АЛАТАУ БАТЫР (шамамен 1560 — 1640 ж.) — қолбасшы, саяси кайраткер. Қоңырат руынан шыққан. Тәуекел ханның Самарқан, Бұқараға жасаған жорығында бас қолбасшы болған. Кейін Есім ханның құба қалмақпен шайқасқан жорықтарында қазақ жасақтарының құрметті қарт ағасы атанған. А. б. қырғыз, өзбек, түрікмен жасақтары арасында да кеңінен танымал болды. Самарқан шаһарына “қала-мемлекет” статусын әперіп, оған Жалаңтөс баһадүрді әмір етіп қоюда А. б- дың Бұхара, Хиуа хандары алдындағы беделінің көмегі тиген. А. б. есімі қоңырат руының, бүкіл Орта жүздің ұранына айналған.