- Жеке адам туралы түсінік.
- Әлеуметтік психологияда жеке адам мәселесі
- Жеке адам топтық процесте.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады. Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі объектісі, әрі субъектісі. Жеке адам қоғамдық тарихи категория. Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адам проблемасын зерттеумен – философия, социология және этика, педагогика және генетика айналасады. Жеке адам прорблемасы маркстік социология структурасында маңызды орын алады, сол сияқты жалпы психологиядада. Жеке адамды зерттеу социологиялық және жалпы психологиялық жолмен. Сонымен маркстік социология жеке адамды – мынадай сапада қарастырады — әлеуметтік топтың нақты уәкілі ретінде.
В.А.Ядов., Е.В.Шорохов жеке адамды социологиялық тұрғыда қарастырды. А.Г.Ковалев- жекеадамның үш құрылымын көрсетті. К.К.Платонов- ж.а. төрт қосқұрылымын көрсетті.
А.Н.Леонтьев – жеке адамды ол іс-әрекетпен тығыз байланысты қарастырады.
Әлеуметтік психологияның міндеті – жеке адамның толық құрылымын ашу, ол қоғамдық қатынастардың объектісі және субъектісі болып табылады.
Жеке адам топтық процесте. М.Шоу жеке адамды топтастыруды үш классқа бөліп қарастырды.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
- Жеке адамның қоғамдық мәнін қалай түсінуге болады?
- Әлеуметтік рольге түсінік беріңіз.
- Әлеуметтік психологияда жеке адам мәселесін кімдер қарастырды.
Әдебиеттер:
- В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология клолектива. М., 1978.
- Д.Майерс. Социальная психология. Питер.1994
- А.Г.Ковалев. Коллектив и социально-психологические проблемы руководства. 2-е ид.М:, 1976
- Е.В.Руденский. Социальная психология. М., 1977