АҚ ЭМИГРАЦИЯ

АҚ ЭМИГРАЦИЯ — Ақпан төңкерісінен бастап (1917) Азамат соғысы аяқталғанға дейінгі аралықта (1921) Кеңестік Ресейдің территориясын тастап, басқа елдерге қоныс аударғандар. Олардың қатарында империяны билеген үстем тап өкілдері, капиталистер, помещиктер, ақ генералдар мен офицерлер, патша шенеуніктері мен бурж., ұсақ бурж. және ұлттық партиялардың қайраткерлері, интеллигенцияның біразы, Қызыл Армия талқандаған ақ гвардия әскери құрамаларында болған қатардағы солдаттар, қазақтар, шаруалар, жалпы айтқанда, бұрынғы Ресейдің барлық сословиелерінің өкілдері — 2 — 2,5 млн-дай адам болды. Уақытша үкімет елшіліктерінің қызметкерлері де шет елдерде қалып қойды. Олар, негізінен, Балқан елдеріне, Чехословакияға, Қытайға, Германияға, Польшаға, Францияға, Финляндияға қоныстанды. Стамбұл, София, Белград, Прага, Берлин, Париж қ-ларында шоғырланды. Генералдар В. Толстов, Б. Анненков, А. Дутов басқарған Орал, Жетісу, Орынбор армияларының қалдықтары Түркия мен Қытайға өтіп кетті. Монархияны қалпына келтіруді көздеген көптеген ұйымдар құрды. Көпшілігі Антанта елдеріне, біразы Германияға арқа сүйеді. Мақсаттары большевиктер өкіметін құлату болғанымен оларда саяси бірлік кетіспеді. А. э. құрамында қазақстандықтар да болды. Мұстафа Шоқай, Райымжан Мәрсеков, Ыбырайым Жайнақов, Әсет Найманбайұлы, Зият Шәкерімұлы кеңестік қоғам құрылысымен келіспегендіктен шетелге кетті. 

АЛА әд-ДИН ӘЛИ әл-ҚҰСШЫ, Ала әд-Дин Әли ибн Мұхаммед әл- Құсшы (шамамен 1403, Самарқан — 1474, Стамбұл) — астроном, математик, Ұлықбектің Самарқандағы астрономиялық мектебінің өкілі. Самарқанда, Керманда білім алған. Самарқанға оралған соң Ұлықбек обсерваториясының негізін қалауға ат салысты. А. әд-Д. Ә. әл-Қ Ұлықбектің астрон. кестесін (“Жаңа астрономиялық кестені”) жасауға үлкен үлес қосты. Ұлықбек қайтыс болған соң, Самарқаннан кетуге мәжбүр болды. 1473 ж. Стамбұлға келіп, медреседе дәріс берді. Осман сұлтаны Мұхаммед хан ІІ-ге (1451 — 81) арнаған әйгілі “Мұхаммедия” атты еңбегін жаздьі. А. әд-Д. Ә. әл-Қ-ның бұдан басқа “Арифметика туралы трактат”, “Астрономия туралы трактат”, “Ай пішінді фигураларды шешу”, “Фатхия”, “Гурган кестелеріне түсініктеме” атты трактаттары бар. 

АЛАБОТА — Солт. Қазақстан обл-ның шығысында, Ертіс алабына орналасқан тұйық, тұзды көл. Су алабы 2270 км2. Аум. 22,4 км2. А-ға оңтүстігінен Жарық, Жаңасу өзендері келіп құяды. Батыс, солт. және шығыс жағалауы жарлы, оңтүстігі батпақты, қамысты келеді. Көлден алабұға, шортан, табан балық ауланады. Қарашада мұзы қатып, сәуірдің 2-онкүндігіңде ериді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *