Баланың ақыл-ойының дамуы

 

  1. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы
  2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы

 

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы

Мектепке дейінгі кезкеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдауы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әр түрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардан айырмашылығы бар екндігін бөліп, ажырата алады.

Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженің терминологиясына сәйкес келеді.

Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л. Ф. Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж. Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.

Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бірсыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгертулерін үлкендердің жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен әрекеттерінің тәжірибесінен алады. Білім қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екндігінде. Егер бала өз іс-әрекетінің жемісті болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіндіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім міндеттерін шешуге пайдаланылады.

Ойлау іс-әрекеттерініңқалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды. Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне байланысты. Мектепке дейінгі шақта ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттері форма, не сөз бен сан сияқты белгілер арқылы қабылданады.

Ойлау баланың дамуына оның таным әрекетіне үзіліссіз өрістеп, кеңеюіне байланысты болады. Кейбір заттар мен күнделікті өмірде бірнеше рет әрекет ете отырып, оның әр түрлі қасиеттері мен сапаларын ерте ажыратып, сол зат туралы жалпы түсініктер пайда болады. Ал кейбір заттарды сирек көріп, аз әрекет ететін болса, оны тек қана бір жақты танып біледі. Заттар мен тікелей әрекет етіпанықтап білу нақты бейнелік ойлаудың дамуына әсер етеді. Баланың дүниені танып білуінің өзі қабылдау мен түйсіктің дамуына тікелей байланысты. 6 жастағы балалар үшін көрнекі амалды ойлауының маңызы зор. Баланың жасы өскен сайын мәселені өз бетімен ойлап, шешуі кеңейеді. Бірақ әрекеті икемсіз болады. Ересектер тобынан бастап, практикалық әрекет арқылы сөзді қабылдау жүзеге аса бастайды. Әрекетті басқа жолмен құрудың өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі.

Мектепке дейінгі баланың мынадай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі.

Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.

Үшіншіден, әр түрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді.

Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.

Баланың ойлауының дамуына түрлі әрекет әсер етеді. Іс-әрекет түрлері өз  тарапынан баланың  сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс-әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс-әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс- әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әр түрлі формадағы белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге бағытталып отырады. Мысалы: баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі ережесі мен шаттары бар дидактикалық ойынды ұйымдастырудың маңызы зор. Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер ойынды тиісті талаптарға сай ұйымдастырып, басшылық жасай білу қажет.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы

Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым-қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген мәтінді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін алған әсерін ұғынықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.

Жалпы мектепке дейінгі кезеңде бала үлкендерге тиісті ауызша сөздің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым-қатынас кезінде диологты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттерін жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым-қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.

6 жасқа келгенде баланың сөйлеуі жоғарғы сатыға көтеріліп, сөздік қорының саны көтеріліп, өз ана тілінде сөйлеудің негізгі ерекшеліктерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгілердің тілді меңгерудің негізгі ерекшілігі дұрыс сөйлеу ережесін жаттап отырмайды, ешқандай теорияға мән бермейді, зат есім, сын есім, жұрнақ, жалғаудан бейхабар болады. Мектеп жасына дейінгі балалар күнделікті сөйлеуді өзінің айналасындағылармен қарым-қатынас кезінде үлкендерге еліктей отырып, үйренеді. Сондықтан да баламен қарым-қатынас жасағанда дұрыс сөйлесіп, түсінікті тілде жауаптар қайтарған жөн. Осы жақта баланың актив сөзінен пассив сөзі басым болады. Бала сөзді естігені бойынша айтады. Баланың тілдік қабілетін жетілдіруде тәрбиешінің рөлі ерекше. Мысалы, бала тәрбиешінің әр сөзінің интонациясы мен дикциясына еліктеп сөзді қайталайды. Бала 7 жасқа келгенде үлкендермен қарым-қатынасының нәтижесінде ситуациялық сөзді меңгереді.

Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсінікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.

Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диологты және монологты сөздік қоры дамиды.

Мектеп жасына дейінгілер еңалдымен дауысты дыбыстарды сонан соң дауыссыз, үнді, қатаң, ұяң дыбыстарды меңгереді. Бұл кезде балаға –з, -м, -ж, -с, -ш; сияқты ашық дауыссыз дыбыстарды ызылдап, ысылдап, ышылдап айтылатын дыбыстарды айту қиындыққа түседі. Осы кезде –р дыбысын –л немесе и дыбысымен ауыстырып айтады. Шамамен алғанда  баланың сөздік қоры 2 жаста 300-400, 3 жасында 1000-1500, 4 жаста 1600-1800, 5 жасында 2000-2200, 6 жасында 5000-ға дейін болады.

Алғашқы кезде баланың сөзінде зат есім көп болады. Кейіннен есімдіктер мен етістіктер және т.б. сөз таптарын қолдана бастайды.

Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланысты болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуы мен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі.  Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А.А. Люблинская, Л.С. Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы  балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *