- Денсаулық және аурулар.
- Жыныстардың қоғамдағы пропорциясы.
- Өмір ұзақтығы мен өлм мәселесі.
Бұл бөлімде біз денсаулықтағы жыныстық айырмашылықтарды, ауруларды, сондай- ақ жыныстардың – туылу мен өлуіне байланысты әсер ететін демографиялық көрсеткіштерді айтамыз.
Денсаулық және аурулар
Адамның денсаулығы оның өмірге деген қанағаттанушылық сезімімен тығыз байланысты. Кім көп ауырады- еркектер ме немесе әйелдер ме? Сәйкесінше кімнің денсаулығы мықты. Бұл сұраққа жауап беру үшін көптеген факторларды ескеру қажет: мемлекетті, мәдениетті аурудың түрін, жасерекешілік тобын т.б.
Г.Гейманстың зерттеулері бойынша екі жыныста ауырғанда дәрігерлік көмекті қажет етуде, бір- бірінен айырмашылықтары болған жоқ. Бірақ әйел адамдардың пікірінше әйелдер бұны тез орыныдайды. Осылайша, дәрігерлерге деген махаббат туралы мифті әйелдер өздері шығарып алған. Гейманстың зерттеуінде ер адамдар саны 2519 адам облса, ал әйелдер- бар болғаны 147 болды.
Денсалықтағы жыныстық айырмашылықтарды анықтауда әйелдер мен ер адамдардың әлеуметтік жағдайын ескеру қажет болды.
Э.Лахелма және оның әріптестері Ұлыбританиямен Финляндияның әйелдері мен еркектерінің денсаулығы мен ауруларының көрсеткіштерін салыстырды. Мұндай денсаулық үшін үш фактор анықталыныды: мәдениет (мемлекет), жас ерекшелігі және өзара әрекетіндегі гендер. Еркектер мен әйелдер денсаулығы жағынан, ауру жағынан да бірдей болды.
Бірақ ағылшын әйелдері мен финдық еркектер өздерін төмен сезінді. Ұлыбританияда гендерлік теңсіздік еңбек нарығында байқалады. Себебі, онда үйшаруашылығымен айналысатын- әйелдердің көптігі. Финдық әйелдер ер адамдармен бірдей жұмыс істейді және бұл оларды өздерін біршама жақсы сезінулеріне көмектеседі.
Жыныстардың қоғамдағы пропорциясы. Жыныс пропорциясы еркектердің санымен өлшенеді, 100 немесе 1000 әйелге. Бұл көрсеткіштердің 3 түрін көрсетеді, бірінші (ұрықтанудағы әйелдер мен еркектер зиготаларының сәйкес келуі), екінші (жаңа туылған ұл бала мен қыз баланың сәйкес келуі) үшінші (еркектер мен әйелдердің жеке жас ерекшелік топтары немесе репродуктивтік жастағы сәйкес келуі).
1915 ж. шыққан Л.П.Кочеткованың кітабында қызықты анықтамалар бар. Оның жалпы бағыттылығы және кітаптың аты «Вымирание мужского пола в мире растений животных и людей», деп аталды.
Л.П.Кочеткованың пікірінше баланың жынысына келесі факторлар әсер етеді.
Экономикалық жағдай, яғни баланың ата- анасы тұратын жер. Өте бай қалаларда қыз балалар көп туылады.
Әке- шешесінің жас ерекшелігі мен денсаулығының жағдайы. 20-25 ж. әйелдер көбінесе қыз бала әкеледі, ал өте жас және кәрілер- ұл бала әкеледі.
Әке- шешесінің өмірінің жақсару жағдайы.
Теңіз дейгейдегілер- көбінесе қыз бала туады. Л.П.Кочеткова мынандай қорытындыға келеді, қыз балалар жағымды жағдайда дүниеге келсе, ұл балалар жағымсыз ортада, бірақ олардың табиғаты түсініксіз. Қазіргі кезде жыныстардың екінші пропорциясына әсер ететін басқа факторларда қосылады. Көбінесе бұл жанұядағы баланың туылу ретінде (некедегі немесе некеде емес) және соғысқа байланысты.
Қазіргі кезде техникалық және ғылыми жетістіктерге байланысты әке- шешелері өздерінің болашақ баласының туғанға дейін оның жынысын алдын- ала білуге мүмкіндіктері бар.
Өмір мен өлімнің жалғасымдылығы Й.Стюарт- Гамильтон бойынша өмірдің жалғасымдылығына әсер ететін факторларды екі топқа бөліп қарастырды: биологиялық және әлеуметтік.
Біріншісіне тұқымқуалаушылық жатады (көп өмір сүрушілердің тұқымы да көп өмір сүреді) туғаннан ауру (мысалы, жүрек ауруы), бойы (төмен бойлы адамдар бойы ұзындарға қарағанда ұзақ өмір сүреді) және т.б.
Екіншіден- өмір образы (тамақтану, алкоголді шылым шегуді қолдануы, қозғалыс белсенділігі), әлеуметтік- экономикалық жағдайы, мәдени әдеттері және т.б.
Бұл барлық факторлар жыныстық апйырмашылықтардың өмірлік жалғасымына жатады, бірақ, қайсысы неғұрлым мағыналы, қайсысы түсініксіз.
Соңғы уақыттарда тымау ауруынан өлім саны күрт өсіп кеткені байқалады. Күштеу себептері (өзін- өзі өлтіру, өлтіру). Көбінес еңбекке қабілетті болған кезде өлім көп болады: 35-39 жаста- екі жыныстың да шегі. Қазіргі кезде (1997-1999) әйелдер мен еркектердің 15-29 жас аралығында өлім сны күрт ұлғайды.
Әйелдерде бірінші орында- қан айналымы жүйесінің аурулары (бұдан әйелдердің 56 пайызы өледі). Күштеп өлтіру мен өзін- өзі өлтірушілер- 19 пайыз. Қосымша фактор ретінде әйелдер үшін ауылдық жерде тұруы.
1994 ж. ер адамдар өлімнің себебі күштеп өлтіру, қай айналымы жүйесінің бұзылуы, аяқ- астынан болатын жағдайлар, өзін- өзі өлтіру.
- Күштеп өлтіру- бұл криминогендік ситуацияға байланысты.
- Аурулар- 1960 ж. ортасында негізінен ұқпалы аурулар, демалу органдарының ауруы, ал қазір- қанайналым жүйесінің бұзылуы, бүкіл әлем бойынша (осы себеп бойынша ер адамдардың 35 пайызы өледі) өлімнің ең танымал себептері туберкулез, ішкі ағза аурулары.
- Аяқ- астынан болатын жағдайлар- жол транспорттық соғылулар. Ер адамдар әйелдерге қарағанда өмірімен денсаулығына қауіпті мамандықты таңдайды. Олар көбінесе санитарлы- гигеналық жағдайы жоқ жерлерде жұмыс жасайды.
Негізгі фактор- алкогольден аяқ- астынан улану. Неге бұл фактор тұрақты? Көбіне алкгольге тыйым салуға байланысты стресс (массалық қанағаттанбаушылық) және қиындықтар. Егер әйел адамдардың өлімі ауылдық жерде көп болса, ол ер адамдардыкі- керісінше болады.