Түйсік — қоршаған заттар мен құбылыстардың сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы миымызда бейнеленуі.
Сыртқы және ішкі ортадан әсер етуші тітіркенгіштерді арнаулы қабылдау апаратын яғни анатонофизиологиялық апаратты. И.П.Павлов анализатор деп аталады.
Адамдарда барлық түйсіну процесінің мазмұны жағынан түйсіну мүшелерін үлкен екі топқа бөледі: 1)сыртқы 2) ішкі
Сыртқы түйсіну мүшелері- көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері. Бұлар адамда сыртқы қоршаған өмірмен байланыстырады. Сыртқы түйсіну экстрорецептор деп аталады.
Ал ішкі түйсіну мүшелерінің өзі 2 бөлінеді:
Интрорецептор — органикалық түйсіну мүшесіне жатады.
Прориорецептор 1)дененің кеңістіктегі орнын сезу реакциясы 2)қимыл әрекеттің жылыны сезу мүшесі.
Түйсіктің негізгі қатынасы адаптация, сенистезия, сенсибилизация жатады:
Адаптация – сырттан тұрақты әсер еткен тітіркендіргіштерге түйсіну мүшелерінің бейімдеуі. Адаптация латын сөзінен шыққан қазақша «бейімделу» деген сөз.
Мысалы: адамның көзі жарыққа шағылысып еріксіз көзін жұмады,2-3 мин соң көз жарыққа үйіп, көру қалпына келеді. Сол сияқты адаптация тері түйсіну мүшесінде жақсы байқалады. Мысалы: суға алғаш түскенде адам тітіркенеді, біраздан соң ол білінбей кетеді.
Синистезия — сырттан әсер еткен тітіркенгішті сезім мүшелерінің біреуіне ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа анализаторлар да түйсіктің болуына жағдай жасайды. Мысалы: алманы көрсетіп отырып әңгімелессек, сол сәтте көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі бірлесіп қызмет атқарады. Сондай ақ киноны көріп, отырғанд есту мен көру түйсігі қызмет етеді. Сонда синестезия— түйсінудің қосылып қызмет етуі.
Сенсибилизация бұл физиологиялық құбылыс. Мұнда анализаторлар тек сезгіштіктің артуын көрсетеді. Яғни адамның сезім мүшесінің бірігуіне етуі айырмашылығы екіншісінің сезгішін артып алады. Мысалы: әлсәз тітіргендіргіш өзімен әсер етіп тұратын тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мысалы: көзге жақсы түсіп тұрған жарық көру мүшесімен бірге есту мүшелерінің қызметін жақсартады. Ұшқыштар аспанға ұшқан кезде көздеріне қоңыр қызыл әйнек киеді, бұл көргіштікті арттырады.