Психологиядағы факторлық анализ

 

Екі факторлы дисперсионды анализ бізге фактордың әрқайсысының жекелей әсерін бағалауға ғана емес, сонымен қатар олардың өзара әрекеттесуін бағалауға да мүмкіндік береді. Бір ауыспалы зерттелінуші белгіге басқа ауыспалының ең төмен (немесе, керісінше ең жоғарғы) мағынасы болғанда ғана маңызды әсер етуі мүмкін. Мысалы, мадақтауды жоғарылату жоғары интеллектуалды зерттелінушілерде тапсырманы шешу жылдамдығын жоғарылатуы және төмен интеллектуалдыларда төмендетуі мүмкін. Жазалауды күшейту қыздарда агрессивті реакция мөлшерін төмендетуі және ұлдарда жоғарылатуы мүмкін. Немесе, айталық, сендіру кіші мектеп жасындағыларға әсер етуі мүмкін, бірақ жасөспірімдерге әсер етпейді. Бір фактор басқа фактордың әрекетін «мұздатуы» немесе «катализдеуі» мүмкін.

Жұмысты толығымен мысалда қарастырған жақсырақ болады. Сондықтан екі факторлы дисперсионды анализдің модельдеріне көшейік:

а) байланыспаған таңдауларға арналған;

б) байланысқан таңдауларға арналған.

Байланыспаған таңдауларға арналған екі факторлы дисперсионды анализ.

Әдістің тағайындалуы

Екі факторлы дисперсионды анализінің берілген нұсқасы зерттелінушінің түрлі таңдауларына бір мезгілде екі фактордың әсер етуі кезінде қолданылады. Таңдаулар саны дисперсионды комплекстің ұяшықтар санымен анықталады.

Әдістің сипаттамасы

Әдістің мәні сол қалпында қалады, бірақ екі факторлы дисперсионды анализде біз болжамдардың көп мөлшерін тексере аламыз. Бір факторлы комплекстерге қарағанда есептеулері қиынырақ.

Бұнда қолданылатын есептеу алгоритмі тек біркелкі комплекстерге арналған. Егер комплекс біркелкі емес болып шықса, онда кездейсоқтық жолмен бірнеше зерттелінушілерді іріктеп алу қажет.

Жұмысты бүкіл дисперсионалды комплексті көрсететін арнаулы таблицаны құрудан бастаймыз.

Болжамдардың 1 комплектісі

Н0- А факторының әрекеттеріне шартталған сөздерді сөйлеу көлемінің ерекшеліктері, көрсеткіштер арасындағы кездейсоқ ерекшеліктерге қарағанда анығырақ емес.

Н1-А факторының әрекеттеріне шартталған сөздерді сөйлеу көлемінің ерекшеліктері, көрсеткіштер арасындағы кездейсоқ ерекшеліктерге қарағанда анығырақ.

Болжамдардың 2 комплектісі

Н0- В факторының әрекеттеріне шартталған сөздерді сөйлеу көлемінің ерекшеліктері, көрсеткіштер арасындағы кездейсоқ ерекшеліктерге қарағанда анығырақ емес.

Н1-В факторының әрекеттеріне шартталған сөздерді сөйлеу көлемінің ерекшеліктері, көрсеткіштер арасындағы кездейсоқ ерекшеліктерге қарағанда анығырақ.

Болжамдардың 3 комплектісі

Н0- А факторының сөздерді сөйлеу көлеміне әсері В факторының түрлі градациясына бірдей, және керісінше.

Н1-  А факторының сөздерді сөйлеу көлеміне әсері В факторының түрлі градациясына әр- түрлі, және керісінше.

 

Негізгі ұғымдар:факторлық анализ, дисперсионды комплекс, болжамдар.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Екі факторлы дисперсионды анализге талдау

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Дружинин В.Н.Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: Питер, 2005
  2. Зароченцев К.Д., Худяков А.И.. Питер 2004 жылЭксперименталды психология: емтихан билеттеріне жауап
  3. Рамуль К.А. Введение в методы экспериментальной психологии. Тарту, 2006
  4. Крылов А.А., Маничева С.А. Практикум по общей экпериментальной и прикладной психологии. Питер 2009
  5. Эксперименталды психология Сатиева Ш.С. Семей 2007

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *