритпен байланысы синапс деп аталады. Негізінен нейрондар орталық жүйке жүйесінде атқаратын ерекше арнаулы қызметтеріне қарай оларды үш типке бөлуге болады: сенсорлы нейрон – рецептордан о.ж.ж. жүйке импульстарын жеткізуші, қозғаушы нейрон – о.ж.ж. жүйке импульстарын қозғалыс мүшелеріне жеткізуші, локальды байланыс нейроны – жүйке импульстарын о.ж.ж. бір бөлімінен екіншісіне жеткізуші. Осы нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Ж.Ж. орталық және перифериялық (шеткі. бөлімдерден тұрады. О.Ж.Ж бас миы, аралық ми және арқа миынан тұрады. ЖЖ қалған бөліктері перифериялық бөлімге кіреді. Бұл шеткі жж миға сырттан келетін әсерлерді жеткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын жүзеге асырып отырады. Бұл жүйенің екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар: 1. сырқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жж бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары. 2. ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфферентік жүйке талшықтары.
ЖЖ барша бөлімдері өзара тығыз байланыста. Бірақ олардың әрқайсысының ролі бірдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі – сопақша ми, орта мимен қосыла тума рефлекстер орталығына бірігеді. Арқа миында ең қарапайым рефлекстер орталығы (тізе рефлексі. бар. Дене мен қол-аяқ бұлшық еттерін реттейтін , ішкі мүшелер жұмысын басқарушы рефлекторлық орталықтар да осы арқа миында. Жоғары психикалық функциялармен, атап айтқанда ойлау мен сананың қызметі бас миы қабығының қызметімен байланысты.
Бас миы дистантты рецепторлық мүшелердің эволюциялық дамуының негізінде қалыптасқан ж.ж. өте күрделі бөлімі б.т. Ерекше рольді бас миында оң және сол жақ жартышарлар, сонымен қатар олардың негізгі тарамдары атқарады.
Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарлаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен орналасқан арқа миы, оның қызметі — бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу.Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан.Сопақша ми дененің қызметтерін орайластыра басқарады (дем алу, қан айналу, ас қорыту және т.б… Бұлардан жоғарыорталық жүйке бөлігі – күрделі қозғалыстар менбүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми орн-ды. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. О.Ж.Ж. ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жартышарларына біріккен.үлкен жартышарлардың құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді.Жартышарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты – бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде анықталады. К.Бродман ұсынған классификацияға байланысты, б.м.қ. 11 аймақ., 52 өріске бөлуге болады.
Неғұрлым дамыған өрістерінде жүйке клеткаларының 6-7 қабаттары орналасқан және қабат саны сол бөліктердің ескілігіне байланысты. Ескі қабық бір ғана қабаттан тұрады және қабық астынан толықтай бөлінген. Адамның бүкіл б.м.қ. 95,6 % көлемі жаңа қабықтан, ежелгі қабық – 0,6 %, ескі қабық – 2,6 % аумақты алып жатыр.
Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге жіктеуге болады.Бас миы сыңарларының сырқы бөлігі – желке аймақ(қара құс., ол алдыңғы таратпа төбе (еңбек. аймақтарына жалғасады.Алдыңғы, аумағы жағынан ми сыңарларының ең үлкен бөлігі – маңдай аймағы – адамда ғана жақсы дамыған. Осындай жіктеулерге сәйкес көру әсерлерінің анализі мен синтезі – желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы.; сезу және ет-сүйек аппараттарындағы тітіркенушілер – төбе (еңбек. аймағының алдыңғы бөлігінде орналасқан.
Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдастырылуын жете түсіну үшін адам миы қызметі туралы қазіргі заманғы ғылыми деректерді білу қажет. А.Р.Лурия бойынша бас миы аппараттарының қызыметімен байланысты келесі принциптерді білуіміз қажет.
Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші,өз әрекетінің бағдарламасын түзу, олардың өзара әрекеттес қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс атқарады. Бұл аппарат өте күрделі, сондықтан бұл жете дараланғанбірнеше бөліктерден тұрады. Дегенмен,бір бөлігі зақымдалатын болса, бүкіл аппараттың қызметіне зақым тиеді.
Адам бас миында үш негізгі блок дараланады. Біріншісі – ақпарат қабылдап, өңдеуге, сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын қадағалап, қажетті ми қабығының іс-қуатына жәрдем береді. Екінші блок – адамға сыртқы орта мен өз тәні мүшелерінен жететін ақпараттардың қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүзеге асырады. Үшінші блок — әрекет жоспарын түзейді, оның орындалуын реттеп , іске асырады және табысты нәтижеге жетуін қамтаамасыз етеді.
Адамныңсанлы іс-әрекетін қалыптастырушы осы үш блок бас миының оқшауланған бөліктерінде орналасып, өзара үйлесімді қызмет атқарады.
Бірінші блокқа сипаттама. Бұл блокты – ми қабығына қуат беру (тонус. блогі немесе энергетикалық болок деп те аталады. Түрлі процестердің өз деңгейінде орындалуы үшін ми қабығының қуатын қажетті дәрежеде тұрақты сақтау қажет.Тек тиісті қуатпен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, одан тиісті ақпараттытаңдап,қабылдау; олардың ізін жадыда қалдыру, нақты әрекет мазмұны мен бағытын қалыптастырумүмкін болды, яғни қозу мүмкіншілігі жеткілікті болу қажет.1-ші блок қуаты негізінен екі жағдайға тәуелді. 1-шісі, ми қабығының сергек қалпын сақтау үшін оған сыртқы орта ақпараты ізінүзбестен, легімен келіп жатуы қажет. Болмаса, жануар мүлги бастайды немесе адамның сергектігі төмендейді. 1-шісі, сонымен шеткі аймақтардан түсетін тұрақты тітіркендіргіштер. 2-шісі бұл ағзаның ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. Мысалы, қарын ашқанда, ол туралы хабар ми қабығына ретикулярлы формацияның(мидың белсенділік қуатын көтеруші нейрондар шоғы. көмегімен жеткізіледі. Осыдан организм жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болады.
Екінші блок, сезім органдарының сырттан жеткізген сигналдарының анализі және синтезіне байланысты қызмет атқарып, адамға келіп түсетін ақпаратты қабылдайды, өңдейді, сақтайды.Бұл блок аппараттарын талдағыштың (анализаторлар. орталық бөліктері деп те атауға болады.
Үшінші блок, оның құрамына үлкен ми сыңарларының алғы бөліктеріндегі маңдай аппараттары кіреді. Адамның саналы іс-әрекеті ақпаратты қабылдау мен өңдеуден басталып, тиісті іс жоспарын жасап, қажетті ниет қалыптастыру және түзілген іс-әрекеттік бағдарламаға сай сыртқы (қозғалыс., ішкі (ақыл-ой. қызметін орындаумен аяқталады.
Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екінші көз – ағзаның ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. М-ы, аштықтан хабар беруші ағза қалпы жоғары баған мен гипоталамус аппараттарымен реттеледі.Ми қабығына ретикулярлы формацияның көмегімен жеткізілген осы ағза жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болып табылады.Ми қабығында тіл, сөз араласуымен тек адамға ғана қатысты ең жоғары ниеттер мен қажеттерді тудырушы ақпараттарға орай туындайтын әрекет- қылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға ие болатын үшінші көзі – бәсеңдеуші ретикуляциялық формация болып табылады.
Психикалық құбылыстар мен адам миының қызметінің өзара байланысы туралы өте ерте кезде айтыла бастаған (Алкмеон Кротонский, Гиппократ).
ХХ ғ. басында адам миында жүзеге асырылатын органикалық процестер мен психикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін арнайы екі ғылым саласы қарастырыла бастады. Олар: жоғары жүйке қызметі физиологиясы және психофизиология.
Біріншілер ағзаның жаңа тәжірибені меңгеруі және дене реакцияларын басқаруға байланысты мида жүріп жатқан органикалық процестерді зерттеді. Ал екінші сала өкілдері психиканың анатомиялық-физиологиялық негіздерін зерттеді. Бірақ ортақ болып, еспен байланысты құбылыстарды енгізетін үйрену (научения) түсінігі. Психологиялық құбылыстар мен әрекет-қылықтың адам организімі және ми жұмысымен байланыстылығын И.М.Сеченев ұсынып, оны И.П.Павлов дамытты. Ол шартты рефлекторлық үйрену құбылысын ашты. Бұл теорияны жалғастырған Н.А.Бернштейн, К.Халл (организм әрекет-қылығының теориясы – тірі организмнің өзін-өзі ерекше әрекет-қылықтық және генетикобиологиялық механгизмдер арқылы реттестіруі), П.К.Анохин (функционалды жүйе моделі).
Жоғарыда айтылған ми құрылымының үш блоктілігімен психикалық функциялардың локализациясы проблемасы п.б.
Бұл б-ша локализационизм және антилокализационизм деп аталатын екі көзқарас бар. Біріншісі бойынша , адамның әрбір психикалық қасиеті немесе қалыпы мидың белгілі бір шектеулі аймағымен байланысты. Демек психикалық құбылыстарды адам миының жоғарғы және төменгі бетіндегі нақты орындарға орналастыруға болады.
Бұдан кейін ми участогінің біреуінің қызыметінің бұзылуы басқа да түрлі функциялардың бұзылуына әкелетіндігі анықталды. Бұл келесі альтернативті білімнің -антилокализационизмге жол ашты.
Негізгі ұғымдар: жаратылыстану, жоғары жүйке жүйесі, бас миы, бас миының бөлімдері мен қызметтері, индукция, дедукция, қозу, тежелу, анализ, синтез, үлкен ми сыңарлары, аралық ми, мишық, сопақша ми.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Адам миының құрылысын түсіндіру негізінде әр бөлімнің атқаратын қызметін көрсетіңіз?
- Мидың анализдік және синтездік қызметін түсіндіріңіз?
- Психикалық құбылыстар мен ми қызметінің байланысы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
- Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
- Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
- Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
- Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000
- Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
- Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998