Жүйке жүйесінің күрделенуіне орай, жануарлардың затты бейнелей алу қасиеті дамудағы психиканың қай сатысына жатады
A) Интеллект
B) Инстинкт
C) Дағды
D)& Перцептивтік
E) Сенсорлық
*****
Сөйлеу процесінің сигнификативтік функциясының мазмұны:
A) Білімді, қатынасты, сезімді сыртқа шығару
B) Сөйлеушінің тыңдаушыға деген қатынасын және сезімін білдіруі
C)& Әлдебір нәрсені хабарлау үшін заттың атауын, қимылды, қалыпты білдіреді
D) Білім беруде көрінеді
E) Сөйлеу ниетіне бағындыруды көздейді
*****
Сөйлеудің бұл функциясында сөз жеке затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді:
A) Сигнитификативтік
B) Коммуникативтік
C)& Жалпылау
D) Информациялық
E) Баурағыштық
*****
Сөйлеудің бұл функциясы білімді, қатынасты, сезімді сыртқа шығаруда көрініс береді:
A) Сигнификативтік
B) Жалпылау
C)& Коммуникативтік
D) Информациялық
E) Ырықты білдіру
*****
Сөйлеудің неғұрлым қарапайым түрі, сөйлеу немесе сөз жарыстыру формасында өтетін сөйлеу түрі:
A) Монологты
B)& Диалогты
C) Жазбаша
D) Ауызша
E) Іштей
*****
Бір адамның өз ойын, білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы сөйлеудің қай түрі:
A) Іштей
B) Жазбаша
C) Ауызша
D)& Монологты
E) Диалогты
*****
Интериоризация терминінің мазмұнын анықта:
A) Өз ойын жүйелі түрде сабақтау
B) Іштей сөйлеу
C) Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы
D)& Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру
E) Екі не одан да көп адамның пікірлесуі
*****
Экстериоризацияның мәнін анықта:
A) Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру
B) Бір адамның ойын жүйелі баяндауы
C)& Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге айналуы
D) Іштей өз ойын қорыту
E) Өз ойын жазба түрде беруі
*****
Жануарларда кездесетін зейіннің түрі:
A) Ырықты зейін
B)& Ырықсыз зейін
C) Үйреншікті зейін
D) Зейіннің бөлінуі
E) Зейіннің алаң болушылығы
*****
Зейінді дұрыс ұйымдастыруға жәрдемдесетін маңызды шарттардың бірі:
A) Адамның көңіл қоюы
B) Алаңдауы
C) Зейін қою
D)& Психикалық күйі
E) Мақсат қоюы
*****
Адамның кез-келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатын қасиеті:
A) Зейіннің көлемі
B) Зейіннің тұрақтылығы
C) Зейіннің шоғырлануы
D)& Зейіннің бөлінуі
E) Зейіннің аударылуы
*****
Зейіннің көлемі, бұл-
A) Зейіннің бір объектіден екіншіге ауысуы
B) Зейіннің ұзақ уақытқа сақталуы
C) Сананың объектіге шоғырлану деңгейі
D) Бірнеше әрекеттердіңбір уақытта орындалуы
E)& Бір уақытта қабылданатын объектілер саны
*****
Зейіннің объектіге ұзақ уақыт аударылғандығынан көрінетін зейіннің қасиеті:
A) Зейін аудару
B) Зейіннің көлемі
C) Зейіннің бөлінуі
D)& Зейіннің тұрақтылығы
E) Зейіннің шоғырлануы
*****
Көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген ес процестерінің бірі:
A) Мағыналық ес
B) Мнемоникалық ес
C)& Механикалық ес
D) Тану
E) Қайта жаңғырту
*****
Жаңа және бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген ес процестерінің бірі:
A) Мнемоникалық
B) Механикалық
C)& Мағыналық
D) Қайта жаңғырту
E) Ұмыту
*****
Қайта жаңғыртудың тану процесінен айырмашылығын анықта:
A) Мағлұматты белсене қайта өңдеу
B) Жүйелеу
C) Жалпылау
D) Объектімен қайта кездескенде, қайталап қабылдағанда болады
E)& Объекті жоқ кезде де жүзеге асады
*****
Тану процесінің қайта жаңғыртудан айырмашылығы:
A) Мағлұматты есте сақтауда саналы мақсат қояды
B) Негізгі ойды бөліп қарайды
C) Ерік күші жұмсалады
D)& Объектіге қайта кездескенде ғана болатын құбылыс
E) Объект жоқ кезде де жүзеге асады
*****
Бүтінді бөлшектеу, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату ойлау операциясының қайсысына жатады
A) Синтез
B) Нақтылау
C) Жалпылау
D)& Анализ
E) Абстракциялау
*****
Ойлау операциясының бұл түрі бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құраумен анықталады:
A) Анализ
B)& Синтез
C) Абстракциялау
D) Жалпылау
E) Нақтылау
*****
Абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ойлар
A) Жалпылау
B) Абстракциялау
C)& Нақтылау
D) Жүйелеу
E) Салыстыру
*****
Бұл қашанда салыстырылатын заттардың, құбылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаумен сипатталатын ойлау операциясы:
A) Анализ
B) Синтез
C) Салыстыру
D) Жүйелеу
E)& Салыстыру
*****
Жалпы заң, ережеден жеке жағдайға ойыса тұжырым жасау ой қорытындысының қайсысына жатады
A) Индуктивтік ой қорытындысы
B)& Дедуктивтік
C) Пікір
D) Ұғым
E) Аналогиялық
*****
Бірнеше жеке жағдайдан жалпы тұжырымға қарай ойысу:
A) Пікір
B) Ұғым
C) Абстракция
D)& Индукциялық
E) Дедукциялық
*****
Сезімнің бұл түрі жеке адамның, адамдардың өзінің мінез-құлқына деген эмоциялық қатынасын білдіреді:
A) Интеллектуалды
B) Эстетикалық
C)& Моральдық
D) Астеникалық
E) Стеникалық
*****
Ақыл-ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністер сезімнің қай түрін сипаттайды
A)& Интеллектуалдық
B) Эстетикалық
C) Стеникалық
D) Астеникалық
E) Моральдық
*****
Адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы барысында туатын, сұлулықты қабылдау арқылы әсемдік сезімін бастан кешіруі
A) Интеллектуалдық сезім
B) Моральдық сезім
C)& Эстетикалық сезім
D) Астеникалық сезім
E) Стеникалық сезім
*****
Аламның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция
A) Стресс
B) Дистресс
C)& Құмарлық
D) Әуестік
E) Эмпатия
*****
Бұл адамның барлық толғаныс-тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй:
A)& Көңіл-күй
B) Аффект
C) Фрустрация
D) Эмпатия
E) Құмарлық
*****
Эмоциялық күйдің бұл түрі қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция:
A) Фрустрация
B) Құмарлық
C) Әуестік
D)& Аффект
E) Эмпатия
*****
Психологиядағы гуманистік бағыттың негізін салуш
A) Д. Ассоджоли
B) Дж. Уотсон
C) З. Фрейд
D)& К. Роджерс
E) В. Вертгеймер
*****
Адам қанағаттанбау, реніш сезімін бастан жиі кешіреді, тұрақты жағымсыз эмоцияға душар ететін күйдің түрі:
A) Эмпатия
B) Стресс
C) Құмарлық
D)& Фрустрация
E) Әуестік
*****
Адамның қиындықтарды жеңуін талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы:
A)& Ерік
B) Мінез
C) Зейін
D) Сезім
E) Эмоция
*****
Ерік күші деген не
A) Шешім қабылдаған соң қойылған міндетті шешу жолдары жоспарланады
B)& Мақсатты орындауға немесе бас тартуға жұмсалған қуат көлемімен сипатталады
C) Тәсілдер белгіленіп болысымен, адам шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі
D) Мақсатқа жетуге ұмтылу
E) Талпыну
*****
Қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, оған жете білуден көрінетін жеке адамның ерік қасиеті:
A) Тоқтамға келгіштік
B) Батылдық
C) Дербестік
D)& Мақсатқа ұмтылушылық
E) Белсенділік
*****
Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті
A) Мақсатқа ұмтылушылық
B)& Табандылық
C) Дербестік
D) Өжеттілік
E) Батылдық
*****
Адам басқаның көмегінсіз-ақ проблемалық жайтты өзі дербес шешеді, алдына мақсат қояды, нұсқау күтпейді, бұл ерік қасиетіндегі:
A) Ұстамдылық
B) Тоқтамға келгіштік
C) Ерлік
D) Батылдық
E)& Дербестік
*****
Мақсатқа беталыс сәтінде қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында көрінетін жеке адамның еркінің жоғары дәрежедегі қасиеті:
A) Ерлік
B)& Батылдық
C) Мақсатқа ұмтылушылық
D) Табандылық
E) Өжеттілік
*****
Мақсатқа жетуге бөгет жасайтын көңіл-күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиеті:
A) Дербестік
B) Табандылық
C)& Ұстамдылық
D) Батылдық
E) Ерлік
*****
Табандылыққа қарама-қарсы ерік қасиеті:
A)& Қиқарлық, ынжықтық
B) Ұстамды
C) Бірсөзді
D) Уәдеге берік
E) Төзімді
*****
Темперамент термині қай тілден енген
A) Ағылшын
B) Қытай
C) Араб
D)& Грек
E) Үнді
*****
Темперамент туралы ілімнің негізін салған:
A)& Гиппократ /б.э.д.V ғ./
B) Гален /129-199/
C) И.Кант /1724-1804/
D) В.Вундт /ХІХ ғ./
E) Зеланд
*****
Жоғары жүйке қызметінің типтерін, негізгі қасиеттері туралы заңдылықты ашқан:
A) П.Ф.Лесгафт
B)& И.П.Павлов
C) Б.М.Теплов
D) В.С.Сеченов
E) Гиппократ
*****
Психология термині қай тілден енген
A) Араб
B) Неміс
C) Ағылшын
D)& Грек
E) Француз
*****
Жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де нәтижелігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі қабілеттің қай түрін сипаттайды
A) Арнаулы
B)& Жалпы
C) Практикалық іс-әрекетке қабілеттілік
D) Педагогикалық
E) Ұйымдастырушылық
*****
Іс-әрекеттің арнаулы салаларында жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін адам қасиеттерінің жүйесі қабілеттің қай түрін сипаттайды
A) Практикалық іс-әрекетке қабілеттілік
B) Жалпы қабілет
C)& Арнаулы қабілет
D) Ұйымдастырушылық
E) Педагогикалық
*****
Туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі, симптомы:
A)& Нышан
B) Бейімділік
C) Талант
D) Қасиет
E) Дағды
*****
Білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттейтін психологияның саласы:
A) Жалпы психология
B) Жас ерекшелік психологиясы
C) Еңбек психологиясы
D)& Педагогикалық психология
E) Инженерлік психология
*****
Әртүрлі әлеуметтік қауымдардың-топтардың, ұжымдардың психикалық көріністерін, адамдар арасындағы өзара қатынастарын сипаттайтын психологияның саласы:
A) Педагогикалық психология
B) Жас ерекшелік психологиясы
C) Инженерлік психология
D) Еңбек психологиясы
E)& Әлеуметтік психология
*****
Жануарлар психикасын зерттейтін психологияның саласы:
A) Патопсихология
B) Медициналық психология
C)& Салыстырмалы психология
D) Әлеуметтік психология
E) Жалпы психология
*****
Адамдардың қалыпты психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, ауытқуларын зерттейтін психологияның саласы:
A) Жалпы психология
B) Салыстырмалы психология
C)& Патопсихология
D) Әлеуметтік психология
E) Еңбек психологиясы
*****
Адамның түрлі жас кезеңдеріндегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейтін психологияның саласы:
A) Жалпы психология
B) Еңбек психологиясы
C) Әлеуметтік психология
D)& Жас ерекшелік психологиясы
E) Патопсихология
*****
Зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызуға өзі жанама ықпал ететін зерттеу әдісінің бірі:
A) Бақылау
B) Социометрия
C)& Табиғи эксперимент
D) Биографиялық
E) Анкеталық әдіс
*****
Жеке адамның ерекшеліктері мен ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынасты зерттеуге арналған әдіс түрі:
A) Эксперимент
B) Биографиялық
C) Анкеталық
D) Тесттік
E)& Социометрия
*****
Туындайтын проблемаларды шешуде дискуссиялық тұрғыға негізделген жеке адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар стилі:
A) Либеральды
B) Авторитарлы
C)& Демократиялық
D) Қамқорлық
E) Конфронтация
*****
Басқа адамдармен байланысқа жеңіл енетін адам қалай аталады
A) Интраверт
B)& Экстраверт
C) Гетероверт
D) Гиповерт
E) Нормостеник
*****
Жеке тұлғаны қалыптастыратын процесс:
A)& Іс-әрекет
B) Тәрбие
C) Оқыту
D) Ерік сапаларының дамуы
E) Сенсибилизация
*****
Балалық шақта қоршаған орта шындығын игеру процесі жүретін іс-әрекет түрі:
A) Оқу
B) Еңбек
C)& Ойын
D) Өнімділік
E) Қарым-қатынас
*****
Бұл әдіс адамдардың белгілі бір іс-әрекетті орындауға әзірлігін,
білім деңгейін т.б. зерттеуге қолданылады:
A) Биографиялық
B) Социометриялық
C)& Тесттік әдіс
D) Эксперименттік
E) Анкеталық
*****
Мінез психикалық көріністің қай тобына жатады
A) Психикалық күй
B)& Психикалық қасиет
C) Психикалық процесс
D) Физиологиялық процесс
E) Эмоциялық-еріктік процесс
*****
Тұрақты жиілікпен периодикалық шайқалудан туған дыбыстар қалай аталады
A) Шулы дыбыс
B)& Музыкалық дыбыс
C) Диссонанс дыбыстар
D) Консонанс дыбыстар
E) Жағымды дыбыстар
*****
Тұрақсыз жиілікпен шайқалудан туған дыбыстар:
A) Жағымды дыбыстар
B) Жағымсыз дыбыстар
C) Музыкалық дыбыстар
D)& Шулы дыбыстар
E) Диссонанс дыбыстар
*****
Терідегі қызулықты түйсінетін рецептор қалай аталады
A) Краузе
B)& Руффини
C) Эндолимфа
D) Шақша (колба)
E) Таяқша
*****
Тұлғааралық қарым-қатынас кезінде жетекшіге (лидерге) сөзсіз
бағыну стилі:
A) Либеральды
B)& Авторитарлы
C) Демократиялық
D) Қол астына алу
E) Конфронтация
*****
Айналасындағылармен қарым-қатынасты және ұжымдық іс-әрекетті қажетсінуден туындайтын қажеттіліктер:
A) Физиологиялық
B) Рухани
C) Органикалық
D) Материалдық
E)& Әлеуметтік
*****
Адамның өзіне бағытталған сөйлеу түрі:
A)& Эгоцентрикалық
B) Сырттай
C) Ауызша
D) Диалогты
E) Жазбаша
*****
Тірі ағзалардың әр текті тітіркендіргіштердің тұтастай жиынтығына жауап қайтару жолымен, қоршаған ортаның біртұтас заттарын бейнелеу қабілеті:
A)& Психиканың перцептивтік сатысы
B) Психиканың сенсорлық сатысы
C) Психиканың интеллектуалды сатысы
D) Филогенез
E) Онтогенез
*****
Терідегі салқындауды түйсінетін рецепторды анықта:
A) Таяқша
B) Шақша (колба)
C) Руффини
D)& Краузе
E) Эндолимфа
*****
Статикалық түйсіктің рецепторы қайда орналасқан және қалай аталады
A) Көзде, қарашық
B) Бұлшық етте
C) Тілде
D) Мұрында
E)& Құлақта, вестибулярлық аппарат
*****
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуі түйсіну процесінің қай заңдылығын сипаттайды
A) Сенсибилизация
B) Синестезия
C)& Адаптация
D) Мнемоника
E) Ассоциация
*****
Сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына басқа түйсіктердің пайда болуына жағдай жасайтын, яғни қосарланған түйсік:
A) Адаптация
B) Ассосиация
C)& Синестезия
D) Сенсибилизация
E) Мнемоника
*****
Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас процесіне түсуде қиналатын адам қалай аталады
A)& Интраверт
B) Экстраверт
C) Гетероверт
D) Гиповерт
E) Нормостеник
*****
Шынайы объектінің сапасын жоғарылату қиялдың қай тәсілі негізінде жүзеге асырылады
A)& Гиперболизация
B) Типизация
C) Түйсіну
D) Агглютинация
E) Схематизация
*****
Қажеттіліктен туындайтын адамның саналы белсенділігі:
A) Ес
B) Ойлау
C) Қиял
D)& Іс-әрекет
E) Оқу
*****
Білімге ұмтылу мен мәдениетті игеруде көрінетін адамға тән ерекше қажеттіліктер:
A) Материалдық
B) Әлеуметтік
C)& Рухани
D) Органикалық
E) Физиологиялық
*****
Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігінің артуы,
түйсінудің қай заңдылығын сипаттайды
A) Адаптация
B) Ассоциация
C)& Сенсибилизация
D) Синестезия
E) Мнемоника
*****
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жасалған, теріс, бұрмаланған бейнелер қабылдаудың қай заңдылығына тән:
A) Иллюзия
B) Апперцепция
C) Тұтастай
D) Структуралы
E)& Галлюцинация
*****
Адамның әртүрлі алдануының салдарынан жаңсақ пікірлердің тууы
қабылдаудың қай заңдылығына тән
A) Апперцепция
B) Тұтастай
C) Галлюцинация
D)& Иллюзия
E) Структуралы
*****
Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттардың сол өз қалпында қабылдануы:
A) Қабылдаудың мағыналылығы
B) Қабылдаудың тұтастығы
C)& Қабылдаудың тұрақтылығы
D) Қабылдаудағы иллюзия
E) Галлюцинация
*****
Сезімтал жасушалардың сыртқы ортадан әсер алуымен сипатталатын барлық тірі ағзаларға тән дамудың қарапайым сатысы:
A) Дамудың перцептивтік сатысы
B)& Дамудың сенсорлық сатысы
C) Дамудың интеллектуалды сатысы
D) Филогенез
E) Онтогенез
*****
Темпераментті алғаш сипаттаған кім
A)& Гиппократ
B) Фалес
C) Аристотель
D) Демокрит
E) Платон
*****
Бір нәрсені білуге санадан тыс ұмтылу:
A)& Қызығушылық
B) Білуге құмарлық
C) Табандылық
D) Жан-тәнімен берілу
E) Импульсивтілік
*****
Іс-әрекеттің табысты орындалуын жасау және оның жеңіл меңгерілуіне, шешімділігіне себепші болатын жеке тұлғаның даралық психологиялық ерекшелігі:
A) Талаптанушылық
B) Дарындылық
C)& Талант
D) Нышан
E) Данышпандық
*****
Толып жатқан объектілердің бірін таңдап алудан көрінетін
қабылдаудың заңдылығы:
A) Иллюзия
B) Галлюцинация
C) Қабылдаудың мағыналылығы
D) Қабылдаудың тұтастығы
E)& Қабылдаудың таңдамалылығы
*****
Қабылданған объект тұтас болады, оның мән-жайы сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Бұл қабылдау заңдылығының қайсысына тән
A) Қабылдаудың тұтастығы
B) Қбылдаудың таңдамалылығы
C) Структуралы қабылдау
D)& Қабылдаудың мағыналылығы
E) Апперцепция
*****
Бұл қасиет бойынша заттар мен нәрселердің сыртқы түріне қарай бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрде қабылдаймыз:
A) Қабылдаудың тұрақтылығы
B) Қабылдаудың таңдамалылығы
C)& Қабылдаудың тұтастығы
D) Қабылдаудың мағыналылығы
E) Структуралы қабылдау
*****
Адамды жаңаны іздестіруге итермелейтін оның ақыл-ой іс-әрекетімен
байланысты cезімдері:
A)& Интеллектуалды сезім
B) Адамгершілік сезім
C) Тәжірибелік сезім
D) Эстетикалық сезім
E) Эмоция
*****
Нақты қажеттілікті қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке
итермелеуші күш:
A) Қызығу
B)& Мотив
C) Мақсатқа ұмтылушылық
D) Шешімділік
E) Қажеттілік
*****
Психиканың біртұтас құрылымы қай ағымның зерттеу пәні
A) Бихевиоризмнің
B) Психоанализдің
C) Когнитивтік психологияның
D)& Гештальтпсихологияның
E) Ассоциативті психологияның
*****
Мына бейнелерді жасауда: су перісі, Кентавр — қиялдың жасалу
жолдарының қайсысы пайдаланылған
A)& Агглютинация (желімдеу)
B) Гипербола (әсірелеу)
C) Нақтылау
D) Акцент жасау
E) Типтік бейне жасау
*****
Белгілі мақсат қойып объектіні әдейі қабылдау:
A) Бақылампаздық
B) Зеректік
C) Зейінділік
D)& Байқау, бақылау
E) Көрегендік
*****
Көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып бере алатын ерекше пайдалы қасиет:
A) Байқау
B)& Бақылампаздық
C) Зейінділік
D) Зеректілік
E) Көрегендік
*****
Төмендегі анықтамалардың қайсысы ұстамдылықты анықтайды
A) Алға қойылған мақсатын орындау үшін адам табандылықты көрсете біледі
B) Адамның қиыншылықпен күресу үшін өзінің мүмкіншіліктерін жұмылдыра білу
C)& Қабылданған шешімді іске асыруға кедергі жасайтын ой сезімінің әрекеттерін дер кезінде тежей білу
D) Әрекетке лайық дағдыны игеру
E) Әрекеттің бағытын көрсететін сезім
*****
Сөздік белгілер жүйесі, әрі шындықпен байланысты білдіретін бөлшек:
A) Дыбыс
B) Әріп
C)& Тіл
D) Қатынас
E) Сөйлеу
*****
Мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдармен қарым-қатынастағы сөйлеу қабілетінің бұзылуы:
A) Динамикалық локализация
B)& Афазия
C) Адаптация
D) Деффект
E) Энцефалопатия
*****
Динамикалық афазия, бұл:
A) Сөздерді толық айта алмау
B) Кекештену
C)& Адам сөздерінің реттік құрылымының бұзылуы
D) Ымдау
E) Түсініксіз сөйлеу
*****
Эфференттік қозғалыс афазиясы, бұл:
A) Ымдау
B) Кекештену
C) Толық ойын жеткізе алмау
D) Сөздердің реттік құрылымының бұзылуы
E)& Сөздер мен сөйлемдердің грамматикалық жүйесінің бұзылуы
*****
Жеке тұлғаның басқа адамға, оның қызығуы мен ниеттеріне риясыз бағытталған (кейде өз қызығуларына қайшы келетін) құндылық бағдарлары:
A)& Альтруизм
B) Ізеттілік
C) Сезімге берілгіштік
D) Импульсивтілік
E) Өзіне сенімділі
*****
Өзінікіндей әрекетпен айналысушыларға қиындық тудыруға бағытталған қасақана жасалынатын саналы әрекеттер:
A) Партнерлік
B)& Тай-таластық
C) Ынтымақтастық
D) Ұжымшылдық
E) Конформділік
*****
Келісілген және үйлестірілген бірлескен еңбек әрекетіне ұмтылу:
A) Партнерлік
B) Тай-таластық
C)& Ынтымақтастық
D) Ұжымшылдық
E) Конформдылық
*****
Ым-ишарат, мимика,пантомимика арқылы сөз жүзіндегі емес қарым-қатынас жасау:
A)& Вербальды емес
B) Кекештену
C) Тұтығу
D) Сөздерді буынға бөліп айта алмай қиналу
E) Ымдау
*****
Афференттік қозғалыс афазиясы, бұл:
A) Сөздерді дұрыс қабылдай алмау
B) Кекештену
C) Тұтығу
D)& Сөздерді буынға бөліп айта алмай қиналу
E) Ымдау
*****
Семантикалық афазия, бұл:
A) Сөздері мағынасыз
B) Ойын жеткізе алмау
C) Тұтығу
D)& Әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік
E) Сөздерді буынға бөліп айта алмау
*****
Сенсорлық афазия, бұл:
A)& Сөздерді дұрыс қабылдай алмайды, дыбыстық бөлшектердің мәнісін түсінбейді
B) Сөздерді буынға бөліп айта алмау
C) Сөздің мәнін түсінбеу
D) Тұтығу
E) Кекештену