- Әлеуметтік норма және гендерлік айырмашылықтар.
- Нормативті қысым рөлі.
- Гомосексуалдылық гендрлік нормаларды бұзу ретінде.
- Ақпараттық қысым рөлі.
Адамдардың көпшілігі әрекет-қылықтағы гендрлік айырмашылық және әлеуметтік рөл жыныстар арасындағы биологиялық айырмашылықтан туындайды деп есептейді. Орта адам гендрлік айырмашылық тәрбиелеудің емес,табиғи күш жұмысының нәтиежесі деп есептейді. Әлеуметтік психологтар ер және әйел адамның арасындағы биологиялық айырмашылық жеткіліксіз, мұнымен гендрлік айырмашылықты түсіндіруге болмайды. Олардың биологиялық айырмашылығы әрекет қылыққа әлсіз әсер етеді. Бұл бөлімнің мақсаты- ер немесе әйел адам арасындағы тума айырмашылықтан қарағанда, гендрлік айырмашылықты мәдениет тұрғысынан және әлеуметтенужағынан қарастырамыз.
Әлеуметтік норма және гендрлік айырмашылық.
Әлеуметтік норма- адамның қоғамдағы әрекет-қылығын анықтайтын негізгі ережелер жиынтығы. Әлеуметтік психологтардың ойынша гендрлік айырмашылықты гормон және хромосомадан іздеу дұрыс емес, мұны бізге тән түрлі әрекет-қылықтың әлеуметтік нормасынан, аттитюдтан қарастыру керек. Әр жынысқа дарыған қасиеттер жайлы жалпы ақпараттардың мазмұны бар нормалар жиынтығы жыныстық немесе гендрлік рөл деп аталады. Бұл нормалардың бір бөлігін санаға теледидар арқылы, әдебиет арқылы енгіземіз, келесі бөлігін қоіам тарапынан қабылдаймыз.
Игли бойынша, гендрлік стериотип бұл әлеуметтік норма болып табылады дегнді айтып өткен. Яғни, әр адам бойында ер және әйел адамға тән қасиеттер, саплар және әрекет-қылық моделі жайлы белгілі бір түсініктер қалыптасқан. Соған сәйкес өзінің жынысына тән әрекет-қылық ережелерін ұстанады. Әлеуметтік психологтар бойынша, екі негізгі себеп әсерінен біз гендрлік күтілімге(ожидание) сәйкес келуге тырысамыз. Ол- нормативті және ақпараттық қысым (Бұл терминді Дойч және Жерар 1955ж. енгізді ).
Нормативті қысым рөлі.
«Нормативті қысым» термині адамның қоғам немесе топ күтіліміне (ожидание) сәйкес өзін соларға сай етіп, оны қоғамнан бөліп тастамау үшін әрекет ету механизімін білдіреді. Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, әрекет-қылықтағы гендрлік ролге сәйкессіздік негізінен ер балалар арасында жиі байқалады және ата-аналар қарама-қарсы жыныстыға тән өзінің балаларының осындай ойындарына негативті қарайды.
Өкінішке орай, нормативті қысым рөлі ересек адамдарда аз зерттелінген. Адамның кез келген бір немесе бірнеше норманы өзгерту,
мысалы, ер адамның тырнағын қызыл түске бояуы, юбка киуі қоғамда үлкен қарсылық тудырады. Көптеген әйел адамдар агрессивті болып көрінуге қорқады. Гендрлік рөлге бағынбау үшін жаза өте қатал болады. Мысалы, 1979-1980 жылдары басшылық еткен Иран басшысы А.Хомейни әйелдерге қандайда бір еркіндік беретін барлық ережелерді алып тастап, бағынбаған әйелді өлім жазасына кескен.
Гомосексуалдылық гендрлік нормаларды бұзу ретінде.
Гендрлік норманы бұзудың бір факторы- бұл гомосексуалдылық. Мысалы Америкада қасиетті Патрикке арналган (Бостонда 1994 ж.) шеуді мүлдем алып тастауды шешті, мұның себебі сот шешімі бойынша онда гейлердің де қатысуына мүмкіндіктері болған. Халық бұған наразылығын көрсеткеннен кейін бұл шеруді өткізу толығымен тоқтатылды. Ерте жастан социум адамдарды жанұя құруда қарама- қарсы жыныстымен түсуге, одан балалы болуға үйреткен. Ал жанұя құрмай, бір жынысты қатынас әрдайым социумде негативті әсер етіп, қабылданбаған. Гомосексуалдылық бұл әлеуметтік, гендрлік норманы бұзудың максималды шегі. Кайт және Дойкс (1987) және Тейлор (1983) «сексуалды инверсия теориясын» негіздеген, яғни гомосексуалдар қарама-қарсы жынысты гомосексуалга ұқсас. Бірақ мұндай зерттеулер реалдылықтан алыс. Мысалы, гомосексуалды қатынасқа қатысты жалпы қабылданған стериотип бойынша бір партнер әйел рөлінде, келесісі ер адамның рөлінде болады. Бірақ, зерттеулер нәтиежесі бойынша екі партнер бірдей табыс тауып, бірдей үй шаруасының жұмысын атқаратынын көрсеткен. Гомосексуалдардың жұмысқа тұруында дикриминация, күлкі, мазақ, қоғамның қабылдамауы үнемі болатын құбылыс. 1974 жылы Америкалық психиатриялық ассоциация гомосексуалдылықты психикалық аурулар тізімінен алып тастады. Адам өзін гей деп танып, оның қоғаммен қақтығысу салдары жиі фрустрацияға әкеледі. Мұның өзі стресске, жақын туыстарымен конфликтілі жағдайға әкеклді.
Ақпараттық қысым рөлі.
Біз қоғамның сынаунан қорқамыз деп ойлаймыз, ол олай емес, басқалардың бағыттаушы әсерінсіз біз не ойлауды, не сезінуді білмейміз.
Әлеуметтік тексеріс(проверка)- адам референтті топ мүшелерінің әрекет-қылығын бақылай отыра өзінің әрекетін дұрыс бағалауы.
Арсон бойынша, нормативті қысымға бағыну біздің басқаларға ұнауымыздан туындайды, ал ақпараттық қысымға бағыну- біздің дұрыстығымызды тілеу деп түсіндіреді.
Конформдылық- ой үйлесімділігі. Әлеуметтік нормаға бағын тенденциясы уақытты үнемдейді.