АЛАТАУ СИЫРЫ

АЛАТАУ СИЫРЫ — сүтті, етті сиыр тұқымы. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның жергілікті сиырын швиц және кострома сиырымен будандастыру арқылы шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1950 ж. мойындалды. А. с-ның түсі, негізінен, коңыр, ал дене құрылысы швиц сиырына ұқсас болады, басы үлкен, мойны жалпақ, етті, арқасы мен белі түзу, кеудесі кең, сандары білеуленген, сирақтары ұзын, түзу келеді. Тұяқтары мықты, желінді. Орта есеппен: сүттілігі 2800 — 3500 кг, майл. 3,8 — 4,0%. Шоқтығына дейінгі биікт. 129 см, тұрқы 171 см, кеуде орамы 197 см, жіліншігінің орамы 20 см болады. Ұрғашысы тірідей 500 — 550 кг, бұқасы 850 — 1040 кг тартады. А. с. Алматы, Шығыс Қазақстан обл-тарының бірқатар ауд-дарында өсіріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *