Ұжымның идеологиялық мақсаттары қоғамдық пікірдің қалыптасуына нақты әсер етеді, ондағы көңіл күй мен өзара қарым-қатынастың жиынтығы ұжымның әлеуметтік-психологиялық жағдайын құрайды. Оның әрекет етуге бейімділігі соларға байланысты. Әскери ұжымдардағы дұрыс пікір, көңіл күй өзара қарым-қатынастың бастауын мектепте жүргізілген тәрбие жұмысының деңгейінде іздеу керек.
БӘД мұғалімінің ұжым психологиясының құрылымдық бөліктерінің табиғаты туралы нақты ақпаратты білуі тиіс.
Қоғамдық пікір ұжым мүшелері бөлісетін тиімді бағалау стереотиптер жүйесі бола тұрып, нормативті ықпалы мен маңызды қозғаушы күші бар. Адамның пікірінде қайта-қайта айтылып күшейген сенімділік, жариялылық, эмоционалдық, үздіксіздік, талап қойғыштық сияқты қоғамдық пікір ұжымның әрбір мүшесіне жетеді, оның тәртібінің реттеушісіне айналады.
Көңіл күй адамдардың тәртібіне, оқиғаға, құбылыстарға, фактілерге ұжымның топтық эмоционалды-бағалау реакциялары болып табылады.Ұжымның жалпы жағымды көңіл күйі сарбаздарда немесе оқушыларда жұмыс қуатын оятады, олардың белсенділігін арттырады, сонымен қатар олардың көңіл күйіне әсер етеді. Сондықтан да командир немесе БӘД мұғалімі өзінің жеке басын үлгі тұта отырып, қарамағындағылардың, оқушылардың биік эмоционалдық рухын жоғары ұстауға қолдау көрсетеді, көңіл күйлерінің нашарлауына жол бермеуге тырысады.
Ұжымдағы психологиялық жағдай мен оның ұйымшылдық ісіндегі құрылымында дәстүрлердің маңызы зор. Әрбір сарбаз әскери ұжымға мүше бола отырып, оның дәстүрлерін жалғастырушы мұрагері болады. Өзінің мазмұнына, көріну саласына қарай әртүрлі болады, бірақ олардың мобилдеуші және тәрбиелік ықпалы ылғи да зор. Әскери ұжымда дұрыс әлеуметтік-психологиялық жағдай туғызу үшін армия мен флоттың әскери дәстүрлері мен аталмыш бөлімшенің ішкі дәстүрлерін үйлестіре білген жөн. Тәрбие процесінде дәстүрлерді белсенді түрде пайдалану жеке құрамның идеялық жағынан өсуіне, оның шеберлігінің шыңдалуына, әскери тәртіптің нығаюына, ұжымның ұйымшылдығына, теріс құбылыстардың туындауының алдын алуға ықпал етеді.
Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас олардың бірлігінің көрсеткіші болып табылады, біріншіден, өйткені оларда жеке тұлғалар арасындағы объективті, әлеуметтік шартты байланыстардың сипаты белгіленген. Күнделікті өзара қарым-қатынаста бір жағынан адамдардың бір-біріне ықпалы жүзеге асырылады, екінші жағынан осы негізде сол және басқа қасиеттерді қабылдау және қалыптастыру. Бұл тәрбие ықпалын саналы түрде меңгеру түріндегі сияқты еліктеу түрінде де болады. Екіншіден, өзара қарым-қатынас жеке тұлғаның ұжыммен және оның мүшелерімен байланыстың күрделі жүйесін құрайды. Яғни, өзара қарым-қатынас барысында көп адамның ықпалы бір адамға басым болады. Үшіншіден, өзара қарым-қатынас сипаты адамдар мен бүкіл ұжымның көңіл күйіне, пікіріне тікелей әсер етеді. Сондықтан да қарамағындағылардың, оқушылардың өзара қарым-қатынас саласы кез-келген басшы ол мейлі бөлімше командирі болсын, не мектептегі БӘД пәні оқытушысы болсын тыңғылықты назарында болады.
Әдетте, өзара қарым-қатынас құрылымында бірнеше саланы бөліп қарайды: қызметтік және қоғамдық – саяси, жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынас. Қызметтік және қоғамдық – саяси қарым-қатынас – қызметтік міндеттерін орындау барысындағы жеке құрамның өзара қарым-қатынас негізі. Бұл қарым-қатынастар кез-келген әскери ұжымның ұйымдастыру құрылымында, ресми құжаттарында, жалпы әскери жарғысында, ереже-нұсқауларында бекітілген. Олар алдын ала белгілі сарбазды ерікті түрде жұмылдырылуына: іс-әрекеттегі өзіндік бақылау, өзіне-өзі бұйыру, өз-өзіне талап қою ережелері мен тәртіп нормаларынан шығады.
Жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым-қатынас (достық пен жек көру, ұнату мен ұнатпау және т. б.) негізінен стихиялы түрде қалыптасады, олар ұйымшылдықпен толтырылмайды, қызметтікке қарағанда көзге онша көріне бермейді. Осы жағдайлар олардың мәнін бағалай білмеу себебіне әкеледі. Шын мәнінде жеке тұлғалық психологиялық қарым-қатынас ұжым өмірінде елеулі рөл атқарады және мұқият көңіл бөлуді, зерттеп білуді талап етеді. Тәжірибеде қарым-қатынастың басқа да топтамалары кездеседі: нормативті – ерікті, танымдық, эмоционалдық.
Нормативті – ерікті қарым-қатынастар заңдар мен жарғылардың талаптары негізінде құрылады.
Танымдық – қызметтік міндетке қатысты процестерге байланысты. Техниканы ұнататындар, кітап оқығанды жақсы көретіндер, бөлімнің әскери жолын, оның дәстүрлерін оқығанды ұнататындар үйірмелері сөйтіп құрылады.
Бұл жерде адамдарды танымға, саяси, қызметтік, тұрмыстық ақпараттармен өзара алмасуға деген ұмтылыс біріктіреді.
Эмоционалдық қатынастар нақты сезімдер негізінде туындайды: оптимистік, танымдық, қанағаттану немесе керісінше сары уайымға салынушылық, өкпе-наз, жабырқаулық.
Алғашқылары өзара қарым-қатынастың қабылданған нормалары құруға ықпал етеді, кейінгілері олардың бұзылуына әкеп соғады. Командирдің, БӘД пәні оқытушысының міндеті – осы нормаларды жеке құрамның, оқушылардың өзара қарым-қатынасына оң эмоция шеңберінде енгізу. Бөлімшелерде әдетте, әскери жолдастық, достық рухында енген әскерилер арасындағы өзара жарғылық қарым-қатынас болады.
Болашақ сарбаздарды мұндай қарым-қатынасқа әскерге дейін, оның ішінде мектептегі бастапқы әскери дайындық сабақтарын оқыту үрдісінде дайындайды. Жарғылық өзара қарым-қатынасты қалыптастырудың жағдайлары көп. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:
- жұртшылыққа сүйенетін, командир мен басшылардың келісілген күшімен шебер ұйымдастырылған, сарбаздардың адамгершілік идеялық тәрбиесіне бағытталған белсенді жұмыс;
- сарбаздарды жарғылық өзара қарым-қатынас принциптерін дұрыс түсінуге, нақты жағдайда оларды іске асыруға бағытталған түсініктеме жұмыстары;
- жарғы талаптарына сәйкес қатаң тәртіпте жеке құрамның өмірі мен қызметін практикалық жолмен ұйымдастыру;
- сарбаздарға деген жеке және сараланған ыңғай таныту, әскери қызметшілердің әрбір тобының ерекшелігін есепке алу.
Басшы бүкіл ұжымға, жекелеген топтарына және әскери қызметшілер тобына, жастар активіне, нақты бір сарбазға ықпал етеді. Өзара байланыс ықпалының сипаты ұжымға сәйкес қатынас жүйесін қалыптастырады. Әскери ұжымдағы өзара қарым-қатынастың мұндай түрі бедел сияқты екенін айрықша атап кету керек, яғни бір адамның психологиялық (немесе бір топ адамдардың) басқа адамдарға ықпалы, мысалы, офицердің солдатқа, мұғалімнің оқушыға, ұжымның жеке тұлғаға және т.б. Беделдің әлеуметтік-психологиялық құбылыс сияқты бірнеше құрамы бар: әскери жарғының беделділігі, лауазымның және әскери атақтың, әскери қызметшінің жеке беделі. Әсіресе әскери қызметшінің жеке басының беделі маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
- Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
- Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
- Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.