АЛАУ БАТЫР

“АЛАУ БАТЫР” — “Қырымның қырық батыры” эпостық жырының жеке батырлар топтамасына енетін жыр. Нұсқасы толық, тұтастай 7 — 8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. 1942 ж. Мұрын жыраудан Мәриям Исаева стенограмма әдісімен жазып алған. Айса батырдьщ інісінің баласы Алау жастай жетім қалып, ер жүрек болып өседі, елінің кегін алу үшін УағашДаяс деген жерлерді қоныстанып отырған қалмақтың Есен, Сүйін деген хандарына аттанып, жалғыз өзі көзсіз батырлык жасайды, жаудан түскен олжасын аш-арық ноғайлыларға бөліп береді. Жырда елді сыртқы жаудан қорғау, туған жері, Отаны үшін жанын аямау қиял-ғажайып ертегі сарындарымен ұштасып, Алау батыр халық корғаны, қамқоршысы бейнесінде суреттеледі. “А. б.” жыры алғаш рет “Қазақ халық әдебиеті” көп томдығының 12-томында (1990) жарық көрді. Түпнұсқасы ҚР ҒМ — ҒА ОҒК қорында сақтаулы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *