Дағды, икемділік           

                              

 

Дағдының негізгі шарты — рефлекс.

Дағды дегеніміз- адамдардың  өз бетінше әдеттенуі және жаттығу арқылы қалыптасқан мінез- құлық тәсілдері.

Адам текстің мағынасын түсінумен қатар алдағы создердің мағынасын да аңғара алады. Мұны психологияда дағдының антиципациясы дейді.

Дагды бірнеше түрге топтастырылады. Олардың бастылары: мектептік (кітап оқу, жазу, есептеу т. б.), спорт (коньки тебу, футбол ойнау, күрес т. б.), еңбек, түрлі мамандық (токарь, слесарь, әскери, дәрігерлік т. б.). Спорттық дағдыларды — қозгалыс, мектептік дағдыларды сенсорлық (тікелей қабылдау) және интеллектік дагдылар деп те атайды.

Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мөселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған.  мысал балада дағды болмағанмен, онда осы ойынға икемділіктің барлығын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *