АЛАШАН ШӨЛІ

АЛАШАН ШӨЛІ — ҚХР-дың солтүстігінде, Наньшан т. мен Гоби Алтайының арасындағы ойпатта орналасқан. Орташа биікт. 800 м және одан жоғары. Жер бедері әркелкі. Тектоник. және аккумулятивті пішіндер, борлы құмтас-малатасты жазықтар, сондай-ак барханды құмдар түріндегі эрозиялық пішіндер, ойпаңдар, сор, тақырлар кездеседі. Ауд. 1 млн. км2-ге жуық. А. ш- нің бедері салыстырмалы биікт. 150 — 200 м-ден аспайтын бұйратты (Баян-Ула, Хара-Ула, т.б.) және ертедегі гнейс, гранулит, амфиболит, кварциттерден түзілген ұсақ шоқылы, жазық болып келеді. Көшпелі құм алқаптары оңт.- шығысында — Тэнгри және солт.-шығысында — Уланпу- хо. Ірі өзендері — Жошуй мен Шуйхэ. Жазда муссондық жаңбырдан немесе нөсерден кейін уақытша көптеген өзендер пайда болады. Ең үлкен көлдері: Согонур мен Шарабурду. Өсімдіктерден: сексеуіл, бұта, қараған, жусан, қамыс, ши, өлеңшөп, т.б. өседі. Жануарлардан: бөкен, қоян, саршұнақ, қосаяқ, тасбақа, кесіртке, жылан мекендейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *