АЛБАН АСАН

АЛБАН АСАН Барманбекұлы (1866 — 1916, қазіргі Алматы обл. Райымбек аудҮшқақпақ қыстағы) — ақын. Албан, Бұғы (қырғыз) ішінде бала оқытып, молда атанған. Өз сөзіне қарағанда өлең жазуды кеш бастаған. I. Жансүгіров Асанның “Жеті қисса” дейтін толғауын жазып алып, “Жаңа мектеп” журналына (1926, №9 — 10) жариялады. Кейін “Ақыр заман” (1934) деген жеке жинағын шығарды. Ақын өлеңдерінің дені өз заманының әлеум. тіршілігін суреттеуге, Ресейдің отарлау саясаты зардабынан шұрайлы қонысынан айрылған елдің мұң-зарын жырлауға арналған. Шортанбай, Мұрат, Нарманбет, Дулат, Кердері Әбубәкір туындыларымен сарындас. А. А. шығармалары мерзімді баспасөз беттерінде, “Әлем” альманағында (1991), “ Қазақ поэзиясының антологиясы” (1993), “ 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті” (1994) жинақтарында жарияланды. Жарық көрмеген толғаулары ҚР ҒМ — ҒА Ортғыл. кітапханасы мен М. Әуезов атынд. әдебиет және өнер ин-ты қолжазба орталығында сақтаулы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *