АЛАНИЯ

АЛАНИЯ — Солт. Кавказдың орталық бөлігінде 9 — 13 ғ-да болған мемлекет. Өздерін ирондар, византиялықтар, аландар, грузиндер, остар деп атаған алан тайпалары б.з. 1 ғ-нда Солт. Каспий, Дон өңіріндегі сармат қоныстарынан бөлініп, Азов (Азау) т-нің маңы мен Солт. Кавказға келіп қоныстанған. 372 ж. аландарды ғұндар жаулап алды. Аландардың бір бөлігі ғұндармен бірге “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” қатысты, Галлия, Испания арқылы Солт. Африкаға дейін жетті. Ал олардың екінші бөлігі Солт. Кавказдың орт. бөлігіне орнықты. Онда аландар мен жергілікті Кавказ тайпаларының бірлестігі пайда болды. Бұл бірлестікті аландар басқарғандықтан, византиялықтар оны А. деп атаған. 8 — 9 ғ-да А. Хазар қағандығының құрамында болып, одан 9 ғ-дың соңы — 10 ғ-дың басына қарай бөлініп шығып, өз мемлекетін құрған. А. Хазарияның Византиямен сыртқы байланыстарында маңызды рөл атқарды. 10 ғ. А-ға Византиядан христиан діні енді. Аландардың жартылай отырықшылыққа көше бастауы нәтижесінде қалалар пайда болды. Археол. қазба жұмыстары аландардың бірнеше қаласы болғандығын айғақтап отыр. А-ның астанасы Магас қ. болды. Мемл. басшысы “кэркуңдедж” деп аталды. Елдегі бар билік әскери ақсүйектер — “богаторлар” (батырлар) қолында болған. Шыңғыс хан құрған империя жасақтарының 1237 — 39 ж. шапқыншылығы А-ның құлауына себепші болды. Магас қ-н қоршауды Мөңке хан басқарды. Қаланы қорғау кезінде 270 мыңнан астам алаңдықтар қаза тапты. А. құлағаннан кейін 14 ғ-да аландар арасында ислам діні тарай бастады. Қазіргі осетиндер аландардың үрім-бұтағы болып есептелінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *