Психологиялық ғылымның дамуы. Ғылымға дейінгі психология

 

  1. Психологиялық ғылымның дамуы.
  2. Спиноза

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы ұзақ және тарихи қысқа болды.Ежелгі Грецияда психикалық құбылыстарды түсіндірмек болған.Онда психика, жанды табиғаттың 1 бөлігі ретінде қарастырған: жануарда-жан бар, ол қозғалыс  пен даму көзі. Жан денеден тыс өмір сүреді де адам тағдырына, денсаулығына,сәттілігіне әсер етеді. Психика табиғатын бұлай түсіндіру анимизм деп аталады (латын тілінен anima –жан,дух).

Психиканың түсіндірілуі бұдан кейін Демокрит және Плотонмен байланысты. Демокрит – психиканыматериалистік тұрғыда түсіндірушілердің бірі. Жан атомдардан тұрады және кездейсоқ құбылыстар болмайды,-деген. Плотон-І идея, ІІ материалды дүние, деген.Плотон- философия идеализімнің басы.

Антикалық ғалымдар, философтар,дәрігерлер психика мен ми байланысын түсіндірді, психика мен қоршаған орта, адам психикасының тұрақты индивидуалды көрсеткіштері туралы көзқарасын ұсынды.

ХІVғ дін адамдарды зеріттеуге тыйым салды. Бірақ ХVғ механика психологияның дамуына көп үлес қосты.Механиканы адам мен жануар психикасына алғаш рет қолданған.Декарт ол адам организімінің техникамен салыстырады, ол жануарда жан жоқ, ол тек сыртқы әсерлерге жауап береді,сол оның тәртібі, деді.Ламерти жануарлар машина тәрізді дегенді адаммен байланыстырды.Декарт рефлекс және сана ұғымдарын енгізді, бірақ оларды «бөліп тастады».Жануар тәртібін және адамның кейбір қылықтарын рефлекторлы  деуге болады,-деді. Сана – тек адамның өзін-өзі бақылауына ғана болатын,тұйық құбылыс,-деді.Дене тек қозғала алады, жан-тек ойлайды, деген. Бұл ғылым дуализм деген атқа ие болды.

Спиноза – дуализімнен асып, адамды тұтастай қарастыруды ұсынды.Ол адамды 3 қозғаушы күш бар деді, ол: қуану, қайғыру, ынтығы және эмоцияналды күйлер пайда болады. Қайғыру – дене белсенділігін азайтады, қуаныш – көбейтеді.

Дүниетанудағы сезімдердің Лок негізін қалады, дамытты. Ол сенсуализім деп аталды. Ол ақыл-ойда сезім органдарынан өтпеген ештеңе жоқ деді. Нәрестенің психикасы – «таза тақта», тәжірибе оған мазмұн жазады,-деді. Психикалық әрекеттің негізгі миханизімі – ассоциация.Ассоцация ілімі ХХғ басына дейін етек алды.

Француз психологтары ХVІІІғ Дидро, Гольбах, Гельвеций, Кондильяк адам психикасының әлеуметтік дитермикациясын ашты.

ХІХғ басында психиканы түсіндірудің жаңа бағыттары пайда болды, психология ғылым ретінде қалыптаса бастады.Осы кезде анатомия мен жүйке-жүйесінің физиалогиясы дамыды.Чех зеріттеушісі Прохазка, француз зерттеушісі Мажанди және ағылшындық Белла сенсорлы және маторлы жүйке жолдарын ашты және Декарттың рефлекторлы доға идеясы іске асты.

Австрия анатомы Гальдің френалогиясы (грекше pxren-жан) кеңінен тарады. Ол қабілеттіліктер ми құрылымына байланысты, бас сүйегіне қарап ми дамуы мен адам қабілеттіліктері туралы айтуға болады,- деді және зеріттеушілер ми мен психикалық әрекетті зеріттеді. Осы кезде Фритче мен Гитцег қозғалыс орталығы, сезім, Брока, Вернике (моторлы және сенсорлы сөйлеу) орталықтарын ашты.

Осы кезеңде сезім органдарының физиялогиясы дами бастады (Мюллер,Гельмгольц). Дарвин қағидасына сүйене психика эволюция нәтижесі ретінде қарастырылды.

Психиатрия мен көтеріліп ауратындарға көзқарас өзгерді. Бұғанға дейін оларды диявл билеген деген, (мұндай суға салған, ауырту тітіркендіргіштерін жасаған т.б). Психикалық ауруды емдеуге болатындығы норма мен паталогия ұғымдарын ашты.

         ХІХғ ІІ жартысында биология, физиология, медицина, ғылымдарының дамуымен психология ғылымы пайда болады.

Ғылыми психологияның пайда болатына эксперементтік әдістердің енуі әсер етті, бұған дейін тек интроспекциялар (өзін-өзі бақылау) болған. Осы кезде Вебер сыртқы тітіркендіргіш күші мен сезіну көлемінің қатынасын анықтады, Фехнер осы заңдылықты математикалық қорытындылады. Гельмгольцтың, сезім органдарының психофизиялогиясы жұмысы пайда болды.

Эксперементалды психология 1879ж 15сентябрьде Германияның Лейпицг қаласында Вельгельм Вунттың эксперементальды психологиялық лобараториясының ашылуынан басталады. Түйсіну, қабылдау, реакция жылдамдығы, ассоциациялар, сезімдерзерттелебастады. Вунт объективті зеріттеу әдістерін қолдана отырып, оны интерпритациялауда идеалистік көзқарас ұстанды. Психикалық реакцияларды зеріттеуде өзін-өзі бақылау негізгі орын алды.

Матералистік психологияны 1863ж Сеченевтің еңбегі дамытты рефлекс-адам психикасының негізгі миханизмі деді. Рефлекторлық доға түсінігін рефлекторлық сақинамен алмастырды.

Ресейдегі І психологиялық лабараторияны В.М.Бехтерев ашты медицинада, жас ерекшелік, әлеуметтік психологияның негізін қалады.

ХІХғ аяғы-ХХғ басында қолданбалы эксперементальды психология дамыды.Эббингауыз эксперементте сандық талдау жүргізді де, өзінің психологиялық заңдылығын ашты.

Гальтон индивидуалды ерекшеліктерімен тестті ашты. Алғашқы шетел зеріттеулерге арналған тесттерді Француз психолыгы Бине енгізді.

ХХғ психологияны зерттеу пәні мен әдістері туралы көзқарастар бірікпеді, бірнеше психологиялық мектептер пайда болды.

Бихевиоризм. Бехтерев, Павлов ықпалымен америка психологиясында пайда болды. Бағдарламасын құрған Уотсонтерминін енгізді. Адам санасы, еркі қабылдауы т.б «қара жәшік» деді. Дене белсенділігі сырт ортаға ішкі реакцияға байланысты көрінеді.

Толмен стимул-орта, звено, реакция-аралық өзгеріс терминін енгізді, ол күту, білім, бағдар бұдан Когнитивті бихевиоризім деп аталды және Холм Скиннер.

Гештальт-психология (неміс Gestalt-бейне, конфигуранция) ХХғбасындаГерманияда пайда болды. Негізін қалаушы Вертгеймер, Келер, Коффки.

Тәртіп – рефлекстер байланысынан кең, тұтас. Мысалы: қабылдауда тұтас бейне пайда болды, бұл- гештальт, ал тез арада есепті шешу- инсайт.

Психоанализ Фрейд: Жеке адам белсенділігі-бейсанада. Психика құрылымы: бейсана — Ид (Оно), сана алды — Эго(Мен), саналы — Супер эго (Жоғарғы Мен). Бейсаналы энергия көзі — сексуалдылық. Ид-организімді соматикалық және психикалық процестер.

Әдебиеттер:

  1. Селье Г. От мечты к открытию. М. 1987.

2.Феофраст. Психология личности. М.1982

3.Люблинская А.А. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы    жөнінде. А.,1981 ж.

4.Немов Р.С. Психология в 3-х книгах. Кн.1. Психология образования. М.       Владос,1998 ж.

5.Столяренко Л.Д. Основы психологии. –Ростов-на-Дону, 1996.

  1. 6. Джемс У. Многообразие религиозного опыта. М. 1992.

7.Гамезо М.И., Домашенко И.А. Атлас по психологии. – М., 1996.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *