АЛА БҮЙІ

АЛА БҮЙІ (Araneus diadematus) — өрмекші отрядына жататын буынаяқты жәндік. Денесі біріккен бас-көкіректен және құрсақтан тұрады. Бас-көкірегі тұтас қалқанмен қапталған. Құрсағының артқы ұшында өрмек бездерінің өзегімен жалғасқан 3 жұп өрмек сүйелдері бар. Олардың бір жұбынан жуантық берік өрмек, екінші жұбынан қорегін аулайтын жабысқақ өрмек, үшінші жұбынан пілдеге жұмсалатын жіңішке жіп тәрізді өрмек шығады. Қорегін аулау үшін ұрғашы А. б. аулағыш тор тоқиды. Ауға түскен қорегін аудын ортасынан созылған жіптің қимылынан сезеді. Қорегін күйіс аяғымен қармап, өрмек жібімен шырмап, орап тастайды да, жеміне уын жібереді. Уы жемін өлтіріп қана қоймай, оны қоймалжың сұйықтыққа айналдырады да, жұтқыншағы арқылы сорып алады. А. б. жұмыртқасын күзде піллә ішіне салады. Одан көктемде балалары өсіп өнеді. А. б. зиянды бунакденелілерді жеп, а. ш-на көп пайда келтіреді. Қазақстанда орманды, бұталы, тоғайлы жерлерде, бақтарда кездеседі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *