АЛАШ ҮСТІРТІ — Ресей Федерациясы, Тува Республикасы Батыс Саян жотасындағы үстірті. Оның ең биік жері 3129 м (Бай-Тайга тауы). Жер қыртысы, негізінен, метаморфтанған алевролиттер, тақтатастар және құмдақтар мен конгломераттардан түзілген. Беткейлері тік жартасты. Өзен аңғарларымен тілімденген, аралықтарында тасты далалар кездеседі. А. ү-нің беткейлерін жапырақты орман көмкерген. Ең ірі өзені — Сут-Холь (Сүткөл). Климаты қатаң, қыста жиі бұрқасынды желдер болып тұрады. Қаңтар айында темп-ра -50°С-ға жетеді. Жазы қоңыр салқын. шілде айындағы орташа темп-расы 16°С.