“АЛА ОРДА” (“Пегая орда”) — Нарымдағы Салжүк тайпаларының мемл. бірлестігі. 16 ғ-дың ақырында оны орыстар осылай атаған. Салжұқтар ұсақ аң мен құстың терісінен тіккен ала киім кигендіктен “А. О.” аталса керек. “А. О-ны” ру ақсүйектерінің өкілі “князь” Воня басқарды. Оның 400-ге дейін әскері болды. Воня Сібір ханы Көшіммен одақтасып, орыс воеводаларына табанды қарсылық көрсетті. 1556 ж. Нарым салынғаннан кейін ғана “А. О.” орыс мемл-нің құрамына енді.