АЛАТАҒЫ ҚОРЫМЫ — Сарысу өзенінің төменгі оң жағасында, Алатағы жазығындағы ескерткіш-қорым. Тікбұрышты шикі кірпіштен салынған. Бейіттерден сақталғандарының ең үлкенінің аум. 4,5×4,5 м. А. қ. кейінгі ортағасырлық құрылыс деген болжам бар. Қорымда осы өңірге әйгілі Талмас атаның (оның кесенесі Сарысу өз-нің жоғарғы жағындағы Қаражарда) тұлпары жерленген деген де аңыз бар. Ә. Марғұлан Алатағы жазығын Сығанақ хандарының жазғы мекені дейді.