АЛАПА, алафа

АЛАПА, алафа — 1) тұрақты қызметтегі әскердің аткөлігіне хан, мемлекет тарапынан беріліп отырған азық. Халықтан салық түрінде жиналған. Көшпелі оғыздарда, Салжұқ мемл-де тұрақты әскерге бөлінетін азық-түлік “алафа-улафа”, әскер жалақысы “нафака” деп аталды. Қазак ауыз әдебиетінде А. сөзі азық мағынасында қолданылған. Бұл сөздің тілімізде сақталуы ежелгі қазақ елінде де тұрақты әскерге мемлекет азық-түлік беріп отырғанын көрсетеді; 2) олжа, пайда, табыс. “Егін жақсы шықса, халыққа үлкен алапа” (мәтел). Ерте заманда жаудан түскен олжа “алапай”аталған. А. сол көне ұғыммен түбірлес; 3) пара, алым, ауыз бастырық. “Алапаға қызықпа” дейді халық; 4) ескі әдет-ғұрып бойынша берілетін кәделі сыйлық, жөн-жоралғы. Бұрын қыз ұзатқанда күйеу қосшыларынан әйелдер А. алатын кәделік салт болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *