Тұлғаның қазіргі психологиялық  концепциялары

 

  • К. Левиннің тұлға теориясы туралы түсінік
  • Тұлға және Маслоудың психологиялық концепциядағы мотивация деңгейлері
  • Леонтьевтің қажеттіліктер және финоменологиялық және құндылық айырмашылығының концепциясы
  • В. Франклдың тұлға теориясы. Келлидің тұлғааралық құрылым концепциясы

 

Мотивациялық теориялардың дамуының келесі күрделі кезеңі xx ғ.30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшін түсіндіруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегі психология ғылымындағы негізгі психологиялық бағыттардың немесе мектептердің ғылыми зерттеу жұүмыстары мен тікелей байланыста дамыды.

Гештальт психологиясының өкілі — К. Левиннің “мотивацияның динамикасы” теориясы. К. Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүріс-тұрыста ,кейіннен коллективті жүріс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өріс”ұғымын “психологиялық кеңістік”ұғымымен сәйкестендірді. К. Левин концепциясы бойынша адам жүріс-тұрысының негізгі қозғаушы күші -өмірлік психологиялық кеңістіктегі адамдардың мотивтерінің ішкі шиеленісі. К. Левин және Э. Толмен көзқарастары негізінде жүріс-тұрыс екі өзгермеліден: а) бір нәрсені күту: ә)мотивтерге айналатын құндылықтар ретінде қарастырылады.

К. Левин бойынша, адам өзіне-өзі берген тапсырмалар негізінде “квази қажеттіліктер”-соны орындауға деген қажеттілік пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,іс-әрекетте шынығатын шиеленістер жүйесін шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгізсе, онда бұл іс-әрекет қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.

Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделі теориялардың бірі, америкалық психологтар Д.Макклелланд, Д. Аткинсон және неміс психологы Хекхаузен ұсынған іс-әрекет түрлеріндегі — “табысқа жету мотиві”. Д. Аткинсон және К. Берчтің “аисторическая и афизологическая” мотивациялық теориялары.

“Үшінші күш” ретінде танылған жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір бағыты “өркендеу теориясы” деп аталады. Бұл теорияны гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К. Роджерс және К. Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетілуге тапынуын өз мүмкіндігін жүзеге асырылуын белгіледі.

А. Маслоудың мотивацияның “тұлғалық” теориясының негізінде өз-өзін актуализациялау концепциясы жасалған. Негізгі еңбектері: “Мотивация и личность” (1954,1957). А. Маслоу осы уақытқа дейін адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибе жасау арқылы қол жеткізуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы бойынша ,әрбір адамда өмірге келген сәттен бастап ,бегілі-бір қажеттіліктер жүйесі бірге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлініп орналасқан. Қажеттіліктердің деңгейі неғұрлым төмендеген сайын,оның адам өмір сүруі үшін маңызы күрделеніп ,адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші ретінде маңызы артады. Осы төмендегі деңгеідегі қажеттіліктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттіліктері бой көрсете бастайды.

— Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, демалу, шөл,жыныстық қатынас);

— Қауіпсіздік қажеттіліктері (өзін сәтсіздік,қорқыныш жағдайларынан қауіпсіз сезіну, өз-өзін қорғау қажеттілігі):

— Сүйіспеншілік және өзін қабылдау қажеттілігі (өзінің белгілі бір ортада қабылдануы,ұнатуы сезімдеріне бөлену қажеттілігі):

— Өзін құрмет тұтуға қажеттілік (өзінің қажеттілігін сезіну,біліктілік,табысқа жету,құптау,жетістігін мойындату):

— Өзін жүзеге асыруға немесе жетілдіруге қажеттілік (өз мақсатын,қабілеттерін жүзеге асыру,жеке тұлғасын дамыту)

Бұл теория бойынша, ең маңыздысы өз-өзін актуализациялауға жүзеге асыруға бағытталған. Өзін-өзі актуализациялау, олар арқылы адамның даралығының қалыптасуы бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады өзін-өзі актуализациялаудағы қажеттілік негізінде адамда белгілі бір жеке адамдық қасиеттердің жиынтығын дамытуға мүмкіндік беретін мотивацияның ерекше типі қалыптасады. Жүріс-тұрыс қажеттіліктермен қабілеттерге тәуелді және ішкі, сыртқы мотивтер арқылы анықталады.

XХ ғ. 2-ші жартысында адам жүріс-тұрысының мотивациясын түсіндіруде “әлеументтік қажеттіліктер” мен “гуманистік” теориялардың маңызы зор болды. Оның өкілдері Д.Актинсон, Ю.Роттер, Г.Маррей, Г.Хекхаузен, Г.Келли, А. Маслоу т.б. мотивация сферасының жан-жақты феномендерін қарастырғанымен, бәріне бірдей ортақ жақтары бар олар:

— Адам және жануар жүріс-тұрысын бірдей түсіндіретін біртұтас, әмбебап мотивациялық теория жасау мүмкін еместігін мойындау:

— Адамның мотивациялық қозғаушы күші тек ішкі шиеленісу деңгейімен сипатталмайтындығына сендіру:

— Адам мотивациясының қозғаушы күші оның белсенділік приципінің негізінде адам психологиясына байланысты екенін бекіту:

— Адам жүріс-тұрысының сана арқылы реттеліп отыратындығы:

— Адам мотивациясына ғана тән ерекшеліктерді (әлеуметтік қажеттіліктер,мотив,өмірлік мақсат,танымдық фактор)бөліп шығару:

— Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшін жануарлардың жүріс-тұрысын зерттеуде қолданылатын әдістерді теріске шығару:

— Адам мотивациясын зерттеуге арналған әдістерді іздеу және оны санамен,тілмен байланыстыра отырып жүргізу:

Мотивацияның адам жүріс-тұрысын түсіндірудегі жаңа психологиялық концепциялары арасында адам білімі мен санасына ерекше маңызды орын беретін мотивацияның когнитивті теориялары жоғары орын алады. Іс-әрекетке ынта адамдарда тек эмоцияның әсерінен ғана емес,сонымен бірге танымның ықпалымен де пайда болуы мүмкін. Осы кезде дүниеге келген,қазіргі кезге дейін адам жүріс-тұрысын түсіндіруде көп қолданылатын теориялардың бірі — “Мотивацияның когнитивті” теориясы. Бұл теория бойынша негізгі мәселе адам санасы мен біліміне,оның танымымен байланысты феномендерге тікелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негізгі ұғымдары – когнитивті диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшін құндылығы, сәтсіздікке ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейі. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста, өзара әрекеттестікте болатын мотивациялық феномендер.

Бұл факторға алғашқылардың бірі болып көңіл аударған – “Когнитивті диссонанс” теориясының негізін салушы Л.Фестингер. оның мотивация теориясы әлеуметтік психология мен биология негізінде қалыптасқан. Негізгі еңбегі – “Теория когнитивного диссонанса” (1958). Оның пікірінше, адам бойындағы жалпы әлем туралы және өзі туралы білімдер жүйесі өзара келісімге ұмтылады. өзара келіспеушілік немесе дисбаланс орнаған жайдайда адам оны шеттетуге, бәсеңдетуге ұмтылады.

Бұл теория бойынша, адамда өзі қабылдаған шешіміне маңызды құндылық беру және осы таңдауының жалғыз, дұрыс шешемі екендігін ақтайтын психолоогиялық қорғаныс жүйесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар қабылданған шешімді жоққа шығараруға, жармсыздығын дәлеледеуге қосымша фактілер іздеп, сол арқылы өз шешеімінің дұрыстығына көңіл қояды. Когнитивті диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек адам өзін келіспеушіліктің негізгі себепшісі ретінде түсініп, өзін тікелей жауапты сезініп, уайымдағанда пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *