Интерпретация және зерттеу нәтижесін өңдеу

 

 

1.Интерпретация және зерттеу нәтижесін өңдеу.

2.Мәліметтердің жіктелуі. Мәліметтерді жинаудағы негізгі өткізілу талаптары.

  1. Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым.

Эмпирикалық зерттеудің бірінші этапының негізгісі мәліметтерді жинау болып табылады. Жалпы жағдайда мәліметтерді зерттелуші объект жағдайының белгіленген параметрі ретінде қарастыруға болады.

Психологиялық берілгендер эмпирикалық әдістің анықталуының сапасы ретінде, осы немесе басқа әдіскердің көрсеткіш көмегімен де белгілеп алуға болады (Т.В.Корнилова).

Ж. Годфруаның ойы бойынша – мәліметтер  – ол қорытындыға жататын элемент, қайта қаралу мақсатында жіктелген кез келген ақпарат болуы мүмкін.

Сонымен, егер зерттелуші объект туралы ақпарат беретін болса, онда оны эмпирикамен алынған мәліметтер  деп атауға болады, яғни алдын ала белгіленген жоспарға және зерттеу нәтижесінің болжамына да сәйкестендіріледі (оң , теріс ). Егер алынған шарттарға сәйкес келмесе, онда ол есептелмейді, яғни олардың ақпараты 0 – ге тең болады.

В.В. Никандровтың айтуынша,  нақты объект – ол өмірдің бөлігі, ал олар туралы мәліметтер – ол ғылымның іргетасы. Ол  әртүрлі қағидалар негізінде мәліметтердің жіктелуін былай көрсетеді:

  1. Ғылыми негізделуі бойынша:
    • ғылыми мәліметтер – іздену нәтижесінде ғылыми талаптарға сай алынған мағлұмат.
    • Ғылыми емес мәліметтер — өмірлік тәжірибеден алынған мағлұмат.
  2. Гипотезаны тексеру кезіндегі үлес және шешу жолдары бойынша:
    • Негізгілері – алға қойған гипотезаны қабылдау немесе қабылдамау.
    • Маңыздысы – шешу мәселесіне көптеген үлес қосылады, бірақ оның толық қанды шешілуіне толығырақ мағлұмат қажет.
  3. Ақпарат көздерінің әрекеті және облысы бойынша:
    • социологиялық
    • психологиялық
    • педагогикалық
    • физиологиялық және т.б.
  4. Зерттеу әдісі бойынша:
    • бақылау мәліметі;
    • сұрау мәліметі;
    • экспериментті мәлімет және т.б.
    • арнайы әдіс көмегімен алынған мәліметтер.
  5. Қайнар көздермен үйлесетін әдіс бойынша (Р.Б.Кеттелл жіктеуі).
    • L-мәліметтер (life data) – шындық өмірдің нақты тіркелу жолымен алынған мағлұматтар, мысал ретінде, бақылау әдісі көмегімен. Сонымен қатар, зерттелу ортасының сарапшыларынан (мұғалім, дәрігер) және басқа да адамдардан алынатын мағлұматтар. Сарапшы бағасын шығарарда арнайы ережелерді сақтау қажет: мысалы, сарапшы  зерттеу барысын ұзақ уақыт бойы және 10 – нан кем болмайтындай топты да қосу керек.
    • Q–мәліметтер (questionnaire data) – сыналушының өзіндік есебіне негізделген сұраулар, қызықты тестер және басқа да әдістер көмегімен алынатын мағлұматтар,. Бұндай жұмыс барысында көптеген қиыншылықтар тууы мүмкін, мысалы, сыналушының төмен дәрежедегі білімі, біліктілігінің жоқтығы, салысырымды жүргізу кезіндегі қателіктер және т.б.
    • T-(test data) – объективті тест, әдіскер ұсынысы, сонымен бірге физиологиялық өлшеу көмегімен алынатын мағлұматтар. Сыналушының типін көрсету өте қиынға соғады (ерікті түрде немесе ерікті түрде емес).
  6. Ақпараттандырылу бойынша :
    • метрикалық емес (сапалы мәлімет – қарастырылатын объекті қандайда бір класқа біріктіріп, арнайы шкала күйінде анықтаудағы мағлұмат; реттілік – шкала ретті күйде көрсетіледі);
    • метрикалық мәліметтер – сандық мәліметтер, бірлік өлшемі бар (аралық шкаласында не қатыс шкаласында көрсетілген).

Мәлімет жиыны әрекеттерге сәйкес алгоритммен анықталған, зерттеудің белгіленген жоспарына сәйкес келуі тиіс. Бұл көптеген бос орындардың,  артық қиыншылықтар болмауы үшін қажет. Эмпирикалық зерттеу жүргізілетін жоспарда қойылған есепке қатысы бар зерттелу объектінің өзгеруін және олардың фиксация тәсілдерін қарастыру қажет. әртүрлі арнайы фиксация құралдарын қолдану тиімді, мысалы бейне, аудио  және т.б.

Зерттеу кезінде міндетті түрде  хаттама болу керек. Сыналушы жайлы, қоршаған орта жағдайы, зерттеу жүргізілген мерзім және де осы мәселенің шешілуіне қатысты  басқа да мағлұматтар  хаттамаға енгізіледі. Әр сынаудан кейін  мәліметтер арнайы кесте түрінде  жұмыс журналына жазылады. Жұмыс журналының әр нақты сынауға қажетті нұсқаулар, ескертулер жазылып отырады. Мәжіліс хаттағы және жұмыс журналындағы барлық жазылғандар анық жазылуы тиіс, ол авторға ғана емес, кез келген маманға түсінікті болуы керек. Жұмыс журналы автордың жеке күнделігі және жеке меншік те бола алмайды.

Зерттеуді ғылыми тұрғыда анықтау үшін, мәлімет жинау әрекетіндегі жоғары дәрежелі қалыптасқан және алгоритмделген болуы керек.

 Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым.

         Психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерге “шикі” баға беріледі. Сондықтан да,  ары қарай өңдеуді қажет етеді.

         Егер мәліметтер жинауды зерттегенде әрқилы мағлұматтар алуға тырыссақ, ал өңдеу барысында керісінше қорытындыны және нәтижелер интерпретациясын жеңілдету үшін мағлұматтарды азайтуға тура келеді.

         Мәліметтерді өңдеуде келесі есептерді шешу бағытталған:

  1. Басқа материалдың реттілігі, ары қарай белгілеу және зерттелуші объектіні түсіндіру негізінде мәліметтер жиынын бір жүйеге келтіру мүмкіндігі.
  2. Қателерді жою және табу.
  3. Жасырын пайда болғанды тікелей қабылдаудан айқындау
  4. Эмперикалық әрекет кезінде байқалмаған жаңа мағлұматтың табылуы.
  5. Алынған нәтиженің нақты, сенімді, куәландыратынын анықтау

Зерттеу жүргізілгендегі нәтиженің есебіне және кестелеріне  алғаш қарағанда көз алдында қандайда бір түсініксіздік пайда болады. Сондықтан да, алғашқы зерттеулердің ең маңыздысы реттілік болып табылады. Мүмкіндігінше “шикі” мәліметтерді сапалық бағаға әкелуге тырысу керек. Мысалы, жоғары деңгейде жүргізілген зерттеу алғашқы өңдеудің өзінде алдын ала арнайы жіктеулерге және әр класта сандық мәліметтер есептеледі, яғни класқа түсу жиілігін анықтайды. Бұл жиілік  өңделген әдіске сәйкес сан болады. Егер біз сандық мәліметтер алатын болсақ, ең алдымен қарапайым , бірақ өте тиімді әрекет жасауымыз керек. Яғни, реттелген сандық қатарға келтіру, алынған сандық мәліметтердің кемуі (өсуі) бойынша жазу. әрине, реттелген қатармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілдірек. Ол қандайда бір ақпаратты береді. Мәндердің өзгеру аралығын (максималды немесе минималды), бағалауға, қай мәлімет жиі кездеседі, ал қайсысы сирек кездесетіндігін, медианасын анықтауға болады.

Ендігі бір қадамымыз математикалық статистика негізінде гистограмма құру болып табылады.

  • Гистограмма – бұл жиіліктің (абсолютті немесе шартты) интервал бойынша бөліну диаграммасы. Ордината осі бойынша жиілік мәні, ал абсцисса осі бойынша параметр көрсеткіші. Егер ордината осіне абсолютті емес, шартты жиілікті жазсақ, жалпы гистограмма түрі өзгермейтіні айқын.

Гистограмма құрылғаннан кейін нәтиже өте жақсы көрінетін болады. Гистограмманың ең оңай және жеңіл әрекеті – мода. Мода ең көп мәліметтің түскенін анықтайды. Ал гистограммада ол ең жоғарғы шыңы. Гистограмманың унимодалды және полимодалды түрлері де болады. Унимодалды – ол гистограмманың жалғыз шыңың, ал полимодалды – бірнеше шыңдарымен анықталады.

Гистограмма мәліметтердің ұтымдылығын ғана көрсетпейді, сонымен қатар зерттеу нәтижесіне алғашқы сапалы қорытынды жасауға да мүмкіндік береді.

Егер гистограмма унимодалды, симметриалы, “қысылған”, анық шыңымен көрсетілген болса, онда зерттеудің мағынасы бар деп санауға болады. Ары қарай біз өзіміз арифметикалық орта түрінде, ортаквадраттық ауытқу арқылы қателерді көруімізге болады.

Егер гистограмма “шимайланған”, шың өте нашар көрсетілген болса, онда біз қажет емес, бөгет болатын факторларды жоя алмағанымыз. Қателікте өте үлкен, бұндайда босқа жұмыс атқардық деп те атауымызға болады.

Егер гистограмма асимметриялы, шың солға не оңға қарай бағытталған болса, онда біздің негізгі факторларды елемегеніміз, “системалық” қателердің болғаны.

Егер гистограмма полимодалды болса, онда, факторларға қатысты бірнеше тұрақтылар пайда болады, олардың қайсысы зерттеуге қатысты, ал қайсысы қатысы жоқ екенін анықтауға болмайды.

Сонымен, гистограмма түрлері психологиялық эксперимент нәтижесінде маңызды, қымбат ақпараттар, сапалы қорытындылар бере алады.

Сапалы қорытындыны алу үшін біз  сандарға сәйкес келетін интервалдарды аламыз. Аз интервал болса, біз ақпаратты жіберіп алуымыз мүмкін, ал көп интервалда – көп сандық мәліметтер береді.

Негізінен гистограмма алғашқы өңдеу кезінде құрылады. Ал қайта өңдеу бөлімінде сандық әрекеттері

 

Негізгі ұғымдар:Интерпретация,зерттеу нәтижесін өңдеу, мәліметтердің жіктелуі, мәліметтерді алғаш өңдеу, қайта өңдеу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Зерттеу нәтижесін өңдеу формалары.
  2. Адамды зерттеу барысында этика принципін қолдану.
  3. Интерпретация және зерттеу нәтижесін өңдеу дегеніміз не?
  4. Мәліметтердің жіктелуідегенімізді қалай түсінісің?
  5. Мәліметтерді жинаудағы негізгі өткізілу талаптарын ата.
  6. Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы не білесің?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Дружинин В.Н.Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: Питер, 2005
  2. Зароченцев К.Д., Худяков А.И.. Питер 2004 жылЭксперименталды психология: емтихан билеттеріне жауап
  3. Рамуль К.А. Введение в методы экспериментальной психологии. Тарту, 2006
  4. Крылов А.А., Маничева С.А. Практикум по общей экпериментальной и прикладной психологии. Питер 2009
  5. Эксперименталды психология Сатиева Ш.С. Семей 2007

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *