- Бойы.
- Салмағы.
- Зат алмасу мен энергияны жинақта-таратуға бағдарлануы.
- Тамақтану және тамаққа көзқарасы.
- Дене бітімі.
- Кейбір физиологиялық көрсеткіштері.
Бой.
Бұл көрсеткіш бойынша әйел адамдар мен ер адамдар ерекшеленеді. ХХ ғ. басында алынған мәліметтер бойынша қазіргі уақыттың жыныстық айырмашылықтар бойынша тенденцияларды атауға болады: жас кезінде ұл балалар салмақтары бойынша ауыр болып келеді, қыз балалар тез дамиды.
ХХ ғ. ІІ жартысында алынған мәліметтер бойынша бойдың көрсеткіштері акселерация немесе секулярлы тренд құбылысымен шарттас. Бұл ұғымды 1935 ж. Е.В.Кох енгізген.
Г. Гримм бойынша акселерация құбылысы қала балаларында ауыл балаларымен салыстырғанда жиі кездеседі. Қыз балаларда бойдағы жылдам өсу құбылысының басталуы мен аяқталуы ұлдарға қарағанда ерте болады.
Салмақ.
Бұл көрсеткіш бойынша да жыныстық айырмашылықтар байқалады. Осы уақытқа дейін он жасқа дейін қыз балалардың және ұл балалардың салмақтары бірдей болатыны, ал 10-16 жас аралығында қыздардың салмақтары үлкен болып, 16 жастан кейін ұлдардың салмақтары айтарлықтай үлкен болады.
Қыз балалар мен әйел адамдар ұлдар мен ер адамдарға қарағанда салмақты көп қосады. Әйел адамдарда, ер адамдарға қарағанда энергетикалық қажеттілік төмен және салыстырмалытүрде зат алмасу процесі тұрақты.
Энергияны жұмсауға байланысты жыныстық айырмашылықтар қарапайым зерттеленушілерде жоқ, бірақ бұл үрдіс лидерлерде байқалады: әйел адамдарда энергожұмсау байқалса, ер адамдарда, керісінше, энергияны сақтау, күштерді минимализациялау.
Ер адамдар көп тамақ ішеді. Олар тағамның құндылығына көп көңіл бөледі. Ал әйел адамдар пайдалы тағамды қорек етеді, дене салмағын бақылап отырады, көптеген арылуға арналған диеталарды ұстанады.
Адамның дене бітімі биологиялық факторларға (гормондар, тұқымқуалаушылық), әлеуметтік факторларға (тағам, қозғалмалылық) да байланысты.
Ұл балалардың өкпелері үлкен болады да, өмір барысында бірқалыпты өсіп отырады. Ал қыздарда бұл көрсетікіш секірмелі болады. Ер адамдардың қаңқалары берік болып келеді, өмір бойында өз беріктілігін жоғалтпайды.